Сұрақ 79: АРАЛАР Аралар би арқылы тамақтың омартадан қаншалықты ұзақ жерде
орналасқанын көрсеткісі келеді ме?
№24-МӘТІН. АФИНЫДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯ A БӨЛІМІ Фукидид біздің дәуірімізге дейін 5 ғасырда, классикалық гректік кезеңде
өмір сүрген тарихшы болған. Ол Афиныда туған. Пелопоннес соғысы кезінде
(біздің дәуірге дейінгі 431ж. бастап біздің дәуірге дейінгі 404 жылға дейін)
Афина және Спарта арасында міндеті Фракиядағы Амфиополисті қорғау болып
табылған флотты басқарған. Ол қалаға уақытында жете алмады. Оны Брасидас,
спарталық генерал тұтқынға алды, ол Фукидидті елден жиырма жылға қуып
жіберді. Бұл оған жауласатын екі фракциялдардан толық ақпарат жинау
мүмкіңдігі, сондай-ақ оның
«Пелопоннес соғысының тарихы» аттты жұмысы
үшін зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді.
Фукидид көне замандардың ұлы тарихшыларының бірі болып саналады. Ол
тағдыр немесе тарих эволюциясын түсіндіруге қатысты құдайы күштердің
араласуы емес, табиғи себептер мен әр тұлғаның мінез-құлқына назар аударады.
Оның жұмысында фактілер жай әңгімелер сияқты ұсынылмаған; керісінше, олар
бас кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің себептерін анықтауға әрекеттену үшін
түсіндіріледі. Фукидидтің тұлғаның мінез-құлқына ерекше көңіл аударуы – бұл
оның кей кезде ойдан шығарылған сөйлеуді неліктен енгізетіндігі: бұл оған
тарихи тұлғалардың уәждемесін түсіндіруге көмектеседі.