31
- бәсекеге түспеу міндеттемелер
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір
данада жасалған №1 – нысандағы «Материалдық емес активтерді
қабылдау - өткізу актісінде» көрсетіледі.
Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етіл-
генде (сатылғанда,өтеусіз берілгенде) акт екі дана жасалады:
өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 2700 – бөлімшенің
шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді
есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточ-
касында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін
материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтас-
тырылады.
1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу:
а. сатып алынған материалдық емес активтердің келісім
құнына (ҚҚС–сыз) Д-т 2710 К-т 3310;
ә. ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310;
б. ҚҚС-ты есепке алу Д-т 3130 К-т 1420;
в. ұсынылған шотты төлеу Д-т 3310 К-т 1030, 1010.
2. Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасауы
(бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін
құру, сауда белгілерін әзірлеу):
а. жұмсалған материалдардың құнына Д-т 2930 К-т 1310;
ә. әзірлеушілердің жалақысы Д-т 2930 К-т 3350;
б. жалақыдан аударым сомасына Д-т 2930 К-т 3150;
3. Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым
ретінде түсуі, келіп түскен материалдық емес актвтердің
сомасына Д-т 2730 К-т 5110
4. Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін түсуі
Д-т 2730 К-т 6280,6220,6230
Жыл соңына: Д-т 6280,6220,6230 К-т 5610.
5610 5510
Достарыңызбен бөлісу: