М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі



бет3/5
Дата27.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#5829
1   2   3   4   5

Y тарау

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Бағдарламаның қаржылық қамтылуы жергілікті бюджет, бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.


YI тарау

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ

БАҚЫЛАУ МЕН БАСҚАРУ ТӘРТІБІ
6.1. Үйлестіру кеңесінің қызметі

Үйлестіру кеңесі оқушылардың демалу мен сауық құру әрекетін ұйымдастыру бойынша Үйлестіру орталығының негізінде қызмет көрсетеді, Бағдарламаның бүкіл негізгі өкілдерін қамтитын сайлаулы орган болып табылады (оқушының мекенжай бойынша әлеуметтік институттарды).

Тоқсанына 1 мәртеден кемітпей отырыстарын өткізетін Үйлестіру кеңесі келесіні жүзеге асырады:

- Бағдарламаны жүзеге асыру шегінде әрекетін жедел жоспарлау мен үйлестіруді;

- Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қызметін талдауды және әлеуметтік институттар қызметкерлерінің ағамдағы есептерін тыңдауды.

6.2. Әлеуметтік институттар қызметі

Әлеуметтік институттар қызметкерлері Бағдарламаның іс-шараларын орындаудың уақытылы және нақты болуына, бөлінген қаржының тиімді пайдалануына жауапты.

Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспары көздеген кезектілігі бойынша әлеуметтік институттар белгіленген ортақ іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы есеп беріп тұрады.
Литература


  1. Конвенция ООН о правах ребенка. Народное образование. 1993. №5

  2. Бурганова Р.И. Основы подготовки социальных педагогов к работе со студенческой молодежью в сфере культурного досуга. Научное издание. Караганда: ТОО «САНАТ-Полиграфия», 2003. - 164 с.

  3. Стрельцов Ю.А. Общение в сфере свободного времени.- М.: МГИК, 1991.- 117 с.

  4. Трегубов Б.А. Свободное время молодежи: сущности, типология, управление.- СПб: Изд-во СПб. унив-та, 1991. – 152 с.

  5. Кенесарина З.У. Социальное воспитание американских школьников: теория и практика (монография). - Алматы: Өлке, 2000. - 384 с.

  6. Гуров В.Н. Социальная работа школы с семьей – М.: Педагогическое общество России, 2003. - 192 с.

  7. Разработка индикаторов для оценки школ доброжелательного отношения к ребенку. ЮНИСЕФ, Казахстан, 2007. - 193 с.

  8. Клиники Дружественные к молодежи (пособие для организатора) - Новосибирск: Олден-полиграфия, 2002. - 266 с.

  9. Абзалова Р.А. Социально ориентированная первичная медико-санитарная помощь». - Астана: ЦНТИ, 2005. - 241 с.

  10. Оспанова Я.Н., Абдрашитова Т.А., Глотов Е.С. – Организация работы социальной службы – центра по предупреждению девиантного поведения несовершеннолетних и распространения наркомании среди молодежи. – Учебно – методическое пособие. - Астана: Изд-во ТОО «Агроиздат», 2007. – 108с.




  1. Бочарова Н.И., Тихонова О.Г. Организация досуга детей в семье. - М.: Изд.центр: Академия, 2001. - 208 с.

  2. Гуслова М.Н. Теория и методика социальной работы.- М.: Изд.центр: Академия, 2007. - 160 с.

  3. Евладова Е.Б., Логинова Л.Г. Организация дополнительного образования детей.- М.: Гум. изд. центр ВЛАДОС, 2003. - 193 с.

  4. Ерошенков И.Н. Культурно-воспитательная деятельность среди детей и подростков - М.: Гум. изд. центр ВЛАДОС, 2004. – 221 с.

  5. Сняцкий А.А. Социально-клубная работа с молодежью: проблемы и подходы. – Екатеринбург: УрО РАН, 1996. – 264 с.

  6. Максютин Н.Ф. Культурно-досуговая деятельность.- Казань: Медицина, 1995. – 140 с.

  7. Новаторов В.Е. Культурно-досуговая деятельность.- Омск, 1992. – 184 с.

  8. Петрова З.А. Методология и методика социологических исследований культурно-досуговой деятельности. - М.: МГИК, 1990 – 160 с.

  9. Педагогические ресурсы досуга. - Казань: Медицина, 1996. – 140 с.

  10. Самоукина Н.В. Игры в школе и дома: психотехнические упражнения и коррекционные программы. - М.: Новая школа, 1995. – 144 с.

  11. Чижиков В.М. Методическое обеспечение культурно-досуговой деятельности.- М.: МГИК, 1991. – 142 с.

1 Қосымша


«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК

(Павлодар қ. тәжірибесі)

Павлодар қалалық жұмыспен қамтылу және балалар шығармашылығы Орталығы (ЖҚБШО) 2008 жылғы наурызда сабақтан тыс уақытта балалар мен жеткіншектердің жұмыспен қамтылу құралы ретінде құрылған (Павлодар қ. білім бөлімі, Павлодар қ. әкімшілігі). Қазіргі күні ЖҚБШО-да 70 педагог жұмыс істейді.

Павлодар қаласының аумағында Орталық жұмысы үш қағидатқа негізделген:


  • жобаның бүкіл қатысушыларының жас шамасы алуан түрде болу;

  • демалу және сауық құруға қолайлы түрлерін ақылға салынған кешенде әзірлеу және енгізу;

  • спорт алаңдарын және демалу мен сауық құру мекемелерін қоса санағанда, қаланың барлық шағын аудандарын біркелкі қамту.

МКҚК қызметінің мақсаты: қосымша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық әрекетті жүзеге асыру, жалпы білім беру мектептердің, қосымша білім беру ұйымдардың және балалар аулалық клубтарының өзара әрекеттестігінде балалар мен жеткіншектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, тұлғаның шығармашылық, ізгілік және тән мүмкіншіліктерінің дамуы, балалар мен жеткіншектердің адамгершілік және саламатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • сабақтан тыс және каникул кезіндегі балалар мен жеткіншектер әрекетін ұйымдастыру;

  • балалар мен жеткіншектерді қалалық және мектепаралық, ЖҚБШО жобаларына тарту бойынша ұйымдастыру жұмысы;

  • мекенжайы бойынша тәрбие жұмысын үйлестіру;

  • оқушылар арасында әлеуметтендіру құралдары арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қызмет;

  • балалар мен жеткіншектердің жұмыспен қамтылуының мониторингілеу мен бақылау;

  • тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мектептер мен клубтарға әдістемелік, ұйымдастыру және кеңестік көмек көрсету;

  • кадрларды оқыту: сынып жетекшілерін, педагог-ұйымдастырушыларды, қосымша білім беру педагогтарын, аға тәлімгерлерді; қала маңындағы демалыс аймақтарының негізінде көшпелі мектеп түрінде білім беру- тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асыру.

ЖҚБШО құрылымы педагогтар-ұйымдастырушылардан, кеңес орталығынан және клуб модулінен жасалған. Клуб модуліне 8 балалар демалу және сауық құру көркем-әсемдік, спорттық, туристік, әскери-ұлтжандық бағытты клубтар кіреді.

Ескеретін жәйт, Орталықта балалар мен жеткіншектердің жазғы кезеңде жұмыспен қамтылу ұзақ мерзімді жобалар мен бағдарламалары жүзеге асырылады.



Ұзақ мерзімді жоба аулалық клуб, азаматтық-құқықтық мектеп, «Жас экскурсия жетекшісі», «Ең үлгілі сынып», «Бізге өмірдей қажет команда» бағдарламалар қызметі болып табылады.

«Қанатты әткеншек» жобасы арқылы Орталық балалар мен жеткіншектердің жазғы кезеңде жұмыспен қамтылу келелі мәселесін шешуді жүзеге асырды. Осы жобамен қамтылған балалар мен жеткіншектер жалпы саны 16 мыңнан астам.

Жалпы түрінде Орталықтың жазғы бағдарламасы балалар мен жеткіншектердің жұмыспен қамтылуын біркелкі салыстырмалы түр деңгейінде жаз бойы сақтап тұруға мүмкіндік беретін жобалар тізбегі болып көрінеді. Бағдарламаға сегіз негізгі жазғы жабалар енеді.



«Союз-9» жобасы – бұл өзгеше бір төмен, орта және жоғары буын балаларына бейімделген бейінді жоба. Педагогтар-ұйымдастырушылар озаттармен-жоғары сынып оқушыларымен бірігіп 7-10 адамнан 9 бейінді жасақ ұйымдастырады. Бұл театршылдар, музыканттар, шашатараздар, мысық сүюшілер, сөз тапқыштар, модельер-дизайнерлер, сықақшылар Одағы. Әр бейінді жасақ әрекетінің нәтижесі 9 қалалық шығармашылық жарыстық алаңқайларда шығарылады.
Төмен сынып жасындағы балаларға арналған «Жаз ғажаптары» жобасы асфальттағы суреттер жарысын мына тақырыптамада қамтиды: «Келешектегі мектеп», «Менің сүйікті мульткейіпкерім», «Мен тұратын өлке», «Түрлі-түсті әңгімелер» және т.б.

«Өзіме сапар: бірте-бірте адымдау» жобасының мақсаты балалар қылмысы мен нашақорлығының алдын алу және КТІБ мен БІБ Есепте тұратын балаларды қамтиды. Аталмыш жобаның шегінде жүргізілген жазғы іс-шаралар осы топтағы балалар үшін ең тартымды әрекетке бейімделген. Бірінші кезекте – спорт: аяқдоп, баскетбол бойынша чемпионаттар, ашық жердегі ойындар.

Жұмыстың азаматтық бағыттылығының үлгісі «ЗАҢ» азаматтық-құқықтық мектебі, «Туға тіктел» байқау-жарысы болып табылады. «ЗАҢ» азаматтық-құқықтық мектебі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі Инспекцияда есепте тұратын оқушыларды тәрбиелеу бойынша соны бағдарламасын жүзеге асырады. Бүгін Орталық кепілдемесі бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден 8 оқушысы есептен шығарылды. Қалған оқушылар Орталықтың іс-шаралары мен акцияларына белсене араласады.



Балалардың тікелей тұратын жерінде демалу мен сауық құруын ұйымдастырған жөн, ол үшін 8 аулалық клубтар қызмет етеді. Айтарлықтай жоба «Ауламыздың балалары» – белсенді әрекетке бейресми аулалық серіктіктерді белсене әрекетке тарту. Жазғы кезеңде спорттық, тәжірибелік және шығармашылдық бағытты жарыс бәйгелері жүріп жатады.
Жұмыспен қамтылу және балалар шығармашылығы Орталығы 2008-2010 жылдарына арналған ЖҚБШО тәрбиелік қызметін дамытуға әзірленген бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бағдарлама мақсаты әр тұлғаның тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оған өзін-өзі жүзеге асыру барлық құқықтарын ұсына келе, балалар мен жеткіншектердің жеке өмір сапасын мектептен тыс кеңістікте сабақтан тыс мезгілде жұмыспен қамтылу арқылы жақсарту болып табылады.

«Қанатты әткеншек» жазғы бағдарламасы қатысушыларының санын есепке алу

Павлодар қ. балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы Орталығы



Жобалар














итого


















































































































































































































































































































































































































































2-қосымша
САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТА БАЛАРДЫҢ ДЕМАЛУ ЖӘНЕ САУЫҚ ҚҰРУ УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

(Караганды қ. тәжірибесі)
Қарағанды қ. әкімінің бастамасы және Орбита 1-2 шағын ауданында орналасқан № 86 ОБМ негізіндегі білім беру бөлімі бойынша сабақтан тыс мезгілде балалардың демалу және сауық құру уақытын ұйымдастыру бойынша жоба басталды, бұл ш/ауданда әлеуметтік мәдени тұрмыстың нысандары тұтас орналасып, көрініс тапқан: білім беру ұйымдары (№86 ОБМ, №1 көркемөнер мектебі), аулалық клуб, емхана, балалар-жастар спорт мектебі, пошта бөлімшесі, «Гиацинт» дағдарыстық орталығы және т.б.

Осы кезде отбасының көбі экономикалық сипатты мәселелерді шешумен әлек болып жүргенде, көптеген ата-аналар баланың тәрбиесі мен тұлғалық дамуынан өздерін-өзі шеттету әлеуметтік бағыты күшейе түсті. Осыған орай, «Орбита -1-2» ш/ауданындағы балалардың сабақтан тыс демалу және сауық құру алғашқы жобасы оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, ата-аналар жұртшылығын, депутаттарды, ҮЕҰ, ПИК, мемлекеттік құрылымдар (спорт, кітапхана бөлімдерінің) өкілдерін тартып, тәжірибелі педагогтар басшылығымен оқушылардың танымдық әрекетін дамытуға жағдай жасайды, қалалық коммуналдық меншік нысандарын бүлдіруге байланысты бүгінгі мәселелерді шешуге себепші болады.



Аталмыш жобаның мақсаты:

Баланың сабақтан тыс уақытта әлеуметтік әрекетінің нәтижелі жүйесі арқылы өзінің қаласын, оның болашағына қатыстылығын мақтан етуге жағдай (демалу мен сауық құру, білім беру, кәсіптік бейімделу, ағартушылық).

Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:


  • Демалу және сауық құру уақытын ұйымдастыруда балалар мен ата-аналардың қажеттілігі мен тілектерін зерделеу;

  • Ш/аудан мектебінің әлеуметтік төлқұжатын жасау;

  • Балалар, ата-аналар жұртшылығын және ш/аудан тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар шығармашылық әрекетке кірістіруге көмек көрсету;

  • Баланың танымдық іс-әрекетін ынталандыру (мүдделер, бейімділік, қабілеттік);

  • Кіші Отанына деген Сүйіспеншілік (аула, қала), төңірегіндегіге ықыласпен қарауды тәрбиелеу болып табылады.


Аталмыш жобаның ұйымдастырушылары Қарағанды қ. білім бөлімі, средняя общеобразовательная школа № 86 орта жалпы білім беретін мектеп, № 1 өнер мектебі болып табылады.

Жобаға қатысушылар оқушылар, ата-аналар, Орбита 1-2 ш/ауданының тұрғындары, депутаттар, Қарағанды қ. ІІБ өкілдері, ҮЕҰ, ПИК өкілдері болып табылады.

Жобаны енгізу бойынша серіктестер «Ғасыр» балалар жеткіншектер клубы, № 15 кітапханасының филиалы, № 12 полицияның телімдік пункті болып табылады.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін оны енгізу механизмі әзірленді. Шағын ауданда әлеуметтік нысандар орналасу сызбанұсқасы жасалды (барлығы 10).

№86 ОЖМ штаб құрылды. Қарағанды қ. әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобына білім беру бөлімінің бастығы және тәрбие мәселелеріне жетекшілік жасайтын мамандар, №86 мектеп директоры, №1 өнер мектебінің директоры, мәдениет пен тілдер бөлімі бастығы, қала спорткомитеті бөлімінің бастығы, «Шахтер» стадионының директоры, Қазыбек би ат. аудан полициясы бөлімі бастығының орынбасары, Қазыбек би ат. аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары кірді. Ай сайын түрлі сұрақтар қарастырылған, бос уақыт ұйымдастыру саласында басым бағыттар белгіленген жедел мәжілістер өткізілді.

Жұмыс тобы шағын ауданды, оның социумын зерделеді, жалпы мәліметтер жинақталды: шағын ауданда 39 үй, тұрғындары – 5085: оның ішінде 1030 бала 0-ден 17 жасқа дейін (20%). Ш/аудандағы 1030 балалардың 639 оқушысы (62%) № 86 мектепте оқиды; басқа мектептерде -127 бала (12%), 8 бала – КМ, 15 бала – колледждерде, 102 бала басқа мектептерде; 0-ден 6 жасқа дейін 264 бала (26%).

Мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалды. №86 мектепте 1220 оқушы оқиды, олардың 639 (52%) – Орбита-1, 2 шағың ауданынан, 581 оқушы қаланың басқа аудандарынан келіп оқиды. 639 оқушының 10 – жеткіліксіз қамтылған отбасыларынан, 15 бала – көп балалы отбасыларынан, 5 жетім; КТІТ есебінде 3 оқушы және мектепішілік есепте -15 адам.

Оқушылардың сабақтан тыс уақытында айналысатын ісі бойынша мәлімет жинақталды. 1220 мектеп оқушыларының 52 баласы аулалық клубқа қатысады; репетитормен 66 бала даярланады; мектепте үйірмелер мен секцияларға 269 бала қатысады, спорт клубына - 231 бала, №1 өнер мектебіне - 515 бала, балалар мен жастар Сарайына - 29 бала; 58 оқушының демалу мен сауық құру уақыты ұйымдастырылмаған.



Шағын ауданның 39 үйі шартты түрде 12 аулаға бөліді.

Әр ауланың сипаттамасы жасалды: «Менің аулам» қалалық бағдарламасын жүзеге асыру шегінде бүкіл аулалар балалар ойын алаңқайымен жабдықталды.

Шағын ауданда тұратын балалар арасында олардың мүдделері мен тілектерін анықтау бойынша саулнамалар таратылды. Жазғы және қысқы мезгілде оқушылардың қажеттілігі эерделенді. Мектептің екі кезек оқушыларының күн тәртібі талданды. Сауалнама қорытындысы бойынша балалардың көбі аулада 19.00-ден 21.30-ға дейін болатыны анықталды.

Балалардың қажеттілігіне негізделіп, әрекет жоспары жасалды:


  • Шағынауданда аулалық клубтар торабын кеңейту («Ғасыр» аулалық клубы жұмыс тәртібін қайта қарастыруы қажет).

  • Шағын аудан тұрғындарына көрнекі орындаулар мен бұқара қатысатын іс-шаралар өткізу үшін өнер мектебінің жұмыс ерекшелігін ескере келе, мектеп аймағында кіші сахна орналастыру.

  • Кешкі мезгілде балалардың уақытын маңызды толтыру үшін мектеп аяқдоп алаңын жасанды жабумен және кейінгі мұз айдынын қатырып жабдықтау, спортсайманды (шаңғылар) жалға беру пунктін ашу.

  • ОблБЖСМ бірігіп Балалар-жастар спорт мектебінің аумағында теннистік корт құру мүмкіншілігі туралы мәселені қарастыру.

Шағын ауданда іс-шаралар өткізу желілік кестесі жасалды. Әр іс-шара тәптіштеп талдаған жоспар бойынша өткізілді (жемісті жұмыстың ең басты белгісі – балаларды және ата-аналарды өткізілетін іс-шараларға қатыстыру, оқушыларды әлеуметтендіру).
Жұмыс тобы аталмыш жобаның жетістіктер бағасы мен жүзеге асыру нәтижелерінің белгілері әзірленді:

  • Сабақтан тыс уақытта шығармашылықты, әлеуметті маңызы бар әрекетпен айналысқан балалар санының артуы;

  • Балалар мен жеткіншектер арасында құқықбұзушылық санының төмендеуі;

  • Шағын аудан кеңістігінде өткізілетін іс-шаралардың, акциялардың, фестивалдердің, конкурстардың, спорт жарыстары сапасының артуы;

  • Балалардың сабақтан тыс әрекетін ұйымдастыруда ата-аналардың ынталылығы мен себептерінің артуы;

  • Баланы әлеуметтеуге бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсатына жету;

  • Аталмыш жобаның бағдарламаларын жүзеге асыруда серіктестер санының артуы;

  • Ұйымдастырылған іс-шаралар (қамту мониторингі, сауалнама тарату) жобасының сапасымен қатысушылардың қанағаттануы.

Желілік кесте және іс-шаралар жоспарына сай өткен кезең бойынша № 86 ОМ мен № 1 ӨМ шағын ауданында 16 түрлі іс-шаралар өткізілді, олардың ішінде маңыздылары:



  1. «Жаңа ғасырдың дені сау ұрпағы» қалалық бой жазу (ЖЖТВ күресі Дүниежүзілік күні).

  2. «Менің сүйікті Отаным» патриоттық әндер фестивалі.

  3. «Отанымның кең-байтак даласы» тарихи-танымдық ойындары.

  4. Ток-шоу «Ал біздің аулада».


Қысқы мерзімде балалар таза ауада демалып сауық құруды ұйымдастыру үшін мектеп аумағында қардан төбешік, мұз айдыны, жарықтандырылған шаңғы жолы жасалған.

Іс-шаралардың тұрақты қонақтары еңбек және соғыс адагерлері, оқушылардың ата-аналары, шағын аудан тұрғындары болып табылады. Осы барлық іс-шаралар үлкен тәжірибелік маңызды, оқушылардың қабілетін, шығармашылық әлеуетін дамытады. Іс-шаралар демеушісі жеке кәсіпкерлер, «Орбита» ш/ауданында орналасқан «Алмаз», «Айдабол», «Хороший» дүкендерінің иелері болып табылады.


Алғашқы жоба тәжірибесі 1008-2009 оқу жылы басынан қаланың барлық 80 мектебіне енгізілген. 2009 жылдың ақпанында өз жұмысының қорытындыларын оқушылар Қарағанды қ. 75-жылдығын тойлау шегінде «Мен - Қарағандылықпын» конкурсында көрсетті. Үш тақырыптық бағытта 14 жоба ұсынылды. Оқушылар еңбегінің нәтижесі және олардың азаматтық ұстанымы жұртшылыққа мәлім болу үшін БАҚ-ты қатыстыра, қалалық конкурстың қазылар алқасына депутаттық корпус, қоғамдық ұйымдар өкілдері қосылды.


Аталмыш жобаны жүзеге асыру тек тәрбиелік міндеттерді ғана емес, білім беру міндеттерін де ұйғарды.

Білім беру:

  • Ізденудің, ақпаратты әзірлеу және талдау жаңа формаларын меңгеру;

  • Талдау мен коммуникативті дағдыларды дамыту;

  • Топтық жұмысынның дағдыларына ие болу.

Тәрбиелік:

  • жергілікті деңгейде қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу жолына жастар зейінін аудару;

  • қаламыздың жас азаматтарында белсенді азаматтық ұстаным, өз бірлестіктерінің әлеуметтік жағдайына жауапкершілік және қатыстылық сезімін қалыптастыру;

  • жастардың билік органдарымен азаматтық ниеттестігі және әрекеттестігі дағдыларын өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында қалыптастыру.

Жобаны іске асыру барысында күшті және осал жақтары белгіленді:



Күшті жақтары:

1. жоба балалар мен ата-аналардың бос уақыттарын ұйымдастыруда қажеттіліктері мен тілектерін зерттеуге мүмкіндік берді:



  • сабақтан тыс уақытында шығармашылық, әлеуметтік маңызы бар әрекетпен айналысатын балалар саны 7% ұлғайды.

2. Шағын ауданның әлеуметтік төлқұжаты жасалды:

  • 10 күн және одан да көп уақыт мектепке бармай жүрген балалар санын айқындау 17,9% жоғарлады (2007 жылдағы 155 оқушыдан 2009 жылы 189 оқушыға дейін).

3. Өз бірлестіктерінде оқушылардың әлеуметті маңызы бар мәселелерді зерттеу бойынша, азаматтық тұрғыларын ынталандыру бойынша жоба жұмысына қатысуы қарқынды артты. Салыстырмалы талдау 2007 жылдан балалар және жеткіншектер арасында құқықбұзушылық саны 46% төмендегенін (2007 жылдағы 52 қылмыстықтан 2009 жылдағы 24 қылмыстыққа дейін) көрсетті.

4. Жобаны іске асыруға қатысушы серіктестер саны 40% артты (2007 жылдағы 6 ұйымнан 2009 жылдағы 9 ұйымға дейін).

5. Әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған балалармен жұмыс жүргізу бойынша білім беру ұйымының мамандар штаты ұлғайды.
Осал жақтары:

1. Аталмыш жоба тек жергілікті орындаушы билік органдарының белсене қатысуымен ғана ендіріледі.

2. Жоба мектеп шеңберінен шықпайды, себебі бірқатар аулаларда демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыруға жағдай жоқ.

3. Қалада тегін демалу және сауық құру орталықтары мен аулалық клубтары жеткіліксіз.

3 қосымша
балаға ынтымақтас қала
Баланың құқықтары бойынша БҰҰ Конвенциясы мемлекеттер баланың бүкіл құқықтары мен бостандықтарына зейін аударып, оларды қадірлеп, қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қолдануға тиіс деп айрықша баса айтты. БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының «Балаға ынтымақтас қала» Жобасы – бұл баланың құқықтары бойынша Конвенциясында көрсетілген балалардың құқытарын толығымен жүзеге асыруға себепші болатын жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі.

Балаға жылы шырайлы болуға міндеттенген қала бала құқықтары туралы Конвенцияның қағидаттарына сәйкес жергілікті басқару жүйесін тізеді:



Кемсітпеу қағидаты (Конвенцияның 2-бабы). Бұл аталмыш қалада кемсітуге қандай да болсын түрінде тыйым салынады және балалар құқықтары жынысына, денсаулық күйіне, мүліктік жағдайына т.б. қарамастан сақталады.

Баланың ең асқан мүдделерін қамтамасыз ету қағидаты (3-бап). Жергілікті билік органдарының саясаты мен бағдарламалары қандай да болсын мәселелер бойынша, көбінесе тікелей балаларға байланысты болмаса да, олардың ең асқан мүдделеріне негізделе қалыптастырылатынына кепіл болады. Сонымен қатар, қалада алынған міндеттерді орындау мониторингі бойынша механизм қолданылады, соның ішінде қалалық жастар тарапынан да.

Баланың аман қалу деңгейінің барынша көп мүмкіншілігін және өмірге деген құқығын қамтамасыз ету қағидаты (6-бап). Бұл қағидат баланың аман қалу және даму құқығының іске асырылуына толық көлемде кепіл болады. Сонымен қатар, сапалы әлеуметтік қызметтерге, қауіпсіз және таза ортаға, білім алуға және т.б. қол жетуін қамтамасыз ету.

Баланың пікірін қадірлеу қағидаты (12-бап). Баланың тіршілік әрекетіне қатысты бүкіл сұрақтар бойынша балалардың белсене қатысуы қамтамасыз етіледі, оны үстіне балалар өз пікірін емін-еркін білдіре алады. Бұл пікірлерге баланың жасы мен кәмелетке толуына қарай тиісті зер салу керек. Шешім қабылдау үрдісіне балалардың қатысуы – жаңа амал, алайда балалар өміріне әсер ететін мәселелер туралы сөз қозғасақ, толық және жаппай қолданысты талап ететін амал.

Балалық шақты инвестициялау (қаржы салу). Ұлттық деңгейде мемлекет балаларға арналған әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлуге тиісті, ал жергілікті органдар осыған сайма-сай бюджеттік саясат қалыптастыру керек.

«Балаға ынтымақтас қалада» балалар және олардың отбасылары жақсы даму және жабдықталған өмір сүру үшін барлық жағдай жасалу қажет. Мұны отбасылық жағдайсыздығының алдын алу және отбасы институтын қолдауға, балалардың қараусыздығына және балалар үйі мен интернаттарға барып түсуіне жол бермеуге бейімделген бағдарламалар арқылы жүзеге асыру көзделді. Ол үшін отбасында балаларды тәрбиелеуге ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу қажет. «Балаға ынтымақтас қалада» отбасын нығайту бойынша басым күш салумен қатар, жетім балалар мен ата-аналар қамқорысыз қалған балаларға отбасын ұйымдастырудың балама түрлерін дамыту қажет.

Баланың және оның отбасының «Балаға ынтымақтас қаланы» мекендеуінде басты шарттарының бірі – жақсы жабдықталған тұрмыстық жағдайлар жасау. Тұрғын үй мен көпшілік пайдаланатын жерлер мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың мұқтаждықтарын қанағаттандыратын жағдайларлы ескеруі тиіс.



Баланың сапалы білім және тәрбие алу құқығын жүзеге асыру өте маңызды. Балалардың мектепке дейінгі білім алуына жол ашық болуы тиіс. Мектептік білім және тәрбие де ыңғайлы, сапалы және халықаралық стандарттар талаптарына сай болу керек. Оқытудың интерактивті әдістері мен жаңа технологияларын игеру, балалардың өмірлік дағдыларын дамыту, дау-жанжалсыз мінез-құлық және төзімділікті қалыптастыру қажет.

Денсаулық сақтау жүйесінде бүкіл балалар мен олардың отбасыларын сапалы қызметпен қамтамасыз ету мақсатында «Балаға ынтымақтас қалада» келесі шаралар іске асырылады: бастапқы медициналық-санитариялық көмектің жалпыға бірдей ыңғайлылығы, қызмет сапасын жақсарту, саламатты өмір салтын қолдау, әлеуметтік аурулардың алдын алу, репродуктивтік денсаулық, отбасын жоспарлау бағдарламаларын дамыту.

Сондай-ақ қалада «Үй аймағы» аумағын жоспарлау және жайластыру қажет, мұнда балалар әбден қауіпсіз және өздігінен жүре алады. Бұл таза және жарықтандырылған көшелерді, жақсы жарықтандырылған жол тораптарын, балалардың қимыл ойындарына арналған бос көше кеңістігін, аймақта көлік жылдамдығын 20-40 км/сағ дейін баяулату, көшелерді көркейту, түрлі түрлі тәндік кемшіліктері бар балалар мен жастар мүддесін ескере келе арнайы жүргіншілер орындары мен пандустар ұйымдастыруды алдын ала қарастырады.

Балалар қызықты және денсаулығына пайдалы демалу мен сауық құру уақытын өткізу үшін «Балаға ынтымақтас қалада» келесі жағдайлар жасалу керек:


  • спорт секцияларына қатысу мүмкіншіліктері болу;

  • саламатты өмір салтын насихаттайтын жалпы қалалық акцияларға қатысу;

  • түрлі үйірмелер, балалар және жастар клубына бару;

  • балаларға ынтымақтас мәдени-көпшілікке ортақ іс-шараларға қатысу.

«Балаға ынтымақтас қалада» барлық балаларға тең қоғамға ықпалдасу жағдайлары жасалады. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және әлжуаз топтар отбасыларының балаларына, жетім және ата-ана қамқорысыз қалған балаларға ерекше назар аударылады.

«Балаға ынтымақтас қала» жобасын іске асырудан күтілетін басты нәтиже балалардың өмір сапасын жақсарту, олар үйлесімді даму үшін барлық жағдайын қамтамасыз ету болады.

ЮНИСЕФ және Халықаралық заманауи саясат институты «Басқару тұжырымдамасы «Балаға ынтымақтас қала» – Қазақстанда зерделеу және мақұлдау» жобасын 2005 жылы қазан айында іске асыруға кірісті. Жоба мақсаты – әлеуметтік саясатты жетілдіру және әлеуметтік жоспарлаудың әдіснамасын өзгерту жолымен Қазақстанда отбасы мен балаларды қолдау кешенді әлеуметтік жүйесін дамытуға қолғабыс ету. Бәрінен бұрын бұл бала құқығы бойынша БҰҰ Конвенцияны толық орындауды көздеген жақсы басқару жүйесі.

2006 жылғы 9 қыркүйекте Өскемен қаласы әкімдігі және БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры арасында «Балаға ынтымақтас қала жасау» алдын ала жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. 2007 жылғы 31 желтоқсанда бірінші кезеңі аяқталды.

Сапалы өмір сүруге балалардың құқығын қамтамасыз ету, қалалардың инфрақұрылымын және балаларға әлеуметтік саласын кеңейтуге қолғабыс ету, қызмет үйлестірілуін жүзеге асыру, «Балаға ынтымақтас қала» жобасын іске асыру бойынша жұмысқа әдістемелік және кеңестік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының 10.04.2009ж. №37 бұйрығымен қалалар тізімі – жобаның тәжірибелік алаңқайлары – бекітілді. Оған енгендер:

























































балаға ынтымақтас қалаға бет алған Саран
Саран қаласы облыстық қала болып табылады, Қазақстан Республикасының Қарағанды облысына жатады, облыс орталығына бағынышты. Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. 1954 жылғы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласының бөлігінен құрылған.

Бүгінгі күні қала аумағы 168 ш.км. құрайды. Халық саны – 52,9 мың адам, оның ішінде 8866 – 18 толмаған балалар. Қала аумағында 74 ұлт өкілдері тұрып жатыр.

Білім беру саласында қалада 8 жалпы білім беру мектебі, 1 кешкі кезекті мектеп, қосалқы мектеп-интернат, колледж бар. Қазналық мемлекеттік өнеркәсіп есебінде қалада 6 мектепке дейінгі балалар мекемелері, 6 мектептен тыс мекемелер қызмет көрсетеді. Қала және оған жанаса орналасқан кенттерде 7 мәдениет нысандары бар. Соның ішінде 5 кітапхана және 2 Мәдениет үйі.

Саран қаласының экономикасы индустриалдық мамандандырылған, көбі қазып шығаратын өнеркәсіп, мұнайхимиялық сала, құрылыс материалдар өнеркәсібі, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібі салалары.

2009 жылғы 1 қазан күні бойынша Саран қаласында 369 шаруашылық жүргізуші субъект бар деп саналады.


Каталог: fileadmin -> user upload -> files
files -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
files -> Алма Есенбаева
user upload -> Б е к ітемі н орал қаласы әкімінің орынбасары Г. Г. Орынгалиев
user upload -> Суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу Құрметті бақ өкілдері, құрметті көрермендер, бүгінгі таңда адамдардың судағы қазасы
user upload -> 2016 жылғы 5 айдағы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-қызметтік нәтижесі туралы ақпарат Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
files -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің
user upload -> Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi шағын орталықтар қызметiн ұйымдастырудың үлгiлiк ережесi
user upload -> Білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айының жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет