М. А. Молдашева


Кассалық кітапты толтыру үлгісі 20__ж. 10 қаңтарындағы



Pdf көрінісі
бет38/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
Байланысты:
Молдашева

Кассалық кітапты толтыру үлгісі 20__ж. 10 қаңтарындағы  
касса 1 парақ 
Құжат-
тың № 
Шаруашылқ операцияның 
мазмұны 
Байла-
ныс 
шоты 
Кіріс 
Шы-
ғыс 
Күннің басталуына қалдық 
1250 


К.Шахатовтан  есепті  соманың 
қайтарылуы 
1250 
1200 


«Халық  банк»  ААҚ  банкіден  АБ 
№026036 чек бойынша ақша крісі 
1030 
110000 


М.  Алиеваға  –  іссапар  шығыс-
тарына есепті сома беріледі 
1250 

15000 

Желтоқсан  айының  еңбекақысы 
төленді 
3350 

95000 
Бір күндегі жиынтық 
111200 
110000 
Күннің соңына қалдық 
2450 

Оның ішінде еңбекақы төлеуге 


 
Кассир:    
(қолтаңбасы) 
Құжаттарды  тексеріп  және  екі  кіріс,  екі  шығыс  кассалық 
ордер қабылдадым 
Бухгалтер:  (қолтаңбасы) 
Қолма-қол  ақшаның  келуі  мен  берілуінің  жинақтау  есебі 
№1010  «Кассадағы  теңгемен  ақша  қаражаты»  активті  шотында 
жүргізіледі.  №1010  шоты  бойынша  сальдо  айдың  басына  касса-
дағы  қолма-қол  ақшаның  қалдығын  көрсетеді.  Дебет  бойынша 
айналым  –  есеп  айырысу  шотынан  ақшаның  келуі,  өнімнің 
өткізілуі  үшін  қолма-қол  ақшамен  төленуі,  есепті  сомалардың 
жасалмаған бөлігін кассаға қайтару және т.б. бейнеленеді. Кредит 
бойынша – қолма-қол ақшаның жұмсалуы бейнеленеді.  
Бұл операцияларды төмендегідей бейнелейміз 
Өткізілген өнімдер үшін теңгемен ақша алынды: Дт-1010  
Кт-1210«Сатып  алушылардың  қысқа  мерзімді  дебиторлық 
берешегі» 
Есепті тұлғалардың пайдаланбаған қаражатын қайтару: Дт-1010 
Кт-1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 


 
57 
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшаның келуі: Дт-1010 
Кт-1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  теңгемен  ақша 
қаражаттары» 
Кредиторлық қарыздардың жабылуы: Дт-1010 
Кт- 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 
Түскен  материалдарға  теңгемен  ақша  төленді:  Дт-1310 
«Шикізат пен материалдар»  Кт-1010 
Тұлғаларға  есепті  негізде  ақша  беру:  Дт  -  1250  «Қызмет-
керлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  Кт-1010  
Қолма-қол ақшаны есеп айырысу шотына өткізу: Дт-1030 «Ағым-
дағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары»  Кт-1010  
Еңбекақы төленді: Дт-3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа 
мерзімді берешек»  Кт-1010 
ҚР-дағы  бухгалтерлік  есеп  және  есеп  беру  туралы  ережелерге 
сәйкес,  кәсіпорын  жыл  сайын  мүліктің,  оның  ішінде  қолма-қол 
ақшаның  түгендеуін  жүргізіп  отыруы  тиіс.  Түгендеу  кезінде 
бухгалтерлік  есептегі  мәліметтер  мен  қолма-қол  ақшаның  нақты 
мөлшері арасындағы айырмашылығы төмендегі тәртіппен реттеледі.  
Ақша  қаражаттарының  артығы  кіріске  алынып  және  қаржы-
лық нәтижелерге апарылуға жатады. Есепте сомаға № 1010 шот-
тың  дебеті  мен  №  6280  «Басқа  да  кірістер»  шотының  кредиті 
бойынша  проводка  жасалады.  Кейін  артық  ақша  мен  айыпты 
тұлғалар анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет