Сұрақ 104: ЖОЛ Бұл мәтін адамдардың қандай тобына арналған?
№32-МӘТІН. САПРОФИТТЕР САПРОФИТТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Біздің үйімізде тұратын сапрофиттер – бұл мик-
росскопиялық кенелер. Олар адамның және оның
үйіндегі асырандыларының өлген жасушаларымен
қоректенеді. Қайызғақ (тері жасушалары және қабыр-
шақтар) қонақ жай бөлмелерінде, матрастарда жиі қолданылатын жиһаздарда,
сондай-ақ кілемдерде жиі жиналады. Кәдімгі матраста 10 000-даған сапрофиттер
болуы мүмкін.
Әлі жүректеріңіз айныған жоқпа?
Кілемнің 1 шаршы мертінде 100 000 дерлік сапрофиттер мекендеуі мүмкін.
Сендер өз достарыңды үнемі ванна қабылдау керек екеніне сендіруге
дайынсыңдар ма?
Бір сапрофит өз тіршілік әрекетінің қалдықтарын күніне 20 рет
шығаратынын, көптеген адамдар үшін бұл қалдықтардағы ақуыз аллерген екенін
білесіңдер ме? И-и-и, жексұрын! Сапрофиттер олардың көмегімен қайызғақты
қорытатын ақуыздар адамдарда аллергиялық реакция тудырады. Адамға және
жалғасу ұзақтығына байланысты реакция, көздің төңірегінің қызуынан
демікпелікұстамаға дейін, әр түрлі болуы мүмкін. Бұл кенелердің басқа түрінен
айырмашылығы, сапрофиттер паразиттер емес, өйткені олар тек өлі ұлпалармен
қоректенеді. Міне, нағыз шындық осындай.
75
Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген «Сапрофиттер» мәтінін пайдаланыңыздар.