Ұлттық экономика және оның динамикасы. Ұлттық экономика



Дата07.02.2022
өлшемі21 Kb.
#90009
Байланысты:
ұлттық экономика


Ұлттық экономика және оның динамикасы.
Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).
Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.
Экономикадық өсу экономикадағы прогрессиялық қозғалысқа байланысты деп бiр анықтама келтiрсек, ал екiншi экономикалық өсу бұл - халық басына шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:
- Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды;
- Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады;
- Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс;
- Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты;
- Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.
Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:
- Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс;
- Бос уақыттың өсуi;
- ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi;
- Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi.
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар: өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар бойынша нақты бөлу; шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Ұлттық экономикада материалдық игіліктерді, көрсетілетін қызметтер мен рухани құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну ажырамас кешен болып әрекет етеді
Ұлттық экономика екі түрге бөлінеді: 1)материалдық өндіріс салалары 2) әлеуметтік орта салалары
Материалдық өндіріс салаларына өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру жатады.
Әлеуметтік бөлім салалары білім беруді, іргелі ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті, тұрғын-үй-коммуналдық қызмет көрсетуді, спорт, туризмді қамтиды.
Ұлттық экономиканың негізгі субъектілері үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет, сыртқы субъектілер болып табылады.
Үй шаруашылықтары- бұл өндіріс факторларының меншік иелері, олар ресурстарды іске асырудан кірістер алады және кірістерді тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға пайдаланады.
Фирмалар — ресурстарға (инвестициялық) сұраныс ұсынады, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіреді және ұсынады, инвестициялайды.
Мемлекет — бұл ұлттық экономиканың басқа субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін және қоғамдық мақсаттарға қол жеткізу үдерісін қамтамасыз ететін орган
Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы.
Реттеу әдістері: 1. Әкімшілік 2. Құқықтық 3. Экономикалық 1)мемлекеттік тапсырмалар, бұл мемлекет тарапынан баға жобалар, бағдарламалар шығарылған заңдар, несиелер 2) лимиттер мен квоталар жарғылықтар, шешімдер, салықтар (шектеулер) қаулылар ақша саясаты 3) әлеуметтік төлемдер
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты- әл-ауқатты өсіру мен Ұлттық байлықты арттыру.
Экономикалық өсудің негізгі факторлары: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негізгі капитал, ғылыми- техникалық прогресс; мемлекеттің экономикалық саясаты.
Макроэкономикалық тұрақсыздық- бұл бәрінен бұрын экономикалық белсенділіктің өзгерістері, жұмыссыздықтың пайда болуы, өндірістік қуаттардың толық жүктемеленбеуі, қағаз ақшаның құнсыздануы, мемлекет бюджетінің тапшылығы.
Инфляция- тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген бағалардың жалпы деңгейінің өсуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет