Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге … кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.
Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;
Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл – метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар).
Кез келген эссенің мазмұны мен сапасы төмендегілерге байланысты болмақ: оқыған әдебиет бойынша конспект, дәрістер, пікірсайыс материалдары, автордың осы мәселеге байланысты көзқарасы мен өмірден жинақтаған тәжірибесі.
Бар материалды өңдеу (жүйелеу, дәлелдеу).
Дәйектеу (бар материалдың эссе тақырыбына сәйкес келуі).
Эссе жазу үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болады: проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру – түзеу.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. проблема ашылмайды;
2. автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. логиканың болмауы
М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың
«Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз.
Қазақ поэзиясының қиыншылықтары мол жылдары – Қазан төңкерсінен кейінгі жиырмасыншы жылдар болды. Бұл жылдарда ақындарымыз әрқилы шығармашылық тағдырды бастан кешірді. Қоғамға, уақытқа деген көзқарас дараланып, қазақ әдебиетінде сан алуан поэзиялар дүниеге келді. Осы тақырыпта өлең жазғандардың қатарында Алаш рухты әдебиеттің іргетасын қалаған ақындарымыз А.Байтұрсынов пен М.Дулатов та болды. Бірі «Маса» боп шақса, екіншісі «Оян, қазақ!» деп жар салды. Ақындарымыздың өлеңдерінде қандай идея үндестігі жатыр?
«Маса» мысалының басты сарыны – бостандық арманы, ел тағдыры, халық қамы екені белгілі. Негізінен масаның бар күші – шағу, ал ісі – адамды ұйқыдан ояту екенін барлығымыз білеміз. Біздіңше, бұл арада А.Байтұрсынов оқырманына масаның түсі мен күшіне назар аударта отырып, осы өлеңдер жинағына сипаттама жасаған тәрізді. Олай дейтініміз, кейінгі өлең жолдарында осы масаның түстеріне арнайы тоқталып, мұны да тұспалдап жеткізеді.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Сонымен, бұл арада «аяқтары ұзын маса» түсінің сап-сары болуы ақынның ұлт мүддесін ойлаған сары уайымы десек те болады. Ал «біздің» дегені өз үнінің «Оян, қазақ!» деп жар салған алаш азаматтарымен ортақтасып жатқанын білдіртсе керек. Осындай талма тұста ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстандарымыз қатарында болған М.Дулатовтың кітабының алғашқы жолдарын оқып көрсеңіз:
Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды қадари хал көрсетсеңші,
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
Осындағы «оян» сөзі – автордың биік идеялық мақсаты, басты рухани нысаны. Жекебастың, әлеуметтік топтың, белгілі топтың мүддесі емес, ақынды толғандырар мәселе – халықтың тағдыры, елдің қайғысы мен мұңы.
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.
Әр халық алға кетіп жатса дағы,
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай...
Халқының басындағы ауыр қасіретті айқын көріп, дәл басып айта білген ақын енді содан айықтыру жолдарын іздейді. Сол дәуірде бел алған қыру-жою, қантөгісті мадақтаған төңкеріс идеясы емес, адами игіліктерді, дін, иман жолын әспеттеп, білімге, адамгершілікке, оқуға, мәдениетке үндеу – жас ойшыл таңдаған арна. Қорытындылай келе, қиын қыстау кезеңде өз халык үшін барын салған екі ақынымыздың мақсаты бір, яғни өз ұлтын оятып, оқу-білімге, адамгершілікке үндеу болды. Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн.
Эссе жазуда практикалық қадамдар:
1 - қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы – эссенің негізгі ойы.
2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.
3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.
4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз.
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.
5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6 - қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
7 - қадам. Кіріспені жазыңыз.
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.
8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
9 - қадам. Қателерді тексеріңіз.
Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлеледеп жазыңыз.
