Ұлттық біріңғай тестілеуіне өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған
нұсқаулық
Бұл қосымша ұлттық бірыңғай тестілеуіне қатысуға өтініш қабылдауы үшін
әзірленген. Қосымшаны іске қосу үшін, браузердің мекен-жай енгізу жолына
https://app.testcenter.kz/auth
мекен-жайын енгізесіз және ашылған парақшада интерфейс тілін
таңдайсыз.
1-сурет. Интерфейс тілін таңдау
Тестіленуші өз ыңғайына қарай қажетті қазақ немесе орыс тілін таңдай алады (1-
сурет). Тіл таңдағаннан кейін Кіру/Тіркелу парақшасы ашылады (2-сурет).
2-сурет. Кіру/Тіркелу парақшасы
Бұл парақшада Ұлттық тестілеу орталығының логотипі және интерфейс тілін
ауыстыру батырмасы орналасқан. Тестіленуші өтініш беруі үшін, қосымшаға электронды
мекен-жайы арқылы тіркелуі қажет.
Тіркелу
3-сурет. Тіркелу әрекеті
Қосымшада тіркелуден өту үшін (3-сурет) келесі мәліметтерді енгізу қажет:
-
Электронды мекен-жай (бұл мекен-жай әрі қарай қосымшаға кіру үшін логин
ретінде пайдаланылатын болады).
Мәліметтер енгізілгеннен кейін «Тіркелу» батырмасын басасыз және сол поштаңызға
растайтын сілтемесі бар хат жолданады (4-сурет).
4-сурет. Тіркелуді растау үшін электронды мекен-жайға хат жолдануы
Тестіленуші міндетті түрде поштасына келген хатты ашып батырманы басу арқылы
көрсетілген сілтемеге өтуі қажет (5-сурет) және хатта келесіде жеке парақшасына кіруі
үшін құпия сөзі де көрсетіледі. Хат «Кіріс» жәшігінде болмаған жағдайда, «Спам»
жәшігін тексеру қажет.
5-сурет. Электронды мекен-жайға келген хат
Келген хатта «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басу арқылы
тестіленушінің деректерін толтыру парақшасына өтесіз (6-сурет).
6-сурет. Тестіленушінің жеке мәліметін енгізу
Достарыңызбен бөлісу: |