«Ұлттың Ұлы ұстазы». Адамдық диқаншысы қырға шықтым



бет5/31
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#130948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
А. Байтұрсынов 150 жыл

Ақыры, Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі- қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. “Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында “Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері қазақ АКСР- нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол съезде А. Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің ҚАЗАҚ деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді. Кеңестер бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР- і деп атауға шешім қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет