М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет26/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Жаңалық енгізу үдерісі -іргелі ғылымды, қолданбалы зерттеулерді, жобаларды, маркетингті, өнімнің жаңа турін саралап өндіруді қамтитын жүйелілік немесе жаңа технология кұру және қолданудағы, сондай ақ бұйым жасаудағы соған ұқсас жүйелілік.

Заң - құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруне себепші болатын оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы.

Идея – философиялық термин, «мән», «мағына» дегенді білдіреді және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты.

Имманентті - затқа, құбылысқа немесе процеске ішкі тән қасиет немесе заңдылық.

Интенционалдық - феноменологияда - сананың дүниеге мәнқалыптастырушылық (смыслообразующая) ұмтылысы сананың затқа мәнқалыптастырушылық қатынасы, түйсктердің заттық интерпретациясы.

Интерпретация - тарихи-гуманитарлық ғылымдарда - мәтіндердің мәндік мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; математикалық логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясында - формальдық тілдің сөйлемдерінің мағынасын анықтау.

Идеогенез - ғалым тұлғасының маңызды өлшем- белгілерінің бipi, ол ғалымның оған дешн туған және айтылған ғылыми идеяларды игеріп және бойына сіңіріп, кейіннен дамытатын, оларға жаңаша үн мен түсінік беретін ерекше қасиеттерін сипаттайды. «Идеогенез» санаты ғылым да мүлдем жаңа, оның алдындағы баламаларсыз идеялар болмайтын жағдайды баса корсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет