1803-1808 жж. орталық шығармалар. Бетховен түсінігінде өмір – қаһармандық күрес болды, композитор үшін бүкіл адамзатқа бақыт пен шаттық сыйлау және адамдарға үлкен махаббат міндет болғандай.
Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.
«Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.
1809-1812 жж. шығармалары. «Эгмонт». Бесінші концерттен кейін Бетховен бұл жанрда жұмысын аяқтайды. Композитор қаламының астынан бұл жылдары ор. 81а ми-бемль-мажорлы соната, жетінші және сегізіншеі симфониялар (1812) шығады.
Осы жылдары Бетховен Гете поэзиясымен әуес болатын. «Фауст» трагедиясының әсерімен опера жазатын ой туады. Және «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Венада Бетховеннің аты әйгілі болып оған көптеген тапсырыстар беріледң. Шығармадылық өрлеу шыңдалғанмен жеке өмірі қалыптаспаған композитор жанұялық бақытты аңсайды. Ыстық сезімі жайылы ол Жозефина Деймге (Брунсвиг) хатында жазған болатын. Бетховен қаржылық тұрақтылықты мақсат етіп князға жұмысқы композитор болып тұруды сұраумен хат жазды. Бірақ жауап болмаған соң, ұлы композитор австриядан кетуді ойластырады. Бұны біліп қалған кейбір меценаттар сондай көрнекті композитордың оларды қалдырып кетіп қалуын қаламай, оған зейнетақы төлеп тұруға келіседі. Бірақ бұл шешімнен кейін де ақшадан көрі жұмысы көп болды. Композитр өміріне естімеу көп қиыншылық әкелді. Ол Италияға барып концерттер беруден бас тартуға мәжбүр болды. Ақша жағынан да, қарым – қатынастар да азайып күрделі жағдай туды.