«Аударыспақ» Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.
«Теңге ілу» Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді.
«Санамақ» Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек.
«Тасымақ» Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады.
«Тасымалдау» Екі-екіден қарама-қарсы 3-4 жерге 4 орындық қойылады.Сол орындықтың екеуінің үстіне бес-бестен қасық қойылады.Ойын бастаушы екі адамның ортаға шығарып ойынның шартын түсіндіреді.Шарт : 5 қасықты әр қайсысында тұрған бос орындыққа бір-бірлеп көшірлкі керек.Ол үшін екі ойыншының көзін таңып қояды.Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру ,егер қарсыласының орындығына қойса, онда шатасқаны.Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріеді.