Ұйқыашар болсын, деп ойнап ем ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! – деді (Әуезов М.. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 10 б.).
Ұйқыашар (дәстүр) – ұйқыашар дайындап өздеріне құрмет көрсетіп, қызмет етіп жүрген жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш ретінде сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің "жаман" ойын сезген сезімтал қыздар, әрине, "селк" ете қалады. Сондықтан да бұл сый "селт еткізер" деп аталады (Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. 13 б.).
Жаушы (дәстүр) – халық «қызды кім айттырмайды» десе де, қызын сұраған адамды жаудан бетер жек кереді. «Жаушы» деген сөз осыдан келіп шықан. 4–5 адамды бастап келген «жаушы» дастархан үстінде әдемі сөз бастап, келге шаруасын айтып, өздері текті, іргелі, белгілі ел (ру) екенін, ондағы жақсы адамдарды айтып өтеді. Туыс-туғанымен, ақсақалдармен
кеңескен әкесі келісім бергенде келген «жаушылар» баталасып, «қарғы бауын» өткізіп кідірмей аттанады. Қыз жағы жаушыға «шеге шапан» атты кәдесі жасайды. (яғни шапан кигізеді) Кейбір жерде, еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында құда болғысы келіп қыз сұрағанда «жаушылар» негізін шаруасын айтпай-ақ отырған жерінде немесе текемет кілемге біз шашып кетеді. Оны «біз шаншар» дейді. Бұл құда болайық деген сөз. Уәде бекінгеннен кейін күйеу жағы үкі тағады. Енді бұл қызды жұрт «айттырылған», «қалындық» немесе «үкі тағылған қыз» дейді.
Келтірілген мысалдардан М. Әуезовтің сол кездегі көне қазақ мәдениетін, салтын, этносын, халық тіл байлығын, әсіресе ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, билер астындағы және дәстүрлі сөз қолданыстарды, әр алуан этнографиялық, бұйымдық-рухани мәдениетке байланысты лексикалық қабаттарды қай-қайсысына да қажетінше қамтығанын көреміз.
Эпопеядағы салттың бірі- әмеңгерлік салты. Жесір дауы- ірі даудың бірі болған. Жесірін жатқа жібермеген. Жесірге қамқоршы оның жақындары. Оспан 40 жасында өмірден өтті. Оның үш әйелі жесір қалады. «Інісі – өлсе, ағасы мұра, ағасы өлсе, інісі мұра» деген заң осы жерде көрініс береді. Оспанның үлкен әйелі – Еркежан, екіншісі Зейнеп, үшіншісі- Торымбала. Оспанның асы өткеннен кейін, осы әйелдердің алдынан кісі жіберіп сұрайды. Еркежан қарсылық көрсетеді. Кенже өлгенмен менің бауырымда балам бар деп егіледі. Ақылбайдың ұлы мен қызы өсіп келе жатқан. (Перизат, Әубәкір) Сондықтан тұрмысқа шықпаймын дейді. Тәкежан- Зейнепке, Ысқақ Торымбалаға әмеңгер болады.
Абайдан сұраған кезде, мен ешкімге де әмеңгер болмаймын деп бас тартады. Эпопеяда осылай айтылғанымен, бірақ Абай Еркежанға әмеңгер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |