Тақырыбы: Динамика.
Классикалық механиканың заңдары Табиғаттағы күштері
Ньютонның бірінші заңы: Егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе басқа денелердің әсері теңгерілсе, дене таңдап алынған санақ жүйесінде тыныштығын немесе бір-қалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды.
Бұл заңды алғаш рет зерттеген Итальян ғалымы Г.Галилей болды : Бұл заң инерция заңы деп аталады.
Инерция-сыртқы күштердің әсері теңгерілсе, дене тыныштығының немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалысының сақталуы. Инерция күнделікті тұрмыста көп кездеседі.
Мысалы: Автобус удеумен қозғалғанда (жылдамдығы өзгергенде) жолаушының алға немесе артқа ығысуы.
Инерттілік- барлық денелерге тән қасиет, басқа денелердің әсерінен, дененің жылдамдығын белгілі шамаға дейін өзгерту үшін уақыт қажет. Уақыт көп болған сайын, дененің инерттілігі көп болады.
Мысалы: Жеңіл және ауыр автомобильдің жылдамдықтарының өзгерісін алатын болсақ, ауыр автомобиль жылдамдығын өзгерту үшін, жеңіл автомобильмен салыстырғанда көп уақыт қажет. Демек ауыр автомобильдің инерттілігі көп деп есептелінеді.
Инерциалды санақ жүйесі-Ньютон заңдары орындалатын санақ жүйесі.(кеңістік пен уақыт симметриялық болады: кеңістік және уақыт- біртекті.) Инерциалды санақ жүйесіне кез –келген денені алуға болады. Біз көбіне қозғалысты Жермен салыстырып қарастырамыз.
( Галилейдің салыстырмалы принціпі: Алғашқы шарттары бірдей болғанда, барлық механикалық құбылыстар бірдей өтетін санақ жүйелері.)
Масса-дененің инерттілік қасиетінің өлшемі.
Мысалы: массалары m1 және m2 екі дене әсерлессе, әсерлесу кезіндегі жылдамдық өзгерісінің қатынасы, массаларының кері қатынасына тең болады. (1)
Осыдан дененің жылдамдығын белгілі мәнге өзгерту үшін уақыт қажет. Уақыт- дененің “инерттілігін” анықтайды.
Күш-денелердің сандық әсерлесу өлшемі. ( бір дененің екінші денеге әсер ету өлшемі)
Ньютонның екінші заңы: Денеге әсер етуші күш, дененің массасы мен осы күштің әсерінен алған үдеудің көбейтіндісіне тең. Кұштің бағыты мен үдеудің бағыты әруақытта сәйкес.
(2). Өлшемі (Н=кг*м/с2)
Күш векторлық шама. Денеге бірнеше күш әсер етсе, денеге әсер етуші күштердің геометриялық қосындысына тең шаманы- тең әсерлі күш деп атайды.
күштердің әсері, бір-біріне тәуелсіз, күштердің осы қасиетін суперпозитивті прицип деп атайды.
Тең әсерлі күштің модулі:
(3) (егер кеңістікте болса, онда үшінші Fz прокцияны да ендіреміз)
( екі вектордың арасында бұрыш болса, қорытынды күштің модулін ,α екі вектор арасындағы бұрыш.сурет 1
Ньютонның үшінші заңы: денелер бір-бірімен модульдары бірдей, бағыттары қарама-қарсы күшпен әсерлеседі. (3)
Ньютонның үшінші заңы- денелердің әсері бір жақты емес, күштер жұбымен пайда болатындығын және пайда болған күштердің табиғаты бір екендігін дәлелдейді.
Мысалы орындыққа отырғанда, орындық пен дене деформацияланып, бір-біріне серпінділік күшімен әсер етеді.
осыдан
дене импульсының өзгерісі, күш импульсына тең және бағыты күш импульсының бағытына бағыттас.
Тұйық жүйе:жүйеге кіретін денелерге, сыртқы күштің әсері болмайды.( сыртқы әсерден оқшауланған жүйе) тұйық жүйеге кіретін денелер, тек бір-бірімен ғана әсерлеседі деп есептеген жөн.
Импульстың сақталу заңы:
Тұйық жүйедегі денелердің импульстарының өзгерісі нольге тең
Жүйенің ипульсы тұрақты болып қалады.
екі дене үшін импульстың сақталу заңы:
Ескерту: дене импульстарының геометриялық қосындысына!
Есептер шығару 1. Бір нүктеге түсірілген екі күштің арасындағы бұрыш 900, теңәсерлі күшінің модулі 5 Н, ал F1=3 Н болса, F2 мәні
2. 4Н күштің әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алған дененің массасы
3. Массасы 8 кг дене 0,5 м/с2 үдеу алғандағы әсер күші
4. Бір нүктеге түсірілген F1=3Н және F2=5Н күші векторлары арасындағы бұрыш 1800. Осы күштердің теңәсерлі күші