Ұлттық ойындардың ТҮрлері және жастардың дене дайындығын қалыптастырудағы ерекшеліктері



Дата15.09.2017
өлшемі219,43 Kb.
#33937
ӘОЖ:796.07
О.Қ.Дуйсенов
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа

Бұл мақалада жастардың бойындағы ағзаның белсенді физиологиялық қайта дамуы, жетілуі байқалады, яғни жас жеткеншекті ер бала мен қыз баланың бойында дене, психикалық және өнегелі өзгерістер болады. Өз уақытысында шаралар қолданылмаса, әлеуметтік бейімдеушілік күрделенуі мүмкін. Жас ерекшелікті ескере отырып жоғарғы жүйке жүйелерінің әрекеттері өзара қарым-қатынас; психолог, дәрігер, ата – аналар, қоғамның тарапынан өз кезегінде көмектер көрсетіп отыруы тиіс екені анықталған. Салауатты өмір салтын жүргізуде оқушыға жан-жақты әсер етіледі. Әдебиеттерге шолу, талдау жасау және біздің педагогикалық тәжірибеміздің анықтауынша, салауатты өмір салты мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: оптимальды қозғалыс режимі, жеке гигиена, тиімді тамақтану, антиәлеуметтік әдеттерді қабылдамау, берілмеу (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық), оң эмоция беру қарастырылған.



Түйін сөздер: Білім беру, оқытып, үйрету, бағдарлау, өздігінен дамыту, дене дайындағандығы, дене тәрбиесі.
Дене тәрбиесінің түрлерінің тиімділігін арттыру мақсатында ұзақтығы 30-40 минуттан кем болмайтын жалпы дене дайындығы бойынша апта сайын сыныптан тыс қосымша сабақтар ұйымдастырылады. Оларды мектеп мұғалімдері ғана емес, қоғамдық нұсқаушылар да жүргізе алады. Жоғары сынып оқушыларының дене және әскери-қолданбалы дайындығын жақсарту үшін сабақтан тыс уақыттарда «Өжет» әскери-спорттық ойынының, түрлі шаралары пайдаланылады.

Төменде әскер қатарындағы бастапқы жылы дене дайындығынан қойылатын талаптарды келтіре кеткенді жөн санадық. (1 Кесте.)


Кесте талаптар

(1 Кесте.)



р/с

Жаттығұлар



Бағалар

үздік


жақсы

қанағат танарлық

1

Кермеде тартылу, саны

12

10

6

2

Кермеде аударылып көтерілу, саны

6

5

3

3

Қос сырықта таянып тұрып бұрыш жасау, саны

12

10

9

4

16 кг кір тасын көтеру, саны

28

24

18

5

Еркін әдіспен 100 м жүзу, мин., с.

1.50

2.5

2.35

6

5 кг – ге шаңғы жарысы, мин.

27

28

30

7

600 г гранатты лақтыру, м

40

35

30

8

3 км-ге дала жарысы (кросс),мин, с.

12.20

12.40

13.20

Жасөспірімдердің дене және бастауыш әскери дайындық тәрбиесінде дене жаттығуларымен жүйелі айналысу қажеттілігі артады. Қозғалыстағы дағдыларын меңгеру және дене қасиеттерін жетілдіру үшін дербес тұрақты жаттығу қажеттілігі қалыптасады, болашақ жауынгерлердің дене дайындығына қойылатын талаптар туралы білімдер жинақталады.

Әскерге шақырылуға дейінгі психологиялық даярлық проблемалары барлық педагогикалық ұжымдардың, өндірістік, ауылшаруашылық, кәсіпорындарының, соғыс ардагерлерінің, әскери бөлімшелердің, ағарту саласында жұмыс істейтіндердің және оқу-тәрбие жұмысына өзге де белсенді түрде қатысушылардың көп күш жұмсағанында ғана шешілуі мүмкін.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жеделдеуі халық шарушылығына қажетті сапалы да жоғарғы білімді, белсенді, дене және ақыл-ой еңбегіне қабілетті мамандарды даярлауда және олардың денсаулығын сақтауда дене тәрбиесі маңызды роль атқарады. Қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық жүйенің тұрақты дамуы жағдайында оқушы-жастар ағымдағы ақпаратты қабылдап, еліміздегі денешынықтыру қозғалысының басты бағытын анықтай алады. Дене тәрбиесі арқылы әрбір адам жастайынан денсаулығын сақтап, салауатты өмір сүру бағытында үлкен нәтижеге жете алады. Мысалы, студенттің өсіп-жетілуі, жан-жақты дамуы жоғарғы оқу орнына арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында қойылған талаптар то- лық көлемде іске асырылғанда, сабақта және сабақтан тыс уақытта ұлттық спорт түрлері мен ойын түрлерін дұрыс пайдаланғанда және мамандырылған қолданбалы дене тәрбиесінің мүмкіншіліктерін шебер қолданғанда ғана мүмкін болады деп есептейміз. Қазіргі кезеңдегі ұлттық спорт түрлері мен ойындарының негізгі максаты дене тәрбиесін жетілдіру және дамыту.

Ойын - тарихи құбылыс. Ұлттық ойын ұлт тарихына, оньң мәдениетіне жетелейтін соқпақ сияқты. Ұлттық ойында халық дәстүрі мен салт-санасынан туындаған ұлтқа тән ой-өріс, сапа, дене тәрбиесінің қажетті деп саналатын түрлері көрініс табады. Мысалы, батылдық, төзімділік, сабырлық, көздемпаздық, мергендік, шапшандық т.б. сияқты сапаларды тәрбиелеуге бағышталған. Қазақ ұлтының дене тәрбиесінің формалары мен тәсілдерін қазіргі кездегі педагогикалық тәрбие ісінің негізіне кеңінен пайдалану мәселесі әр кезеңде де сөз болады деуге болады. Бұл мәселемен шұғылданған зерттеушілер де бар. Қазақтың ұлттық ойындарының тарихын республикамыздағы дене шынықтыру мен спорт тарихын байланыстырып, жарыстыра қарастырған М.Т.Тәнекеев, Б.Төтенаев сияқты зерттеуші ғалымдардын еңбектерін айтуға болады, Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарын жинап, құрастырып, оны өткізудің, пайдаланудың әдістемелік жолдарын құрастыратын Ә.Бүркібаев, А.Молдағаримов еңбектері де ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында пайдалануға мүмкіндік береді. Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы мектептегі, бала бақша-сындағы, жоғарғы оқу орындағы дене тәрбиесі жүйесіндегі маңызына, оның формалары мен түрлеріне арналған бірнеше еңбектерді, Е.Сағындыковтың, Ж.Төлегеновтың, Ж.Хайдаровтың, М.Тұрыскелдинаның, Қ.Құлановтың, т.б. кандидаттық диссертацияларын атап көрсетуге болады. Дене тәрбиесі сабақтарында түрлі ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімділігі және оны пайдаланудың жолдары туралы жекелеген мақалалар мен әдістемелік нұсқаулар баспадан жарық көрді[1, 62-69 б.].

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының мазмұны, формалары мен түрлері жан-жақты тәрбиені қамтиды. Мұнда жасөспірімдерді шымыр да шапшаң етіп тәрбиелеумен бірге көптеген этикалық мәндегі мінез-құлықты тәрбиелеуте, қалыптастаруға, дамытуға да зор мүмкіншілік бар. Бұл әдістемелік құралдан мұғалімдер мен жаттықтырушылар, студенттер, дене тәрбиесі ісін ұйымдастырушылар жоғарғы оқу орындағы дене тәрбиесі ісін жетілдіруге қажетті кейбір жайларды таба алады.

Республикамыздың қазіргі қоғамдық - әлеуметтік дамуы ұлттық спорт түрлері мен ойынды өз деңгейінде дамыту ісін заман талабына сай қарастыруды қажет етеді.

Ұлттық спорт түрлері мен ойындардың мәдени де, рухани да мүмкіншіліктері мол. Қазіргі заманға сай салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықты шынықтыруға тигізетін пайдасы зор. Мысалы, қазіргі кезде қайта жаңғырған Наурыз мерекесі ұмыт болған ұлттық ойындар мен сайыстар түрлерін жандандыра түсуге зор ықпалын тигізіп және оларды халық арасында кеңінен насихаттауға жол ашып беріп отыр.

Ұлттық спорт түрлері мен ойындар түрлері көптеген мектептерде, оқу орындарда Наурыз мерекесінде кеңінен насихатгалып, түрлі формада қайта жаңғыртылуда. Тек мереке сайыстарда ғана емес әсіресе, дене тәрбиесі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта олардың түрлерін пайдалануды іс тәжірибеге енгізу ісін кешеуілдетуге болмайды. Себебі тез, шапшаң қимылға негізделген ұлттық ойындар түрлері сабақтың әсерлілігін көтеруге мүмкіншілік береді. Халықтың тұрмыс--тіршілігінің сарқылмас күшін білуге жағдай туады.

Ойын - үлкен қазына, тарихы теренде жатыр, ұлттық ойын мазмұны мен формасы жағынан әр алуан. Бірақ ұлттық дәстүр, салт-санадан туындайтын, солардың көрінісі ретінде қалыптасқан ұлттық ойындар командалық және командалық емес болып бөлінеді. Кейбір ойындар сабақтың дайындык, бөліміне үлкен пайдасын тигізізсе, кейбір ойындар негізгі қорытынды бөлімдерінде пайдаланылады. Көпшілік ойындарды өткізу үшін қымбатқа түсетін спорт құралдарының қажеттігі жоқ. Олар кез-келген аланда, ашық алаңқай жерде өткізіле береді. Міне, бұл тараптан да ұлттық. ойындардың өміршеңдігін баса айтута болады. Ойынның тәрбиелік мәні зор. Далада еркін өскен қазақ халық қажырлылықты, шыдамдылықты, жолдастық көмекке келуді, тез шешім алуды т.б. көптеген саналық қасиеттерді тәрбиелеуге ойынның қосар үлесін ертеден-ақ білген, соған икемделген. Бұл құралда беріліп отырған ойындар адамның табиғи мүмкіншіліктерін арттыруға, жасөспірімдерді шапшаң жүру, жүгіру, нысана көздеу, ату, күш сынасу т.б. сияқты сапаларды жетілдіруге көмегін тигізеді.

Ұлттық ойындарды өткізудін, өзіне тән ережесі, шарттары болады. Ойынға қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар осы ережелерге сай реттеледі. Әр ойында ойнаушыларға ережеге сай әр түрлі шарттар қойылады.

Құралдың бұл бөлімінде қазақтың ұлттық ойындары мен спорт түрлерін ұйымдастыруға жеңілдік беретін әдістемелік кеңес беріледі. Бұл ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да дене шынықтыру мақсатында пайдалануға болады.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері.

Қазақша күрес.

Қазақша күрес тек ұлттық спорт түрі ғана емес, оның аты, маңызы, құндылығы ерекше орында. Мысалы, Балуан Шолақ, Қажымұқан аталарымыз жол салған қазақша және классикалық күрес дәстүрі бүгінде жалғасып, одан әрі дамуда. Бұл күрес бойынша әлемдік, одақтық тұғырларға көтерілген есімдері әйгілі А.Айқанов, А. Ғабсаттаров, А.Мұсабеков, Ш.Серіков, Ж.Үшкемпіров т.б сияқты балуандарды атауға болады.

Қазақша күресте белдесу басталар алдында палуандар белбеудің түсіне сәйкес қызылмен және көкпен белгіленген диоганал бойынша қарама-қарсы бұрышта тұрады. Кілемдегі төреші белгі бергеннен кейін палуандар кілемнің ортасына шығып қол алысады да, содан соң қайтадан орындарына барады. Төрешінің ысқырғанынан соң палуандар кілемнің ортасына қайта шығып, белдесуді бастайды.

Екі палуанның да, белбеуден қалай ұстаймын десе де еркі. Белдесу аяқталған соң палуандар кілемнің ортасына, төрешінің екі жағына шығып тұрады. Нәтиже хабарланғаннан кейін және жеңімпаздын қолын жоғары көтеру рәсімінен соң, палуаңдар тағы да қол алысып, кілемнің үстінен кетеді.

Жаңадан бастап жүрген палуандар үшін жарыс ұзақтығы 6 минут 3 минуттан екі кезең, арасында бір минут үзіліс.

Күрес кезінде палуандар төрешінің рұқсатынсыз кілемнен кете алмайды. Күрес осы уақыт бойына екі палуанның бірі жеңілгенше жүреді.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі - ұлт ойындары. Халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйренудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімдік, тәрбиелік маңызы бар.

Ұлт ойындары — интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлт ойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орын-ды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін, заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарының бірі — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: "Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантыш, көңілін шаттаңдыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған"[2, 122-130 б.].

Қазақ халқының ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріп өрнектелген ой мен әрекеттін, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Қазақ халқының ұлт ойындары негізінен алғанда үш жүйеден тұрады: ойын-сауық, дене шынықтыру, спорт және ой шыңдау.

Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, есе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезеңнде өзге ге үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Амал қанша, кейінгі 50-60 жылдың көлемінде ұлт ойыңдарына көңіл бөліп, елеп-ескермеудің нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Халқымыздың эпостық жырларының бір - "Қобыланды батырды" алайық. Қобыландының жат жұртқа барып, бәсекеге түсіп, алтын (қабақ) теңгені атып түсіріп, мерейінің үстем болуы, Құртқа секілді балауса жастың соншалық білгірлігі ертегіден гөрі шындыққа жақын екенін мойындаған жөн. Бұл — сол заманның шындығы жәие сол заман тәрбиесінін жемісі. Сонымен бірге бұл шындық - жастарға деген зор ілтипат, сенім мен ықыластан туған нағыз халықтық тәрбиенің жемісі.

Ұлт ойындарын семья тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілістерде, ұзартылған күн топтары мен жұмыстары, мектепте өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ойынның түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеліп алынуы тиіс. Ұлттық ойыңдар сонымен бірге сол халықтың даму тарихынан да хабар береді.

Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі — оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары — тіл дамытудың әсерлі құралы.

Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық құрал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғары сыныптарда да пайдасы мол. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатынасып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушының ой – өрісін дамытуға әсер етеді.

Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге құмарлығын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі.

Бастауыш сыныпта математика сабақтарындағы қолданылатын дидактикалық басты принциптердің бірі - көрнекілік. Мұндай көрнекі құралдардың бірі - абақ. Абақ — өзіндік тарихы бар ежелгі есеп құралы. Бұл аспапты арифметикалық амалдарды орындау үшін көне дәуірлердегі гректердің кең қолданғаны туралы тарихи деректер сақталған.

Біздің бақылауымызша, сыныптарда математика сабақтарын оқыту процесінде көрнекті құрал - абақ ретінде, қазақтың ежелгі ұлттық ойыны "Тоғыз құмалақ" тақтасын пайдалануға әбден болады. Тоғыз құмалақ өзінің құрылым — түзілісі жағынан ертедегі есептеу құралы — абаққа ете ұқсас.

Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған ұлт ойындарының бір түрі ой шынықтыру ойындары болса, оның көп қоры бұл күнде ұмыт болып, бізге жетпей отыр.

Халық ойындары ақыл-ойдың дамуышы, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секідді ізгі мақсаттарға жол ашадьг. Сондықтан ойын арқылы әрі тынығады, әрі ұжымдыққа, ұйымшылдыққа үйренеді. Төзімділік, шыдамдылы,қк пен ұстамдылық, өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің алғашқы қажеттігін сезіну де осы ойыннан басталады.

Ұлт ойындарын семья тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілістерде, ұзартылған күн топтары мен жұмыстары, мектепте өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ойынның түрлері оқушылардың жас ерекшелікгеріне байланысты іріктеліл алынуы тиіс. Ұлттық ойындар сонымен бірге сол халықтың даму тарихынан да хабар береді.

Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі - оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары - тіл дамытудың әсерлі кұралы.

Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалык құрал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғары сыныптарда да пайдасы мол. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, енерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылар өздері де ойын элементтері араласққан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсеңді қатынасып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын элементгерін қолдану оқушының ой өрісін дамытуға әсер етеді.

Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге құмарлығын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі.

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді оз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, онын одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ой-ындарынын да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі Тарих ғылымдарынын дәлелдеуі бойынша күні бүгінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар [3, 19-20 б.].

Жаратылыста дене мүсінінің қалыптасуы барлық адамдардікі бірдей бола бермеген. .Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындығы және мүсінді-күштілердің нәзіктеріне қарағанда табиғат кесепатын, зардабын аз тартатындығы осының бәрі жеке бастың мүсін ерекшеліктерінде болды. Осыдан келе жараты-лыстағы кесек тұлғаның табиғат апатыыа қарсы тұрудағы рөлін адамзат сол кезде-ақ ұқты.

Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіл саналы түрде кесек тұлға жасаудың бағытын қарастырып, жеке бастың, өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды. Мұндай жүйеленген дене шынықтыру одан әрі дамып, қалыптасу барысында әр түрлі ойындар мен дене жаттығуларын тудырды. Осыдан барып тайшардың аңға шығардағы жасаған дайындық жаттығулары кезінде "Қарагие" ойынытуды. Бұл ойынға ең алдымен шыдамдық керек, екіншіден мергендік керек, оған коса көздеген затқа дәл тигізе білу үшің қол күші керек, өйткені сырық жас ырғайдан немесе қайыңнан кесіліп дайындалады.

Алғашқы мемлекеттік бірлестік кезінде дамыған халық ойындары жас естірімдердің бір ортада өмір сүруіне және өзара қарым-қатынас жасауға себепкер болғандықтан бұл кезенде қалыптасқан ойындардың көпшілігі түнде, далада ойнайтын ойындар қалыптасты. Мысалы, ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқан тартыс, соқыртеке, тағы басқа ойындар. Осы ойындар күні бүгінге дейін мәнін жоймаған.

"Ақсүйек" ойыны. Бұл ойын жас өспірімдердің жүгіріп, күш көрсетіп ойнайтын ойыны болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілетін арттырып, дененің барлық мүшесін шынықтырып, баланы жүйріктікке, шап-шандыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ қараңғыда жол табуға көзді жатықтырады, төңіректі дұрыс бағдарлай білуге үйретеді.

Қазақтың ертеден келе жатқан спорттық дене шынықтыру ойындарының бірі, қазіргі бізге жеткені -"қазақша күрес". Екі топтан шыққан палуандар қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу, тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бірінің-бірі жауырының жерге тигізгенге дейін күрескен. Ортаға шыққан салмақ ерекшеліктеріне және жасының үлкен-кішісіне қарамай тек өздерінің білек күштеріне сенген халықтың "күш атасын танымайды" деген асыл сөзі осыдан қалса керек.

Қорытынды

Қазақтарда жасөспірімдерді тәрбиелеу тәжірибесінде халықтық ойындар балалар мен жас өспірімдердің жоғары адамгершілік және дене шынықтыру қабілетін дамытудағы негізгі құралы болып табылады. Халықтық ойындарда көптеген тәсілдер жүйесі, үйрету мен тәрбиелеу әдістері жинақталған. Олар ұрпақтан – ұрпаққа таралып, әдеп – ғұрып, салт – сана білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан – жақты түрлендіруде. Халықтық ойындарға ұлттық салт – дәстүрді енгізуде алға басушылық, жандану, жаңару және дене шынықтыру жаттығуларының жақсаруы әсіресе, көп ұлтты балалар мен жасөспірімдер арасында арта түсуде.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Дене шынықтыру. 5-11(сыныптар) // мектеп оқулығы. – Алматы. 2004.

2. Мұхтаров С. Жоғары сынып оқушыларын дене тәрбиесі сабақтарында ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау //Әдістемелік журнал: Алғашқы әскери дайындық. №10, 2004. – 46-47б.

3. № 490-1 «Дене шынықтыру мен спорт туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Алматы. 1999.

4. Әлімбеков Б. Мектеп оқушыларының әркайсысының отан қорғауға дайындық сапасын қалыптастыру. //Әдістемелік журнал: «Алғашқы әскери дайындық». №6, Алматы. 2003. - 34-36 б.

5. Дінмұхкамедұлы А. Орта мектептердегі әскери патриоттық тәрбие жұмыстарының мәні ман мақсаты және оны ұйымдастырудағы педагогикалық талаптар. //Әдістемелік журнал: «Алғашқы әскери дайындық». № 11, Алматы. 2004. -21-25 б.


Аннотация

Дуйсенов О.К. ВИДЫ И ОСОБЕННОСТИ ФОРМИРОВАНИЕ ФИЗИЧЕСКОЙ ПОДГОТОВКИ МОЛОДЕЖИ В НАЦИОНАЛЬНЫХ ИГРАХ //«Педагогика и психология, №1 (26), 2016».

В статье рассматривается улучшение физиологического развития организма для молодежи, юношей и девушек на физических, умственных и нравственных изменений ребенка. Его своевременные меры используются, сложность социальной адаптации. Молодые, принимая во внимание специфику взаимосвязи между действиями центральной нервной системы; психологи, врачи, родители и общество обнаружили, что в свою очередь, должно помочь. Поддержание здорового образа жизни пораженной всеобъемлющий студент. Обзор литературы, анализ, и наш опыт преподавания, что здоровый образ жизни характеризуется следующими особенностями: оптимальный режим движения, личной гигиены, хорошее питание, а не быть антисоциальное отвергают привычки (курение, алкоголь, наркомания), обеспечиваются положительные эмоции.

Ключевые слова: Ориентирование, образование развитие личности, саморазвитие, физическая культура.
Abstract

Duisenov О.К. TYPES AND FEATURES OF FORMATION OF PHYSICAL TRAINING YOUNG PEOPLE IN NATIONAL GAMES // «Pedagogy and Psychology, №1 (26), 2016».



The article deals with the improvement of the body's physiological development of young people, boys and girls to physical, mental and moral of the child changes. His timely measures are used, the complexity of social adaptation. Young, taking into account the specifics of the relationship between the actions of the central nervous system; psychologists, doctors, parents and society have found that, in turn, should help. Maintaining a healthy lifestyle affected a comprehensive student. The literature review, analysis, and our teaching experience that a healthy lifestyle is characterized by the following features: the optimal mode of movement, personal hygiene, good nutrition, and not be rejected antisocial habits (smoking, alcohol, drug addiction), provided with positive emotions.

Key words: Orientation, education, personal development, personal development, physical education.

Для включения в раздел «Наши авторы»
Дуйсенов Оналбек Кынабаевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Дене мәдениеті» кафедрасы dene-tarbiesi@mail.ru
Дуйсенов Оналбек Кынабаевич – кандидат педагогических наук, доцент Международный казахско-турецский университет им. Х.А.Ясави, кафедры «Физическая культура», dene-tarbiesi@mail.ru
Duisenov Onalbek Kynabaevich - Candidate of Pedagogical Sciences, docent, of the department «Physical Culture» of the International Kazakh-Turkish University named H.A.Yasavi, dene-tarbiesi@mail.ru
Для включения в раздел «Содержание»
Дуйсенов О.К. ҚИМЫЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІНЕ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ..............................................................

Дуйсенов О.К. ИГРЫ АНАЛИЗ УЧЕБНОГО ИСТОРИЧЕСКОГО ОБУЧЕНИЯ ………………………….......................................................

Duisenov О.К. GAME ANALYSIS OF HISTORICAL EDUCATION TRAINING.................................................................................................
ӨТІНІШ

«Педагогика и психология» ғылыми-әдістемелік журналына мақала жариялауға


Автордың ТӘА (соавторлардың) толық аттары

Дуйсенов Оналбек Кынабаевич

Мақаланың аты

Ұлттық ойындардың түрлері және жастардың дене дайындығынь қалыптастырудағы ерекшеліктері

Бөлім аты

Педагогика и психология

Ел

Казахстан

қала

Түркістан

Жұмыс/оқу орны

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Атқаратын қызметі

доцент

Ғылыми дәрежесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы

доцент

Хабарласу сымтетіктері

87013528291

Электронды мекен-жай (e-mail)

dene-tarbiesi@mail.ru

Гарантируем соблюдение принципов научной этики (плагиата и ложного соавторства), а также достоверность и уникальность предоставляемой статьи.


ЗАЯВКА

на публикацию статьи в журнале «Педагогика и психология»


Ф.И.О. автора (соавторов)

Дуйсенов Оналбек Кынабаевич

Название статьи

Виды и особенности формирование физической подготовки молодежи в национальных играх

Название раздела

Педагогика и психология

Страна

Казахстан

город

Туркестан

Место работы или учебы

МКТУ им Х.А.Ясави

Должность

доцент

Ученая степень

Кандидат педагогических наук

Ученое звание

доцент

Контактный телефон

87013528291

Электронный адрес (e-mail)

dene-tarbiesi@mail.ru

Гарантируем соблюдение принципов научной этики (плагиата и ложного соавторства), а также достоверность и уникальность предоставляемой статьи.



Реестр


1.

Страна издания журнала




2.

ISSN




3.

Полное наименование журнала




4.

Периодичность выхода журнала




5.

Год, номер, том, выпуск издания




6.

Издательство, место издания журнала




7.

Автор (ы) публикации

Дуйсенов О.К

8.

Место работы автора (ов)

Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави

9.

Код УДК

ӘОЖ:796.07

10.

Название статьи (на языке публикации)

Ұлттық ойындардың түрлері және жастардың дене дайындығынь қалыптастырудағы ерекшеліктері

11.

Аннотация на языке текста публикуемого материала

Бұл мақалада жастардың бойындағы ағзаның белсенді физиологиялық қайта дамуы, жетілуі байқалады, яғни жас жеткеншекті ер бала мен қыз баланың бойында дене, психикалық және өнегелі өзгерістер болады. Өз уақытысында шаралар қолданылмаса, әлеуметтік бейімдеушілік күрделенуі мүмкін. Жас ерекшелікті ескере отырып жоғарғы жүйке жүйелерінің әрекеттері өзара қарым-қатынас; психолог, дәрігер, ата – аналар, қоғамның тарапынан өз кезегінде көмектер көрсетіп отыруы тиіс екені анықталған. Салауатты өмір салтын жүргізуде оқушыға жан-жақты әсер етіледі. Әдебиеттерге шолу, талдау жасау және біздің педагогикалық тәжірибеміздің анықтауынша, салауатты өмір салты мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: оптимальды қозғалыс режимі, жеке гигиена, тиімді тамақтану, антиәлеуметтік әдеттерді қабылдамау, берілмеу (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық), оң эмоция беру қарастырылған.

12.

Резюме на двух других языках, отличающихся от языка публикуемого материала (пример: русс., англ.)

В статье рассматривается улучшение физиологического развития организма для молодежи, юношей и девушек на физических, умственных и нравственных изменений ребенка. Его своевременные меры используются, сложность социальной адаптации. Молодые, принимая во внимание специфику взаимосвязи между действиями центральной нервной системы; психологи, врачи, родители и общество обнаружили, что в свою очередь, должно помочь. Поддержание здорового образа жизни пораженной всеобъемлющий студент. Обзор литературы, анализ, и наш опыт преподавания, что здоровый образ жизни характеризуется следующими особенностями: оптимальный режим движения, личной гигиены, хорошее питание, а не быть антисоциальное отвергают привычки (курение, алкоголь, наркомания), обеспечиваются положительные эмоции.

The article deals with the improvement of the body's physiological development of young people, boys and girls to physical, mental and moral of the child changes. His timely measures are used, the complexity of social adaptation. Young, taking into account the specifics of the relationship between the actions of the central nervous system; psychologists, doctors, parents and society have found that, in turn, should help. Maintaining a healthy lifestyle affected a comprehensive student. The literature review, analysis, and our teaching experience that a healthy lifestyle is characterized by the following features: the optimal mode of movement, personal hygiene, good nutrition, and not be rejected antisocial habits (smoking, alcohol, drug addiction), provided with positive emotions.



13.

Ключевые слова на языке публикуемого материала и на русском языке

Түйін сөздер: Білім беру, оқытып, үйрету, бағдарлау, өздігінен дамыту, дене дайындағандығы, дене тәрбиесі.

Ключевые слова: Ориентирование, образование развитие личности, саморазвитие, физическая культура.

14.

Объем статьи (страницы)

7

15.

Количество иллюстраций

-

16.

Количество таблиц

-

17.

Количество библиографических ссылок

3

18.

из них: на казахстанских авторов

3

19.

Список библиографических ссылок на казахстанских авторов

3


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет