Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары: Қазақ әдет-ғұрып құқығының негiзгi белгiсiн атаңыз.
Қазақ әдет-ғұрып құқығының неше қайнар көзi?
Қазақ әдет-ғүрып құқығы бойынша мұрагерлік құқық?
Қазақ әдет-ғұрып құқығында тоғыздың қанша түрi болды?
Талион прнинципi нені бiлдiредi?
Қалыңдықтың ата-анасына күйеудiң туысқандарының сыйлығы қалай аталды?
Әдет-ғұрып бойынша жоғарғы қалың мал қанша мал көлеміне теңестiрiлдi?
Әменгерлiк- бұл…
Қазақ Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық құқық
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қай белгiлері бойынша әрекет қылмыс болып есептелдi?
Құн, Айып дегеніміз…
Қазақ қоғамында сот және сот процесі
Әдет-ғұрып құқығы бойынша кімдер куәгер бола алды?
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша кімдер ант бере алды?
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: ҚР мемлекет және құқық тарихыКредит саны:___________ Дәріс № 7______Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________ Дәріс тақырыбы Қазақстан Ресей империясының құрамындаФакультет_________ ____
Оқытушы ______________________________Академиялық жыл_2010-2011_______
Курс _1________________________Семестр 2__________ Дәрістің мақсаты:
Қазақ жерінің патша үкіметіне қосылу себептері, отарлау саясатының тереңдеу салдарын көрсету.
Жоспары:
1.Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері.
2.Абылай ханның реформалары.
3.Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы.
4.Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822-жылғы Сібір қырғыздары туралы Устав.
5.Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824-жылғы Орынбор қырғыздары туралы Устав.
6.Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар.