М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет2/6
Дата15.06.2017
өлшемі1,19 Mb.
#19150
1   2   3   4   5   6

5. Дәріс кешені.

1 Дәріс



Тақырыбы. Астрономия және физика ғылымдарына кіріспе.

Мақсаты: Физика және астрономия ғылымдарымен танысу.

1.Табиғи орта сапасы.

2.Табиғатты пайдаланушы салалардың даму болашағы.

Тірек сөздер: ресурс, энергия, геосфера.

Физика –техниканың дамуына, өркендеуіне күшті әсер ететін ілім. Физиканы жете білмей келешекте техниканы дамыту, өндіріске жаңа тәсілдерді енгізу мүмкін емес. Себебі физика техникалық ілімдердің бастысы болып есептеледі.

Жалпы алғанда ғылыми анықтама бойынша физика-материяның жалпы қасиеттерін, қозғалыстарын зерттейтін іргелі ілім.

Қазіргі астрономия қарқынды даму кезеңін бастан кешірді. 20ғасырдың ортасында астрономияның ревалюциялық дамуы басталды. Физика заңдылықтарын ашу оңай емес, себебі бізді қоршаған әлем дүниесінің табиғаты мол, байланыстары шексіз көп.

Астрономия- Әлемді зерттейтін ғылым, сонымен қатар аспан денелерінің қозғалысын және дамуын зерттейтін ғылым саласы.

Сонымен қатар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және адамдарды өне бойы ресурстармен қамтамасыз ету өте күрделі мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды сарқытпау үшін қалпына келмейтін ресурстардың қорын барлауды қарқандатуға шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін ашуға барлық күшті жұмылдыру қажет.

.Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи ресурстардың маңызы

2.Сарқылатын ресурстар дегеніміз не.
2 Дәріс.

Тақырыбы: Астрономияның пайда болуы және басқа ғылымдармен байланысы.

Мақсаты: Астрономия қандай ғылымдармен байланысы зерттеп, таныстыру.

1. Ғалымдардың пікірлері.

2. Физиканың алатын рөлі.

Тірек сөздер: мезазой, вертикальды, планета.


Астрономия ең ежелден келе жатқан ғылымдардың бірі. Ең алғашқы астрономиялық деректер б.э.д.8ғасырда пайда бола бастады.

Астрономия техникалық ғылымдар сияқты физикамен, география, экология, математика, биология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты.

Астрономия үш негізгі бөлімге бөлінеді: бірінші-астрометрия, екінші- аспан механикасы, үшінші- астрофизика болып бөлінеді. Астрономияның негізі- бақылау болып есептеледі.

Ақшалай бағалау бағаладың натуралдық көрсеткіштеріне қарағандағы айырмашылығы, оның үлкен икемділігі мен жан-жақтылығы. Ол жалпы түрде табиғи ресурстардың көлемін бағалауға, қашан ресурстардың жалпы мөлшерін салыстыруды қажет еткен жағдайда осылардың айырмашылығын байқауға мүмкіндік береді.



Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық бағалану дегеніміз не.

2. Сарқылмайтын ресурс түрлері.
3Дәріс.

Тақырыбы: Галактика, галактика түрі.

Мақсаты: Галактика және оның түрлерімен танысу.

1. Галактика түрінің таралуы.

2. Тіршілік бесігі.

Тірек сөздер: мариана, тіршілік бесігі, бактериялар.

Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы

Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: “гонейа” – туылу деген мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль, эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар.

Болжамдар бойынша галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер - гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде түзілген. Бұл заттар галактикалардың ядросында әлі де кездеседі деген жорамалдар да бар. Кеңейетін Ғаламның теориясы астрономияның прогресіне себеп болған, бірнеше қиындықтармен кездесті. Үлкен жарылыстан кейін шексіз тығыздығы бар нүктеден ұшып шыққан зат, өзара тартылыс әсерінен бір – бірін тежеп, олардың жылдамдығы төмендеу керек. Бірақ тоқтау үшін бүкіл Ғаламның массасы да жетпейді. Осыған байланысты ғылымда 1939 жылы Ғаламдағы “қара ойықтар” туралы гипотеза пайда болды. Бұл ойықтар көзге көрінбейді, бірақ олар Ғаламның массасының 9/10 бөлігін құрайды.

Сонымен “қара ойықтар” дегеніміз не? Егер кез келген заттың белгілі бір массасы сол массаға шекті болып табылатын аз деңгейге жетсе, онда бұл зат өзінің тартылыс күші әсерінен тығыздала бастайды. Тығыздалу әсерінен затың массасы көбейіп, сәйкесінше заттың тартылыс күші де жоғарылай бастайды. Бұл тартылыс күшін жеңу үшін заттың жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан да жоғары болуы тиіс. Сондықтан да “қара ойық” сыртқа ештеңі де шығармай, ешқандай жарықты шағылыстармайды, яғни көзге де көрінбейді. Сондай ақ “қара ойықтың” ішінде кеңістік өз бағытынан ауытқып, уақыт баяулайды. Осы “қара ойықтар” галактикалардың ядросын құрап, өте қуатты энергия көзі болған және олар жұлдыздарға дейінгі зат, яғни олардан жұлдыздар пайда болған деп жорамалданады.

1963 жылы квазарлар (квазижұлдыздық радиосәуле көзі) - ғаламдағы радиосәулелердің аса қуатты қайнар көзі ашылды. Олардың жарығының күші галактикалардың жарығынан жүздеген есе артық, ал көлемі олардан ондаған есе аз. Квазарлар – жаңадан түзілген галактикалардың ядролары болып табылады, яғни галактикалар әлі түзілу үстінде деген болжамдар бар.Астрономиялық бақылаулар, галактикалардың ядроларынан үздіксіз сутегі бөлінетіндігін көрсетті. Барлық химиялық элементтердің бастапқысы, яғни сутегінің атомы, басқа химиялық элементтердің ішіндегі ең қарапайымы болып табылады – ол оның ядросындағы бір протоннан және орбитасында айналып жүретін электроннан құралған. Нуклеосинтез теориясына сәйкес, сутегіден жұлдыздардың қойнауында атомдық реакциялар нәтижесінде күрделі атомдар түзіледі. Жұлдыздың массасы неғұрлым көп болса, соғұрлым күрделірек атомдар түзіледі. Біздің күніміз кәдімгі жұлдыздар секілді сутегіден тек гелий ғана шығарады (ол галактикалардың ядроларын түзеді), ал аса ірі жұлдыздар тірі заттың негізгі элементін - көміртегін жасап шығарады.

Жұлдыздардағы нуклеосинтез теориясы физикалық эволюция мен химиялық элементтердің таралуын, олар алғашқы жұлдыздардың сутегі мен гелийдің қоспасынан тұратын заттардан түзілген деген жорамалмен жақсы түсіндіреді. Ядролық реакцияларды ғаламның космологиялық ұлғаю деңгейі мен осыған байланысты оның температурасының төмендеуіне байланысты қарасты...

Табиғи ресурстардың құрамында тұтыну көлемі жағынан минералдық шикізат ресурстарының алатын орыны ерекше. Қазіргі кездегі басты проблемалардың тиімділігін барынша арттыру, оларға ұқыпты қарау, минералдық шикізаттар кешенінде атқарылатын өндірістік процестерден келетін зиянды қалдықтарды болдырмау т.б.

Минералды шикізат ресурстарын пайдаланудың басты ерекшелігі- пайдалы қазба байлықтарды шығару қарқынының жоғары болуы. Болжам мен тәжірибе біздің республикада 2000 жылдары металл, энергия, химия және де басқа шикізат өнімдерін өндіру үш есеге дейін өсетінін дәлелдеп отыр. Егерде пайдалы қазба байлықтардың көлемі мен қарқынын игеруді қарайтын болсақ, онда төмендегілерді атап өткен жөн.

Минералдық шикізаттар қоры жағынан Қазақстан орасан зор байлыққа ие. Мұнай қорының қамтамасыздығы жағынан біздің республика Біріккен Араб эмиратынан, Кувейттен, Ираннан, Сауд аравиядан , Ирактан, Вэнесуэлден және газ қоры жағынан Ираннан, Ирактан, Нинериядан, Кувейттен, Біріккен Араб эмиратынан, ал маргнец рудасынан Америка Құрама Штаттарынан кем түседі.

4Дәріс.

Тақырыбы: Күн жүйесі.

Мақсаты: Күн жүйесімен танысу.

1. Күн жүйесі дегеніміз не.

2. Күн жүйесіндегі өзгерістер.

Тірек сөздер: планктон, нектон, бентос.

Планеталардың Күн төңірегіндегі жол «орбита » деп аталады. Күнге ең жақын айналатын планета- Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун ең соңында Плутонның орбитасы өтеді.

Жер және басқа планеталардың тұйық жол жасап айналып жүруі Күннің тарту күшіне байланысты. Жер Күнді орта есеппен 150млн.км қашықтықта айналып жүреді. Күн жүйесіне кіретін планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуы оның осы қашықтықтағы орнына тікелей байланысты. Ғалымдар күн сәулесінің түсу мөлшері Шолпанның орбитасынан Марстың орбитасына дейінгі аралықта ғана тіршілік үшін қажетті жағдай жасай алады деп есептейді. Жерге қарағанда Шолпанның орбитасы Күнге 40млн.км. жақын,ал Марстікі керсінше онан 78млн.км алыс роналасқан.

Бақылау сұрақтары:


  1. Күн жүйесі несімен ерекшеленеді.

  2. Қандай планеталар күнге жақын орналасқан.

5Дәріс.

Тақырыбы. Күнтізбе, Қазақ халқының қолданған күнтізбесі.

Мақсаты: Күнтізбелермен таныстыру.

1.Күнтізбе деген не.

2.Күнтізбенің қандай тиімділігі бар.

Тірек сөздер: атмосфера, қазаншұңқыр, тропик.

Қолданыстағы жыл санау үлгісіне негізделген "Қазақ күнтізбесі" алғаш рет 1923 жылы Орынбор қаласынан "Қазақ календары" деген атпен жарық көрді. Кейін араға уақыт салып барып 1960 жылы қайта шықты.

"Тіпті министрлер кеңесінің шешімімен күнтізбе дайындау үшін 1959 жылы арнайы редакция құрылып, екі-үш жылдың көлемінде күнтізбенің жыл сайынғы таралымы 350 мың данаға жеткен. Осы редакцияның құрылуына баспасөздегі неге орыс тілінде күнтізбе бар да, қазақ тілінде жоқ дейтін пікірталас себепші болған", – дейді жазушы Нұрмахан Оразбек.Ел есінде "жыртпалы календарь" деген атпен қалған бұл күнтізбе 1995 жылы бір жыл "демалысқа" шығып, келесі жылы қайта жарық көрген болатын. Бірақ бұл дәстүр 2008-2009 жылы тағы үзілген.

Мұның себебін Нұрмахан Оразбек былай түсіндіреді:

– Сол уақытқа дейін бұрынғы Совет Одағындағы күнтізбе шығаратын жалғыз баспа "Кострома баспа-полиграфия бірлестігімен" отырған шарттағы баспаханалық шығындар, тасымал ақысы, тағы да басқа кедергілер "Қазақ күнтізбесінің" 2008 және 2009 жылдары жарыққа шықпай қалуына себеп болды.

Ал 2010 жылға арналған күнтізбе бұрынғыдай жыртпалы емес, сырты қалың мұқабамен қапталған кітапша түрінде жарыққа шықты. 2011 жылға арналған "Қазақ күнтізбесі" үшін де осындай кітапша үлгісі сақталды. Таралымы – 10 мың дана.

"КҮНТІЗБЕНІ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕН БАСТАҒАН ДҰРЫС"

Байырғы қазақтың күн, ай, жыл қайыруда өз есебі бар

Күнтізбе зерттеушілердің бірі Марат Нәукенұлы "Байырғы қазақтың күн, ай, жыл қайыруда өз есебі бар", – дейді. Оның пайымдауынша, халықтың шаруашылық тәжірибесінен өтіп, тұрмыс-тіршілігінің көзіне айналған бұл күнтізбенің қазіргі күнтізбеден айырмасы жер мен көктей.

– Мәселен, қазақ о баста наурызды "бірдің айы" деп атады, – дейді ол. – Яғни жылдың басы – бірінші айы.

Ел ішінде айтылатын "ұзынсары" мен "бес қонақтың" да өзіндік мәні бар.

Күн мен түн 21 наурызда теңелетінін, жаңа жылдың да осы күннен басталатынын ойға түйе отырып, әр күнді қазақша отыз күнмен санап 12 айға көбейтсек, 360 күн. Бүгінгі есеппен салыстырғанда – бес күн кемдік. Бұл – кемшілік емес, біз айтып отырған "бес қонақ", – дейді зерттеуші.

Марат Нәукенұлының айтуынша, күн мен түннің наурыздың 22-іне қараған түні теңелетінін ескере келгенде жаңа күн, жаңа жыл наурыздың 22-інен бастап саналмақ. "Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсымен дөп келетін осы кезеңді қазақ тұтасымен "ұзын сары" деп атаған. Сондықтан да күнтізбені ежелгі қазақтың есебі бойынша ұлыстың ұлы күнінен бастаған дұрыс", – дейді о

Табиғи ресурстарды өндіріс процесіндегі тауарлар өндіру және қызмет көрсетуге қатыстыру мәселесіне үлкен ықпал ететін ғылыми-техникалық жетістіктер. Ғылыми-техникалық прогресс табиғи ресурстарды пайдалануды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Ауыл шаруашылығы егін және мал шаруашылығында интенсивтік тәсілдер көптен-көп енгізілуде, өнеркәсіп өндірісінде отын-энергия және материалдар сақтау технологияларына өту ойдағыдай іске асырылып келеді. Шикізаттар және отынға кететін шығындардың үлес салмағы қысқартылуда, натуралды ресурстарды алмастыру мақсатында көптеген сентетикалық материалдарды ойлап шығаруда.

Ғылыми техникалық прогресстер табиғи ресурстарды интенсивті пайдалануға алып барады. Сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға ұнамсыз антропогендік ықпалының экологиялық потенциялын анықтауда бірсыпыра мәселелер пайда болады. Ғылыми техникалық прогресстер осы заманға экологиялық дамуын сипаттайтын, қоршаған табиғи ортаның сапасын және қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастарын анықтайтын дәрежеде болуы. Қазақстан Республикасы экономикалық және ғылыми-техникалық потенциалы жағынан үлкен орынға ие. Табиғи ресурстардың бірегей негізінде Республикада отын-энегетика, металлургия, химия өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығындағы кешендері жұмыс істеп келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ресурстардың қоғамдағы орны.

6 Дәріс.

Тақырыбы. Ай .Ай фазалары.

Мақсаты: Ай және ай фазаларымен танысу.

1. Ай туралы қандай мәліметтер білесіңдер.

2. Ай фазаларының мәселелері.

Младие календары бойынша бір жыл 365 күн немесе, 366 күн болады. Бұл уақыт жер шарының күнді толық бір рет айналып шығыуына кететін уақытқа тура келеді. 365күндік жыл әдеттегі жыл деп ал, 366 күн болатын жылды Артық жыл не толық жыл деп атайды. Младиа календры бойынша әр төрт жылдың 3 жылы әдеттегі жыл, ал бір жылы толық жыл болады(халқаралық келісім бойынша солай). Толық жыл үшін Младиа жыл саны 4 ке қалдықсыз бөлінеді. Ал әдеттегі жылдар қалдықсыз бөлінбейді. Мысалы: осы жыл толық жыл, келер2009 жыл 4 ке бөлінбейтіндіктен ол әдеттегі жыл болады.Бір жыл 12 айға бөлінеді, айлар үлкен ай және кіші ай деп екіге бөлінеді. Үлкен ай 31 күннен, кіші ай 30 не 29 не 28 күннен болады. Бұл айлардың рет тәртібі және күн саны төмендегідей:

1-ай қаңьар 31 күн, 2-ай ақпан 29 не 28 күн, 3- ай наурыз 31 күн, 4- ай көкек 30 күн, 5- ай мамыр 31 күн, 6- ай маусым 30 күн, 7-ай шілде 31 күн, 8-ай тамыз 31 күн, 9- ай қыркүйек 30 күн, 10-ай қазан 31 күн, 11- ай қараша 30 күн, 12-желтоқсан 31 күн. Ақпан айы әдеттегі жылдарда 28 күн, ал толық жылдарда 29 күн. Бұдан басқа календырда мынадай мәселе бар, яғни, әр 400жыл сайын 3 күнді календырдан шығарып тастау. Шығарып тастау әдісі төмендегідей: младие жыл санының әр орындағы сандардың ішіндегі жүздік және мыңдықтар орнында тұрған сандардың 4 ке қалдықсыз бөлінбейтін сандарынан бір күнді шығарып тастау. Мысалы: 1300, 1400, 1500-жылдарының жүздер және мыңдықтар орнындағы саны 13,14,15, яғни 4 ке бөлінбейді, сол себепті осы осы жылдардан бір бір күнді шығарып тастайды.сол үшін осы жылдар әуелде толық жыл болсада толық жыл ретінде алынбайды. 1600жылдағы 16 саны 4 ке қалдықсыз бөлінеді, сондықтан бұл жыл әуелде белгіленгені бойынша толық жыл бола береді.

Қазргі дүниеде осы календарды қолданады.

2. календардың пайда болуы және дамуы

Уақытты есептеуге адамдар бұрыннан тартып көңіл бөлген. Осыдан бірнеше мыңжылдықтар бұрын сол заманға лайықталыр бірнеше түрлі календарлар жасалып шыққан, мысалға қазыргі Хижра календары.

Сонымен младие календары деген не? Ол қашаннан бастап қолданыла бастаған?

Младие календары христан мүриттерінің календары болып, младие деген сөз туылыу деген мағына берген. Бұл Ғайса пайғамбардың туылған күніннен бастап қолданылған дегенге жақын келеді. Бұл календар ең әуелде Мысырлықтардың күн календары болған, ал ол кезде Римдіктер ай календарын істеткен, олардың календары римның құрылғаныннан бастап қолданыста болғанын білдірген(бірақ римның қашан құрылғанын ешкім білмейді ғой).

Младиеден бұрынығы 46жылы рим императоры Юлий Цезарь өзінің мысырлық кеңесшісі Сүзгіннің ұсынысы бойынша қазыргі біз қолданып жүрген 365 күн 6 сағат ретінде есептеуді жолға қойған. Есептеу әдісі де дәл бүгінгі күндегідей болған, және 3 жылды 365 күннен, ал 4-ші жылын 366 күннен есептеген, әр жылы есептелмей қалған 6 сағатты 4-ші жылдың ең соңғы айына (ол кезде жылдың ең соңғы айы ақпан болған)қосып берген, сондықтан да жылды осы тәсіл бойынша есептейтін аелендар «Иұли календары » деп аталады.

Младие бойынша есептегенде 525-жылы (ол уақытта бұл жыл болмаған) Ныкей шіркеуінде тұңғыш рет Иұлан календары негізінде «Христан календары » жасалған. Бұл календардың түзіліуі бойынша көктемде болатын күнмен түннің теңесуі 21- наурызға туара келен. Осыдан 100 жыл өткен кезде бұл календарда көрсетілген күнмен түннің көктемгі теңелуі 21- наурызға емес басқа күнге келетінін байқаған, нәтижесінде христан дініндегі көптеген діни мереке мейрамдар дәл уағында келмейтін болған. Енді дін басылары ойлана бастайды.

Римдықтардың сол кезде жүргізіп жатқан календары бойынша 1284жылы(бұл бағана біз айтып өткен рим құрылған кезден бастап есептелген календар бойынша) арнайы дінни істермен шұғылданатан дінни ҰЛМА дінбасы «Қайса пайғамбардың туылған күні»нен бастап жыл санауды бастап есептеуді ұсынады. Ол ешқандай дәлел келтірместен Қайса пайғамбар осыдан 532 жыл бұрын туылған, сондықтан келер жылды 533-жыл деп санау керек дейді. Сол жылдан бастап біздің қазргі Младие календары бойынша жыл санауымыз басталып кетеді. Одан бұрын Младие бойынша есептелген жылнамалар нағында жоқ еді(қазргі тарихи құжаттардағы 532-жылдан бұрынғы календар бойынша берілген сандық мәліметтер кейінгі тарихи кітаптарда жарияланғанда уақытты дұрыс түсіну үшін младие календарына салыстра календар істетіледі.)

Дін басы 532 санын қайдан тапқан? Бұл сан 28 бен 19дің көбейтіндісі, онда 28 саны қандай сан? Юлиян календары бойынша 28жылда жылдың барлық күндері басынан бастап соңына дейін бірдей қайталанады. Мысалға, 1984жылдың барлық күндері 1956-,1928-, және 2012жылдың барлық күндерімен бірдей келеді.(1984-жылдың 15- қыркүйегі сенбі, онда жоғардағы жылдардың 15-қыркүйегі де сенбі болады.) ал енді 19 саны қайдан келген?

Ай фазалары(айдың толық және жарты ай болып өзгеру аралығы) әр 19 жылда бір рет өзінің бұрынғы күндері бойынша ұқсас фазада келеді.

Есептеулерге қарағнда, христандардың көктемде келетін Пасқа мерекесі, 532-жылдан кейінгі көктемде Ныкей ғибадатқанасында жасалған календар бойынша бұрынғы белгіленген уақытқа сәйкес келеді. Демек, дін басы 532 санын осындай күрделі есептеулер мен зерттеулер арқылы келтіріп шығарған болуы мүмкін. Бірақ, бұл Қайса пайғамбар осыдан 532жыл бұрын дүниеге келген дегенді білдіре бермейді. Оның бұл сөзі тек шіркеудің календардағы қателіктерді туралау үшін айтылған сөзі болуы мүмкін. Сонымен младие бойынша жыл санау бір нақтылыққа құрылғаннан көрі дінніи амалдар бойынша келген деуге де болады.

Ныкей ғибадатқанасының календары бойынша 21- мартта келетін күнмен түннің теңелуі 16- ғасырдың екінші жартысына келгенде 10 күн айрмашылықты келтіріп шығарған, яғни күнмен түннің теңелуі 11 мартқа тура келіп қалған, бұл қателік қайдан шыққан? Астрономиялық есептеулерге қарағанда жершарының күнді толық бір рет айналып шығыу үшін 365 күн 5 сағат 48 минут 46секунт (яғни 365,2422 тәулік) кететінін есептеп шығарған, Юлиян календары бойынша бір жыл 365 күн 6 сағат бойынша есептелетіндіктен бұл календар нақты жылдан (күн жылы немесе Тропик жылы деп аталады) әр жылы 11 минут 14 секунд артық есептелінеді. Осындай айырмашылық 128жылда бір күнге, 400жылға жуық уақыт ішінде 3 тәулікке жетеді, осы себепті Юлиан календары 1200жылдан (календар жасалған 325жылдан бастап) артық уақыт ішінде 10 күн айрмашылықты келтіріп шығарған, бұл айырмашылық календар жылын нақты жылдан (күн жылынан ) 10 күн кешіктреді, нәтижеде, біз жоғарда айтып өткен көктемде келетін 21-науырыздағы күнмен түннің теңелуі 11-наурызға келген.

Солай болып бұл 10 күндік айырмашылық христанның әр жылы өткізетін дінни мерекелерінің өз уағында болмауына әкеліп соққан. Осы мәселені шешу үшін христан дін басыларының бірі рим папасы Григори XIII асторномдар мен діни адамдарыды шақырып осы қателкті бір жақты етуге бұйрық береді. Осы барыста Италаиялық Лылонның ұсынысы бойынша Юлиян календарына өзгерістер енгізу туралы қарар қабылданып , 1582-жылы 24-ақпанда ол күшіне енеді. Қарардағы өзгерстерде төмендегілер ортаға қойлады:

1) 1582жылы 4-қазаннан кейін келетін 5-қазанды (жұма)15-қазанға өзгертілді. Сонымен бұрынғы 10 күндік айырмашылық жоғалып, 1583-жылы көктемде келетін күнмен түннің теңелуі 21- науырызға тураланды.

2) Келесіде және оысндай айырмашылықтың келіп шықпау үшін әрбір 400жылда Юлян календарының 3 күн артық есептеліп кететін уақыты шығарып тасатуды белгіленген. Шығарып тастау ережесі: юлян календары бойынша 4 ке қалдықсыз бөлінетін жылдар толық жыл болып есептелетін, бірақ, бұл белгілеме бойынша жүздер және мыңдықтар орынындағы сандары 4 ке қалдықсыз бөлінетін жүздік жылдар (мысалы 1200, 1600, 2000-жылдар) әуелдегі белгілеме бойынша толық жыл болсада , 4 ке бөлінбейтін жүздік жылдар (мысалы 1700,1800,1900-жылдар) нағында толық жыл болмасада оларды толық жыл ретінде қарау керек деп бекітілді. Осы өзгерістерден басқа календарды есептеу бұрынғы юлян бойынша есептеу әдісінде қалдырылды. Соынмен осыдан бастап әр 400жыл сайын келетін 3 күндік аиырмашылық жоғалды. Бұрынғы календарды жаңа өзгерген календардан айрып тұру үшін жаңа календарды «Григориян календары » деп атады. Қазргі дүниеде осы календарды істетеді.


Осы календар папаның үкімі бойынша өзрегнен күннен(1582-жылы 15-қазаннан) бастап қолданысқа енгізген елдер Португылия, Испания, Белгия, Италя болады. Одан кейін Европаның католик діннен сенетін елдері біртіндеп осы календарды қолдана бастады. 1752жылы Ұлы-Британияда ,1873-жылы Жапонияда, 1912-жылы Қытайда, 1918-жылы Бұрынғы Совет одағында, 1925жылы Иранда, 1926-жылы Түркияда , 1928-жылы Мысырда қолданысқа енген. Көне календар мен жаңа календарыдың айрмашылығы XVI ғасырдан тартып 19-ғасырдың соңына дейін және 3 күндік айрмашылықты келтіріп шығарды, сол себепті көне календар мен жаңа календардың айрмашылығы кешегі 20 -ғасырда 13 күн болаып қалады, мысалға, Россияда календарды 1918жылға дейін жаңа календарға өзгертпегендіктен орыстар тарихындағы барлық календарлық мағұлматтар көне календар бойынша жазылған. Бұрынғы Совет одағының сотциялистік жеңіс күні көне календар бойынша 25- қазан болғандықтан та бұл күн төңкеріс күні деп аталады, ал нағында мемлекет мерекесі 25-қазаннан 13 күн кейін 7- қарашада өтеді.бүл көне календар мен жаңа календар аралығындағы 13 күндік айрмашылықтың кесірі еді. Осы айырмашылықты жою үшін Совет одағы жоағрғы кеңесі 1918жылғы 1-ақпан жұма күнін 14- ақпан деп өзгертуге қарар қабылдады. Сол кезден бастап одақта көне календар жаңа календармен тураланды.

Кейбір кітаптарда баяндалатын тарихи оқыйғалардың екі түрлі санмен берілетінін көреміз. Бұл көне календар мен жаңа календардағы уақыттарды білдіреді. Тарихи кітаптардағы жақша ішіндегі жазылған сан осы күнгі жаңа календармен берілген күнді белгілейді, мысалы: Манат Мұстафа 1886[1]жылы қыркүйектің 10(22) - жұлдызында дүниеге келген. 1903жылы 17(30)-шілдеде қандайда бір оқыс оқыйға болған жоқ деген секілді. Біздің қазргі календарымыз 2100жылға дейін көне календармен 13 күн айрмашылықпен жүреді. Сондықтан да 2000-жыл толық жыл болғандықтан 20-ғасырдың бітуімен ешқандай өзгеріссіз қалады. Ал 2100-жылдан кейін көне календарға және бір күн қосылып айрмашылық 14 күнге жетеді, солай жалғасы береді.

Жаңа календар бойынша әр 400жылда 3 күнді календардан шығарып тастағанның өзіндеде осы 400жыл ішінде жәнеде 2 сағат 53 минут асып қалады. Бұл асып қалған уақыт 3300жыл өткенде бір тәулікке теңеседі. Бірақ, бұл біздің өмірімізге көп кері әсері бола бермейді, 3300жылдан кейін және бір календар шығып осы айрмашылықты жоғалтуы да мүмкін

Бақылау сұрақтары.

1. Қалдықсыз технологияның маңызы.

7Дәріс.

Тақырыбы: Күн жүйесінің құрлымы.Күн және жұлдыздар.

Мақсаты:Күн жүйесімен танысу.

1. Күн жүйесінің құрлымы.

2. Күн және жұлдыздар.

Күн — Күн жүйесінің орталық жұлдызы.
Күн — G-спектрлік түрлі жұлдыз, оның диаметрі 696 000 km, 333 000 × Жер массасы, 1 300 000 × Жер көлемі, 1410 kg/m3 орташа тығыздығы бар. Экуаторы эклиптика жазықтығына 7.25º бұрыш мөлшерімен еңкейіп тұр. Негізінен сутегі мен гелийден құрылған. Көзге көрінетін беті «фотосфера» (температурасы 6000 К) деп аталады.

Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде Күннің ішкі құрылысы

1–Гелийлік ядро; 2-конвекция зонасы; 3-хромосфера; 4-фотосфера; 5–кун дақтары; 6-протуберанецтер; 7-тәж термоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады. Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды.

Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез-келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз орналасқан бөлігінің тарихын елестетуге мүмкіндік береді.

Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И.Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолдады. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х.Альвен ұсынып, кейін Ф.Хойл жетілдірген Күн жүйесінің пайда болуы гипотезасының электромагниттік варианты қазіргі таңда кең таралған.

Бақылау сұрақтары:

1. Ресурстарды сақтау дегеніміз не.
8Дәріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет