А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы… Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған. Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.
Достарыңызбен бөлісу: |