Халық поэзияларының көпшілігі ауызша айтылады, кейін назарға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеуі де басқаша, байырғы тілдермен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі. Кеңес дәуіріндегі халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен тығызбайланысты. Өйткені ақын – суырыпсалмалық өнерді біздің заманымызға жеткізушілердің бірі ғана емес, өзінің қайталанбас дарынымен сол дәуірдің өміршеңдігін жазба поэзиясы дамыған дәуірде де таныта білген жүйрік ақын. Өзінің көзі тірісінде-ақ «Поэзия алыбы», «Жыр күмбезі», «Өлең сөздің пірі», «Алатау сынды ақсақал», ал тоқсаннан асқан кезінде «ХХІ ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абай ақынымыздың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.
Ақынымыздың жас кезінде шығарылған жырларының көбі жазылмай, жоғалып кеткен. Өлеңдерінде қазақ ауылдарының тіршілігі, әр түрлі адамдардың мінез-құлқы, бай-болыстардың іс-әрекеттері туралы сөз қозғалады. Шығармаларының көбі айтыстар, арнау, мысқыл өлеңдер болып табылады. Жамбылдың үлкен ақындық өмірі ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан, яғни қазақ қауымы үшін ауыр кезеңде Ресей отарлаушылары екі елге де өктемдік жүргізіп, әбдентізесін батырған, халық көптеген қиыншылықтарға тап болып, тығырыққа тірелгендәуірде басталды. Бұл отарлаушы өкімет ел арасында алауыздықты туғызу үшінсайлау жүйесін ойлап тауып, жергілікті халықтарды билікке таластырып қоятын тұсыда осы кез еді. Осы уақытта отарлаушы жүйеге байланысты халықтың рухани қарсылықтарын ел ақындары ғана жеткізіп айта алатын. Әдебиет өкілдері тек ақындықміндетін атқарып қоймай, ұлттың жағдайын ойлап, күйзелген қайреткердің де рөлінатқарды. Бір қоғамда өмір сүріп, белгілі тарихи оқиғаларды бастан кешірген, қайраткерлік міндет арқалаған ақын сол дәуірдің өзін туғызды. Сондықтан ақынның шығармаларында сол тарихи шындығы көрініс тапты.
Жамбылды нағыз ақын ретінде елге танытқан, оның есімін бүкіл Қырғызстанға, Сыр бойына, Жетісуға таратқан – сол тұстағы дүлдүл ақындармен айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың суырыпсалмалық өнерін шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін өсірді және тақырып аясын кеңейтті. Қорытындылай келе, екі өмірді көрген Жамбыл кешегі мен бүгінгі күннің бар шындығын шынайы жырлай білсе, ертеңгі күннің жарқын жарқын болашағын да солай жырлайды.
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыңыз.
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі І.Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі – «Құлагер» поэмасы. Ақан серінің өміріне арналады. Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жол серігі еді.Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы талант болса, екіншісі Ақан есімімен қатар аталатын атаұты пырағы – Құлагер еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындағы бөбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгенін білеміз.
Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...» деп жоқтау айтады. Ақаннан Құлагерді айырған адам баласының қара ниетінің нәтижесі. Бұл жерде іштарлық, көреалмаушылық сияқты қасиеттердің сол заманның да басты жауы болғанына көзіміз жетеді. «Құлагер» поэмасы бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің ашуы жатыр.
Құлагердің жүйрік, нағыз сәйгүлік болуы көптің ішіне іштарлық құртын түсіргені белгілі. Сол замандағы әлеуметтік мәселені қозғайтын болсақ таяқтың бір ұшы осыған келіп тиеді. Бұл тек сол заманның ғана емес адамзат баласының тарихында әр кезде басты мәселе болатыны анық.
«...Тірегі көңілімнің бәйтерегім, Бұл жерге қалайша құлап едің?» - деген жолдарды оқып отырғанда, Ақан серінің жанына жара салған күйзелісті басып тығырыққа тірелген ауыр да, азапты сәттердің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған ғасырдың қаталдығы ма, әлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, адамдардың пендешілігінен. Ал адам баласы пендешілікке салынбай ақыл мен жүрегінің үнімен жүрсе ешқашан ақ жолдан адаспас еді. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куәсі боламыз.
Қорыта келгенде, бұл оқиғаға қанық әрбір адам алты алаштың арқалы азаматы, өз заманында әділетсіздіктің құрбаны болып, рухани дағдарысқа ұшырағанына қапаланамыз. Барлық адамзат баласы пейілін кеңге салып, жүрегін мейірімге толтыратын болса мұндай мәселелер болмас еді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ»- демекші кез келген нәрсенің қадірін білейік.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. проблема ашылмайды;
2. автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. логиканың болмауы.
Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз
Зейнолла Қабдоловтың “Жалын” романында санадағы тартыстың дамуы арқылы қаһарманның рухани шыңдалуы, азаматтық сезімінің тереңдеуі жақсы көрсетілген. Романның басты қаһарманы – жоғары білімді жас маман Қабен Оразов Ембі мұнай өнеркәсібі жөнінде кандидаттық диссертация қорғамақ болады. Зерттеу тақырыбына байланысты жинаған көп сала ғылыми дерегі, мол мағлұматы бар. Еңбегі жазылып біткен.
Қабен оңай даңқ іздеген атаққұмар жігіт емес, диссертация қорғауды жалаң мақсат тұтпаған, ісін есепке құрмаған. Тындырған жұмысым қоғамның кәдесіне асса екен деп қана тілеген жақсы арманы бар. Міне енді сол арманы жүзеге асқалы қалды. Қабеннің диссертациясы оқыған оппоненттері, оның еңбегін мадақтай бастады. Ғылым жолына адал берілген жігіттің жастығына, тәжірибесіздігіне байланысты, әуелгі беттегі жүрексінуі, қобалжуы бәсеңдеп, көңіліне бір сенім ұялай бастаған еді. Өзіне өзінің сенімі арта түскендей болған. Кенет бір күдік кеп килікті де, көңілді нілдей бұзды, ойнап қорғасындай ауырлатып жіберді. Бейтаныс біреу мұның пәтеріне телефон соғып, - өзің Ембіде болып па ең? Мұндай кәсіпшілігінде жұмыс істеп пе ең? – деп оқыс сауал берді де, Қабеннің диссертациясының өзгелер мақтап жатқан жақсылығына шүбәланғандай болды. Бірақ кім екенін, аты-жөнін айтқан жоқ.
Бұл – біреудің қоқан лоқысы ма? Әлде жасаған бопсасы ма? Сырт көзге солай көрінуі мүмкін ғой. Ал, Қабеннің басына мұндай ой жоламады. Телефон соққан адам есер кісі болмауы керек, Қабенді шошытайын деген ниеті де жоқ шығар; қойған сауалы орынды; кім де болса, іске жаны ашыған азамат болар. Қабен, міне, тек осылай ойлады.
Өндіріс саласына байланысты ғылыми еңбек жасау үшін өндірістің өзіне барып, ондағы жұмыстарға тікелей араласып, бүге-шігесін қалдырмай мұқият зерттеу керек. Ғылыми еңбек сонда ғана, шын мәнісінде, сыннан өтіп, суарылып шығады. Бұл – белгілі ақиқат. Қабен мұны біледі. Ол Ембінің мұндай өндірісіне келіп жұмыс істеген жоқ, бірақ, диссертация тақырыбына байланысты Ембіге бір-екі рет командировкаға барып қайтқан. Әрине, мұның аздық ететіні рас. Қабен бұны да біледі. Және оның жинап әкелген материалдарының негізінде диссертациясын жазып бітіргенше біраз уақыт өтті. Ал қазіргі техникалық өрлеу заманында жаңалықтар күнбе-күн туып жатады. Бүгін ғана ұсынған жаңа үлгіңіз ертеңіне-ақ ескіріп қала береді. Қабен өз диссертациясында тың ұсыныстар айтады. Бірақ сол ұсыныстары уақытына кешігіп қалмас па екен? Қабен мұны да ойлап қоятын. Енді мына бейтаныс адамның телефон соғып, тұтқиылдан қойған сұрауы Қабеннің сол ойын көсеп жіберіп, қоздатып кетті.
Қабен дүдәмалданады. Жан дүние әлемінде сезімдер тартысы басталады. Сол тартыс Қабенді біресе оң жағына қарай, біресе сол жағына қарай аудара жаздап, шайқалтады, бірақ, Қабен ілгері қозғала береді. Көңіліне күдік кіргенмен, бұрынғы сенімі мұны қолынан ұстап, алға қарай жетелейді.
Қосымша мәліметтер:
1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.
2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.
3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.
4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.
5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы – өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пунктуация., орфография.);
• Юмор, сарказм;
• Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Бағалау межелері:
эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;
тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;
талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы;
нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;
эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;
қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;
Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз
Зейнолла Қабдоловтың “Жалын” романында санадағы тартыстың дамуы арқылы қаһарманның рухани шыңдалуы, азаматтық сезімінің тереңдеуі жақсы көрсетілген. Романның басты қаһарманы – жоғары білімді жас маман Қабен Оразов Ембі мұнай өнеркәсібі жөнінде кандидаттық диссертация қорғамақ болады. Зерттеу тақырыбына байланысты жинаған көп сала ғылыми дерегі, мол мағлұматы бар. Еңбегі жазылып біткен.
Қабен оңай даңқ іздеген атаққұмар жігіт емес, диссертация қорғауды жалаң мақсат тұтпаған, ісін есепке құрмаған. Тындырған жұмысым қоғамның кәдесіне асса екен деп қана тілеген жақсы арманы бар. Міне енді сол арманы жүзеге асқалы қалды. Қабеннің диссертациясы оқыған оппоненттері, оның еңбегін мадақтай бастады. Ғылым жолына адал берілген жігіттің жастығына, тәжірибесіздігіне байланысты, әуелгі беттегі жүрексінуі, қобалжуы бәсеңдеп, көңіліне бір сенім ұялай бастаған еді. Өзіне өзінің сенімі арта түскендей болған. Кенет бір күдік кеп килікті де, көңілді нілдей бұзды, ойнап қорғасындай ауырлатып жіберді. Бейтаныс біреу мұның пәтеріне телефон соғып, - өзің Ембіде болып па ең? Мұндай кәсіпшілігінде жұмыс істеп пе ең? – деп оқыс сауал берді де, Қабеннің диссертациясының өзгелер мақтап жатқан жақсылығына шүбәланғандай болды. Бірақ кім екенін, аты-жөнін айтқан жоқ.Бұл – біреудің қоқан лоқысы ма? Әлде жасаған бопсасы ма? Сырт көзге солай көрінуі мүмкін ғой. Ал, Қабеннің басына мұндай ой жоламады. Телефон соққан адам есер кісі болмауы керек, Қабенді шошытайын деген ниеті де жоқ шығар; қойған сауалы орынды; кім де болса, іске жаны ашыған азамат болар. Қабен, міне, тек осылай ойлады.
Өндіріс саласына байланысты ғылыми еңбек жасау үшін өндірістің өзіне барып, ондағы жұмыстарға тікелей араласып, бүге-шігесін қалдырмай мұқият зерттеу керек. Ғылыми еңбек сонда ғана, шын мәнісінде, сыннан өтіп, суарылып шығады. Бұл – белгілі ақиқат. Қабен мұны біледі. Ол Ембінің мұндай өндірісіне келіп жұмыс істеген жоқ, бірақ, диссертация тақырыбына байланысты Ембіге бір-екі рет командировкаға барып қайтқан. Әрине, мұның аздық ететіні рас. Қабен бұны да біледі. Және оның жинап әкелген материалдарының негізінде диссертациясын жазып бітіргенше біраз уақыт өтті. Ал қазіргі техникалық өрлеу заманында жаңалықтар күнбе-күн туып жатады. Бүгін ғана ұсынған жаңа үлгіңіз ертеңіне-ақ ескіріп қала береді. Қабен өз диссертациясында тың ұсыныстар айтады. Бірақ сол ұсыныстары уақытына кешігіп қалмас па екен? Қабен мұны да ойлап қоятын. Енді мына бейтаныс адамның телефон соғып, тұтқиылдан қойған сұрауы Қабеннің сол ойын көсеп жіберіп, қоздатып кетті.Қабен дүдәмалданады. Жан дүние әлемінде сезімдер тартысы басталады. Сол тартыс Қабенді біресе оң жағына қарай, біресе сол жағына қарай аудара жаздап, шайқалтады, бірақ, Қабен ілгері қозғала береді. Көңіліне күдік кіргенмен, бұрынғы сенімі мұны қолынан ұстап, алға қарай жетелейді.
Диссертация қорғалатын күні, ғылыми кеңес мәжілісінде Қабенді сол сенім мінбеге жетелеп шығады. Қабен тиісті өзін мүдірмей айтып шықты. Одан соң ғылыми жетекшісі, оппоненттері мұның диссертациясын мақтап сөйлеп жатты. Бірақ Қабеннің ойына кірген күдігі тарқамады, көңілді қобалжытты да тұрды. Бейтаныс адамның телефонмен қойған сұрағы есінен шықпады. Расында да Ембінің мұнай өндірісінде жұмыс істемеген Қабен, сол өндірісті бес саусағындай білемін деп айта ала ма? Жоқ, айта алмайды. Ендеше осы өндіріс жөнінде диссертация жазуы қалай? Қабенді қинай берген ой осы болды.
Бұған телефон соққан бейтаныс адамның кім екені де анықталды. Ол – атақты мұнайшы Сардар Сұлтанов боп шықты, Ембінің еңбек ері, әйгілі кісі. Ғылыми кеңестің мәжілісінде сөз сөйледі. Ол Қабеннің диссертациясын сынаған жоқ, Ембі мұнай өндірісінің бүгінгі жетістігін, еңбек технологиясындағы жаңалықтарды айтты да, өз көкейінде қорытылған пікірлерін алға тартып, ғалымдардың талқысына ұсынды.Қабеннің күдігі де өзіне дәл осы арада айқындалды. Ол енді толқыған ойын азаматтық сезімнің еркіне бағындырды да, шұғыл шешім жасады. Ғылыми кеңес кешірім өтініп, диссертациясын қорғауды тоқтату жөнінде ұсыныс қылды. Оның бұл қылығына таңырқаған ғылыми жетекшісінің де, жақын достарының да сөзіне көнбеді, диссертациясын мәжілістің күн тәртібінен алдыртып тастады.
Ол мұны қорқып жасады ма? Жоқ, оның диссертация қорғауына жұрттың бәрі де тілектес боп отырған. Диссертациясы бекімейді деп қауіптенді ме? Жоқ, мұның диссертациясын ғылыми кеңес құптаған, қарсы айтылған пікір болмаған. Ол диссертацияны ойдағыдай қорғап та шығатын еді, мәртебесі де зораятын еді, кандидаттық дипломды алған соң, жалақысы да өсетін еді. Қабен осының бәрін де кейін ысырып тастады. Сардар Сұлтановтың сөзінен кейін диссертациясына көңілі толмады, олқылықтарын сезді. Еңбегін толықтырып, қайта жазуға бекінеді. Және бұл істі Ембінің өзіне барып, мұнай өндірісінің қайнаған ортасында жүріп жазуға аңсары ауады. Қабеннің осы шешімінен оның азаматтық сезімінің тереңдігі танылады.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.
Мұхтар Әуезов – әр түрлі әдеби жанрларда терең қалам тербеген жазушы. Оның аса көрнекті шығармаларының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл романның қоғамдағы орны қандай?
«Абай жолы» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда болуы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, әулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным-сенім ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дәуірлік түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстарв мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жекебастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар таңдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды
Қорытындылай келе, қазақ әдебиетіне М.Әуезов дәстүрінің игі ықпалы әр тараптан көрініп отырады. Өткендегі тарихи қайраткерлер, әсіресе шығармашылық адамдары жайында шығарма жазған әрбір қаламгер оның құдіретті талантының шарапатын сезетіні шүбәсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |