М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет35/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Метатеориялық білім - әртүрлі құрылымды, заңдылықтарды, қасиеттерді, әдіс-тәсілдерді талдап, зерттейтін теория.

Неопозитивизм (логикалық позитивизм) - позитивизмнің қазіргі замандағы формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық құралдардың ғылыми танымдық рөлін, білімді математизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бip нәтижелерге жетті.

Номинализм (латынша nomen - ат, атау) - ортағасырлық философиядағы бағыт, жалпы уғымдар жеке заттардың, атауы ғана деп санады. Ортағасырлық реализмге қарсы бағытталып, нақты өмір сүретін өздеріне тән касиеттері бар жеке заттар, ал жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жай ғана сөздер, заттардың, белгілері мен атаулары ғана, ойлаудан тыс ешқандай объективі шындықты бейнелей алмайды деген пайымдауды ұстанды. 11-14 ғғ. Көрнекті номиналистер - Росцелин, Дуне Скотт, У.Оккам. Жаңа заманда номинализм идеалистік негізде Беркли мен Юмның ілімдерінде, қазіргі заманда семантикалық философияда көрініс тапты.

Ноосфера, ақыл-парасат сферасы - биосфера дамуындағы, адамның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең. Ноосфера ұғымын 20 ғ. 20 ж. Француз философы Э.Леруа енгізді. Араға ондаған жыл салып, ноосфера теориясы Вернадский мен Тейяр де Шарденнің бip кезде ic жүзінде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екi ғалым да дуниетанудың бастау тұсы - Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция процесімен байланысты дегенді негізгі алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентарциясымен, оның өз-өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде ноосфераның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әpi қарай жалғаса, жүре береді. Вернадскийдің пайымдауынша, ол дегеніміз - планета мен жер айналысы кеңістігінің жаңа қабаттарын қамти отырып саналы түзілуі, ал Шарден пікірінше, ноосфераның бұдан жоғары эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Екі теорияның елеулі

Сонымен, Кьеркегордың жетістігі- философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті - жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында. Өмір философиясының танымал өкілдері А.Шопенгауер, Ф.Ницше. Дильтей, Г.Зиммель, Бергсон, т.б. Өмір философиясының кейбір идеялары экзистенциализм бағытының қалыптасуына ықпал етіп, ондағы негізгі ұғымдар экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті.



Өркениет (лат. cifilis - азаматтық) түсінігі философиялық ой тұрмысына 18 ғ. енді. Дегенмен, бұл терминді адамзат көптен пайдаланады, өркениетке ортақ тұрғыдағы философиялық көзқарас әлі қалыптасқан жоқ. Көп жағдайларда «өркениет» термині мәдениеттің синонимі ретінде пайдаланылады. Кең мағынасында өркениет деп коғамның тарихи дамуында қол жеткен материалдық және рухани жетістіктер жиынтығын атайды, тар мағынада тек материалдық мәдениет түсіндіріледі. Рулық-тайпалық қатынастардың ыдырап, таптық қоғамға өтуі өркениетке бастаған қоғам дамуындағы төңкеріс болды. Өркениеттің негізгі сипаттары - еңбектің коғамдық бөлінуі, қаланың ауылдан, ой еңбегінен бөлінуі, тауар-ақша қатынастарының және тауар өндірісінің енуі, мемлекеттің пайда болуы, т.б. Сатылы амалдар шеңберінде өркениетті индустриалдыққа дейінгі (аграрлы), индустриалдық (өнеркәсіптік) және постиндустриалдық (ақпараттық) деп бөлетін техногендік амал бар (У.Ростоу, Д.Белл, т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет