Ағартушылық жолында Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақты болысында, Қарқаралы уезімен Қостанай қалаларында, ауылдық, облыстық мектептерде, екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде қызмет етеді
Ағартушылық жолында Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақты болысында, Қарқаралы уезімен Қостанай қалаларында, ауылдық, облыстық мектептерде, екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде қызмет етеді.
Ахмет Байтұрсынұлының ел ішіндегі өмірінің айтулы бір кезеңі 1896 жылы Омбыға барып, Ақмола, Семейдегі қазақ-орыс мектептерінің үстінен қарайтын А. Алекторовпен жақсы танысып білісуі болды. Өз басы қиыншылықтың сан түрін өткерген Ахмет Алекторов, Ильминский секілді миссионерлермен жақындаса түседі. Жақындасқан сайын өзінің азаматтық күрескерлік бет-бейнесі айқындала түседі. Осы жол оны саясатпен айналысуға, ғылым жолына түсуге, жиған - терген, білгенін халқына қайтару жолына алып келеді.