М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата26.05.2020
өлшемі364,4 Kb.
#71255
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Mamyrkulov Shasospirim

Үлкен жас, қарттық кезең: 

қозғалыс  белсенділігін,  ағзаның  жақсы  денсаулық  деңгейін, 



шығармашылық  жас ұзақтығын шамаң келген деңгейде сақтау; 

күнделікті  тұрмыс  жағдайларына  керек  қимыл  ептілігі  мен  дағдысы 



деңгейін төмендетпей тұрақты ұстау; 

дене  тәрбиесі  жаттығуларының  ағзаға  жағымды  әсері,  олардың 



сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке 

өз  беттерімен  жаттықтырулар  жасауға  тұрақты  қызығушылықтарын 

ояту. 

 

 



29 


Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі 

Негізгі  дене  тәрбиесі  және  спорттық  жұмыстар  адамдардың  жұмыс 

істеген ұжымдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әртүрлі спорттық 

ғимараттарда,  мамандардың  басқаруымен,  өздерінің  құрған  топтарымен 

және өз бетімен жеке жүргізіледі. 

Біздің  еліміздегі  ересек,  орта,  үлкен  жастағы  адамдармен  дене 

тәрбиесі,  сауықтыру  дене  тәрбиесі  және  спорт  жұмыстары  өнеркәсіп 

орындарындағы,  әртүрлі  мекемелердегі,  оқу  орындарындағы  спорт 

клубтары,  ерікті  спорт  қоғамдары,  кәсіподақ  комитеттері  арқылы  іске 

асырылады. 

Ерікті  спорт  қоғамдарының  негізгі  мүшелері  оқу,  өнеркәсіп 

орындарындағы  жұмысшы,  қызметкер,  оқытушы,  оқушы,  студенттер. 

Олар  ерікті  спорт  қоғамына мүше  болған  соң,  дене  тәрбиесі  ұжымының 

мүшелері  деп  аталады.  Ұжымды  басқаратын,  жұмыс  ұйымдастыратын 

ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл 

сайын  өткізіліп  төраға  есеп  беріп  отырады.  Дұрыс  жұмыс  істемесе 

жиналыс төрағаны ауыстыру  құқығына ие. 

Дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарының міндеттері: 

ұжым мүшелерінің санын көбейту; 



жаттықтырулар,  денсаулық  топтарын,  жарыстар,  саяхаттар,  туристік 

жорықтар, спорт мерекелерін ұйымдастыру. 

Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары: 

Жылдық жоспар. 



Әрбір үш айға жоспарланатын жұмыс жоспары. 

Істелген жұмыстарды есепке алу журналы. 



Мәжілістер хаттамасы. 

Бұйрықтар кітабы. 



Ұжым мүшелерінің тізімі. 

Статистикалық есептер. 



Дене тәрбиесі мамандарын есепке алу кітабі. 

Көпшілік  дене  мәдениеті  және  спорт  жұмысының  жылдық  күнтізбе 



жоспары. 

Бес жылдық даму жоспары және т.б. 



Еңбек  қызметтері  кезінде  дене  тәрбиесі  жұмыстарының  жүргізілуі 

ғылыми  зерттеулер  негізінде  дәлелденген.  Ол  дене  тәрбиесіндегі 

зерттеулер еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) жүйесіне кіргізілген. ЕҒҰ 

жүйесінің  міндеттері:  алдыңғы  қатарлы  тәжірибе  мен  ғылыми 

жаңалықтарды  тұрақты  қолдану,  дамыту  арқылы  еңбек  өнімділігін 

жоғарылату, 

адамдардың 

денсаулықтарын 

нығайту, 

кәсіптік 

шеберліктерін  жақсарту,  өнеркәсіпте  қолданылатын  техникаларды 

жетілдіру. 

30 



ЕҒҰ  жүйесінде  дене  тәрбиесі  жұмыстарының  төмендегідей  түрлері 

ұсынылады: 



Кіріспе  гимнастика.  Жұмыс  күнінің  басында  4-9  минут,  6-10  шақты 

дене дамыту жаттығуларын орындау арқылы орындалады. 



Сергектік  сәттері.  Жұмыс  кезінде  2,5  сағаттан  кейін,  ағза  шаршай 

бастағанда 5-8 минут, 6-8 жеңіл жаттығулар орындау. 



Саулық  минуты.  Үзіліс  кезінде  3-4  жаттығу,  1-2  минут  уақытында 

орындалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет