12-сурет. Пациенттің әрі қарайғы әрекетін талқылау және қорытынды жасау
Дәрігер::«Сонымен, сіз екеуміз әрі қарайғы әрекетіміздің жоспарын құрып көрейік. Сіз бұған қалай қарайсыз?» НЕМЕСЕ
Дәрігер: «Міне, мына рентген-суреттегі дақ мені толғандырады. Мен нақты білу үшін, сіздің тағы бірқатар тесттерден өткеніңіз дұрыс деп ойлаймын. Сонда ғана біз ең оңтайлы тактиканы жоспарлауға мүмкіндік ала аламыз. Сіз бұған қалай қарайсыз?»
13-сурет. Пациенттің әрі қарайғы әрекетін талқылау және қорытынды жасау
14-сурет. Пациенттің әрі қарайғы әрекетін талқылау және қорытынды жасау
Осы қорытынды кезеңде әңгімені ұзақ уақытқа созбас үшін, жабық сұрақтар берілуі қажет. Мұнда дәрігердің келесі сұрағы мысал ретінде алынуы мүмкін:
Дәрігер: «Сіздің маған қоятын тағы да сұрақтарыңыз бар ма?»