М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті
« Бекітемін»
Жаратылыстану-математика
факультетінің деканы
________________ Медешова А.Б
«___» __________2010 ж
География кафедрасы
050116 « География » мамандықтары
бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
Экскурсия жүргізу және музей ісі
пәні бойынша
КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ ( SILLABUS)
Курс – 3
Семестр – 5
Кредит саны – 2
Дәріс – 15 сағат
Лабораториялық сабақ – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы
( ОЖӨЖ) – 30 сағат
СӨЖ – 30сағат
Емтихан – 5-ші семестрде
Барлығы –90 сағат
Орал, 2010 ж.
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартына сәйкес типтік оқу бағдарламалар жиынтығы. Алматы, 2005. негізінде жасалды.
Құрастырушы: оқытушы Ходжанова Б.Х
География кафедрасының отрысында бекітілді.
« » қыркүйек 2010 ж. № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Амельченко В.А
Жаратылыстану-матеиатика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отрысында
бекітілді.
« » ____________ 2010 ж. № ___ хаттама.
Жаратылыстану-математика оқу-әдістемелік
Кеңесінің төрағасы. _____ Теміралиева.С. Б
( қолы ) ( аты, жөні)
2. Курс Бағдарламасы - SILLABUS)
Оқытушы туралы мәліметтер.
Ходжанова Б.Х.
География кафедрасы.
«Жаратылыстану» бөлімі, БҚМУ.
Достық даңғылы, 121
21 бөлме
1.2. Пән жөніндегі мәліметтер.
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Аптасына 2 кредит сағат, әрбір кредиттік-сағат бір кездесу сағатынан ( дәріс, лабораториялық сабақ) және екі сағат студенттердің өзіндік жұмысы оқытушының қатысуымен (СӨЖОЖ), екі сағат студенттердің өздік жұмысы оқытушының қатынасуынсыз (СӨЖ).
Кредиттердің апта бойынша бөлінуі:
Сабақ
|
Өтілу
ұзақтығы
|
Өзіндік
жұмыс
сабақтары
|
Өтілу
ұзақтығы
|
Кездесу сағаты
(дәріс сағаты 1)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кездесу сағаты
(лабораториялық
жұмыс1)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
СӨЖ
|
50+50 мин
|
Кредиттер саны – 3. Өтілетін орны №6 оқу ғимараты. №19 аудитория.
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Лаборатория-
лық жұмыс
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
5
|
3
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
Кіріспе.
Курстың мақсаты.
Курстың негізгі мақсаты «Экскурсия жүргізу және музей ісі» ғылымдары жайлы толық мағлұмат алу.
Курстың міндеті. Студенттерді Экскурсия жүргізу және музей ісі пәнінің зерттеу обьектісі мен таныстыру. Экскурсия ғылымының қоғамға пайдалы жақтарын түсіндіру.
Перереквезиттері: география, экономика,экскурсия, туризм, экология.
Постреквезиттері:
Сабақты оқу нәтижесінде студент:
Экскурсия туралы ұғымды.
Музей ісі оның даму сатылары
Экскурсия және музей ісінің бір-бірімен байланысы.
Экскурсия жүогізу барысындағы әдістер.
Студенттерге қойылатын талаптар
Курс бойынша жақсы баға алу үшін үнемі жұмыс жасауды қажет етеді. Курс бойынша бағалану бүкіл семестр бойына жүргізіледі. Ең жоғарғы максималды баға барлық жоспарланған жұмыстардағы тапсырмаларды дұрыс толық орындаған жағдайда қойылады. Әрбір студент кредит сғаттар бойынша жинаған баолдарының есебін жүргізіп отыруы тиіс. Сонымен қатар студенттерге қойылатын негізгі телептар:
Сабаққа қатысуы тиісті. Жіберілген сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген жоспар бойынша толық көлемде орындалып өтелуі тиіс. Курстағы сабақтың үштен біріне себепсіз қатыспаған студенттер, курстағы жоспарланған сабақтарды игере алмаған болып есептелінеді. Де университеттен шығарылады.
Студенттердің аудиториялардағы мінез-құлқы. Студент сабаққа кешікпеуі тиіс, сабақ кезінде сөйлесуге, рұқсатсыз жүруге, газет-журналдар оқуға, ұялы телофонмен сөйлесуге аудиториядан рұқсатсыз шығуға тиым салынады. Сабақ үстінде ұялы ұялы телефонын айырып тастауы тиіс. Оқу процесіне белсене қатысып отыру керек.
3. Үй тапсырмаларын орындау және оның есебін оқйтушымен клісе отырып тапсыру міндетті. Үй тапсырмасын есебін тапсыруға келісілген уақытта себепсіз келмеген студенттерден сабақ алынбайды. Осы есептер негізінде бағалау жүргізіледі, бұл бағалар қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Жеке тапсырмалар. Жеке семестрлік тапсырмалар студенттерге міндетті түрде беріледі. Олар рефераттар түрінде беріледі және қорғалады. Тапсырмаларға баға қойылады.
Апта-1
Кредит сағат -1
Дәріс -1
Тақырыбы: Кіріспе.
Дәріс мазмұны:
1.Экскурсия туралы ұғым
Қолданылған әдебиет: № 3. 13-17 бет
ОЖСӨЖ №1
Тақырыбы: Табиғаттану экскурсиялары.
1.Табиғатты қорғау-әр бір экскурсанттың міндеті
2.тақырыптық және танымдық табиғаттану экскурсиялары.
Әдебиет:№3, 204-209 беттер
СӨЖ №1
Тақырыбы: КСРО да туристтік экскурсиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Әдебиет №3, 7-28 беттер.
Кредит сағат-2
Семинар №1
Тақырыбы: СССР де экскурсия ісінің дамуы.
Әдебиет: №1, 6-12 бет
ОЖСӨЖ №2
Тақырыбы: Табиғаттану экскурсиялары.
1.Ерекше табиғат ескерткіштеріне экскурсия жасау.
2.Мемлекеттік қорықтарға экскурсия
Әдебиет:№3 209-211 бет
СӨЖ №2
Тақырыбы : ССР-і экскурсия ісінің тарихы.
Әдебиет.№3 28-30бет
Апта-2
Кредит сағат-3
Даріс-2
Тақырыбы: Экскурсия ісі және оның мәні.
Дәрістің мазмұны:
1.Экскурсия құрылымы
2.Экскурсияның негізгі функциялары
3. Экскурсияның белгілері
Қолданылған әдебиеттер:№3 63-78 беттер
ОЖ СОЖ №3
Тақырыбы: Табиғаттану экскурсиялары.
1.Табиғаттану экскурсияларына дайындық
Әдебиеттер:№3 211-215 бет
СӨЖ №3
Тақырыбы : Ресейдегі экскурсия ісінің дамуы.
Әдебиеттер:№ 3 30-35бет
Кредит сағат №4
Семинар №2
Тақырыбы: Түрлі тақырыптағы экскурсияларды өткізу.
Тарихи –ревалюциялық тақырыптағы экскурсияларды өткізу
Әдебиет №1, 45-49 бет
ОЖСӨЖ №4
Тақырыбы: Табиғаттану экскурсиялары.
табиғаттану экскурсияларын өткізу әдістері.
Әдебиет:№3; 214-215 бет.
СӨЖ №4: Совет елінде экскурсия ісінің қалыптасуы.
Әдебиеттер№3 35-51 беттер.
Апта -3
Кредит сағат-5
Даріс -3
Тақырыбы: Экскурсия өткізудің әдістемесі.
Дәріс мазмұны:
Экскурсия өткізу мақсатымен міндеттері
Экскурсиялық баяндаудың негізгі әдістемелік тәсілдері.
Экскурсиялық көрсетудің негізгі әдістемелік тәсілдері.
Әдебиет: №3 152-168
ОЖСӨЖ № 5
Тақырыбы:Экскурсия жүршгізу методикасы.
Әдебиеттер:№3 152-158
СӨЖ №5
Тақырыбы: Мектеп оқушыларына арналғаан экскурсия.
Әдебиеттер:№3 188-204 беттер
Кредит сағат–6
Семинар-3
Тақырыбы: Трихи тақырыптағы экскурсиялар.
Әдебиеттер:№1 50-54 бет
ОЖСӨЖ №6
Тақырыбы: Экскурсия өткізу методикасы.
1.Экскурсия экспонаттарын көрсету методикасы.
Әдебиеттер:160-168 бет,
СӨЖ № 6
Тақырыбы: Экскурсиялық қызметтің, дифференциялануы.
Экскурсанттарды топқа бөлу.
Әдебиет:№3 225-230 бет.
Апта-1
Кредит сағат-7
Дәріс № 4
Тапқырыбы: Экскурсия белгілері мен мәні.
Дәріс мазмұны:
1.Экскурсияны классификациялау.
Әдебиеттер:№2 53-62 бет
ОЖСӨЖ №7
Тақырыбы: Экскурсия жүргізу методикасы.
Әнгіме айту негіздері.
Әдебиеттер: №3 168-173 бет
СӨЖ №7
Тақырыбы: Экскурсиялық қызметтік дифференциялауы.
Әдебиеттер:№3 225-236 бет
Кредит сағат-8
Семинар №4
Тақырыбы. Әскери-тарихи тақырыптағы экскурсиялар.
Әдебиет: №1, 54-57 бет
ОЖСӨЖ №8
Тақырыбы:Экскурсия өткәзу методикасы.
Экскурсия негіздері қимыл қозғалыс.
Әдебиет:№3 173-174 беттер
СӨЖ №8
Тақырыбы: Экскурияға дайындық
1.Басқа материал көэдерін пайдалана отырып, әдебиеттерді тандау.
Әдебинттер:№3 112-114 бет
Апта-5
Кредит сағат -9
Дәріс №5
Тақырыбы:Экскурсия белгілері және мәні
Дәріс мазмұны:
Экскурсия тақырыбы,мақсаты және мәселесі.
Экскурсия маршруты, экскурсия объектілері
Экскурсавод портфелі.
Әдебиеттер:№2 62-79 бет.
ОЖСӨЖ №9
Тақырыбы: Экскурсия өткізу методикасы
1.Экскурсия өткізудің басқа да әдістері
Әдебиет:№3 176-178 бет.
СОЖ №9
Тақырыбы:Экскурсия негізінде, әдебиет, архив және басқа да мәліметтерді пайдалану.
Әдебиет:№3 114-115 бет
Кредит сағат -10
Семинар-5
Тақырыбы: Өнертану тақырыбындағы экскурсиялар.
Әдебиет: № 1 57-61 беттер.
ОЖСӨЖ №10
Тақырыбы: Экскурсия және оның мәні.
Экскурсия функциялары
Әдебиет № 3 63-67 бет
СОЖ №10
Тақырыбы: Музей қоры мен оның экспозицияларымен танысу.
Әдебиет: №3 115-116 бе
Апта-6
Кредит сағат -11
Дәріс № 6
Тақырыбы: Экскурсия белгілері және мәні.
Экскурсия жүргізу.
Дәріс мазмұны:
1.Экскурсия обьектілерін көрсету.
2.Экскурсия кезіндегі әңгәменің ролі.
3. Экскурсия жүргізу техникасы.
Әдебиет №2, 80-106 бет
ОЖСӨЖ №11
Тақырыбы:Экскурсия және оның мәні
1 Экскурсия белгілері
Әдебиет №3 67-71 бет
СӨЖ №11
Тақырыбы. Экскурсиялық объектілерді оқу және таңдау.
Әдебиет:№3 116-123 бет тер
Кредит сағат-12
Семинар-6
Тақырыбы: Архитектура қала салу тақырыбында экскурсиялар жүргізу.
Әдебиет №1, 68 бет
ОЖСӨЖ №12
Тақырыбы:Экскурсия және оның мәні
1.Көрсету және айту. Олардың ерекшеліктері.
Әдебиет.№3 71-78 ,бет.
СӨЖ №12
Тақырыбы: Экскурсияға дайындық.
Әдебиет:№3 123-124 бет
Апта-7
Кредит сағат -13
Дәріс №7
Тақырыбы:Экскурсия белгілері және мәні.
Дәрістің мазмұны:
1.Экскурсаводтың мәдениеттілігі.
Әдебиет.№2, 106-114 бет
ОЖСӨЖ №13
Тақырыбы: Экскурсия танымдық құрылыс.
Әдебиет: №3 78-81 бет
СӨЖ №13
Тақырыбы: Экскурсияға дайындық.
1.Маршрутты дайындау.
әдебиет. №3, 124-125 беттер
Кредит сағат-14
Семинар-7
Тақырыбы: Сурет өнері туындылары көрсетілетін экскурсиялар.
Әдебиет. №1, 68-72 беттер
ОЖСӨЖ-14
Тақырыбы: Экскурсия кезіндегі логикалық ойлау және қажеттілік.
Әдебиет №3 81-82 бет
СӨЖ №14
Тақырыбы: Экскурсия барысында бақылау тестілеріне дайындық.
Әдебиет:№3 124-125 бет
Апта-8
Кредит сағат-15
Дәріс -8
Тақырыбы: Экскурсия белгілері және мәні
1.жесть и мимика
2.Экскурсаводтың топпен байланысы
ОЖСӨЖ-15
Тақырыбы:Экскурсия және педагогикалық процес.
Әдебиеттер: №3, 82-84 бет
СӨЖ-15
Тақырыбы: Экскурсавод портфелін әзірлеу.
Әдебиет №3 134-136 бет
Кредит сағат-16
Семинар-8
Тақырыбы:Театр тақырыбындағы экскурсиялар жүргізу.
Әдебиет: №1, 72-75 бет
ОЖСӨЖ-16
Тақырыбы: Экскурсия әдісі
Әдебиет: №3 84-88 беттер.
СОЖ-16
Тақырыбы: Экскурсия әдістерін анықтау.
Апта-9
Кредит сағат -17
Дәріс-№1
Тақырыбы: Кіріспе. Музей ісі.
Әдебиет: №4 3-5 беттер.
ОЖСӨЖ №17.
Тақырыбы: Экскурсия классификациясы.
Әдебиет; №3 88-100 беттер.
СӨЖ -№17
Тақырыбы: Методикалық іс-қағаздарды құрастыру.
Әдебиет: №3 138-140 беттер.
Кредит саны-18
Семинар-9
Тақырыбы:Әдебиет тақырыбындағы экскурсиялар жүргізу.
Әдебиеттер: №1, 75-79
ОЖСӨЖ №18
Тақырыбы:Экскурсия тақырыбы және объектісі.
Әдебиеттер:№3 100-105 бет.
СӨЖ №18
Тақырыбы: Экскурсияны қабылдау
Әдебиеттер: №3, 146-147 беттер.
Апта №10
Кредит сағат №19
Дәріс 10
Тақырыбы. М узей ісінің зерттеу объектісі, пәні және әдісі.
Дәріс мазмұны:
Музей ісінің құрылымы.
Музей ісі ғылымдар жүйесінде.
Әдебиеттер: №4 6-12 беттер.
ОЖСӨЖ-№19
Тақырыбы: Экскурсия тақырыбы.
Әдебиет:№3 105-107 беттер
СӨЖ №19
Тақырыбы: Экскурсияны бекіту
Әдебиет №3, 147-148 беттер
Кредит сағат-20
Семинар-10
Тақырыбы: Табиғаттану экскурсиялары.
Әдебиет: №1,79-83 беттер
ОЖСӨЖ №20
Тақырыбы:Музей ісі ғылымдар жүйесінде.
Әдебиет: №4 10-12 бет
СӨЖ №20
Тақырыбы: Экскурсаводтың жаңа экскурсияларға әзірленуі.
Әдебиеттер: №3 148-149 беттер.
Апта – 11
Кредит сағат-21
Дәріс №11
Тақырыбы: Музей ісінің даму тарихы.
Музей ісінің дамуына тарихи дамулар.
кабинеттер және голереялардың даму дәуірлері.
Әдебиет:№4 68-74 беттер
ОЖСӨЖ №21
Тақырыбы: Әлем мұражайларының тарихы.
1.Ежелгі Греция.
Әдебиет: №4 15-22 бет
СОЖ №21\
Тақырыбы:Экскурсияға қажетті мәтінді жаңарту және қосымша материал жинау.
Әдебиет:№3 149-152 беттер.
Кредит сағат-12
Семинер-11
Тақырыбы: Өндірістік экскурсиялар.
Әдебиет:№1 83-85 беттер
ОЖСӨЖ №22
Тақырыбы: Дүниежүзінің мұражайларының тарихы.
1 Антикалық дәуірдегі коллекция жинау.
Әдебиет:№4 15-38 бет
: СОЖ №22
Тақырыбы; Музей қоры.
Әдебиет: №4 365-370 бет
Апта -12
Кредит Сағат-23
Дәріс №12
Тақырыбы: Музей әлеуметтік мәдени институт.
1.Музей заттары және олардың ерекшеліктері.
2.Музейлердің әлеуметтік функциялары.
Әдебиет: №4 322-326 бетттер
ОЖСӨЖ-23
Тақырыбы: Орта ғасырдағы коллекция жинау
Орта ғасырлардағы Европа.
Әдебиет:№4 46-68 бет
СОЖ-23
Тақырыбы: Музей қорларының ғылыми қорлары.
Әдебиет:№4 370-381 беттер
Кредит сағат-24
Семинар-12
Тақырыбы: Қалалық экскурсиялар.
Әдебиет: №1 86-89 беттер.
ОЖСӨЖ-24
Тақырыбы:XVIII ғ. Батыс Европалық музейлер.
Англия музейлері
Әдебиет:№4 126-133 бет
СОЖ №24
Тақырыбы: Музей экспозициялары.
Әдебиет: №4 427-428 бет
Апта № 13
Кредит сағат-25
Дәріс-13
Тақырыбы: Музей, әлеуметтік музей институты.
Дәріс мазмұны:
1.Музей комуникациясы.
2. Музейлерді классификациялау
Әдебиет: №4 329- 350 беттер.
ОЖСӨЖ №25
Тақырыбы:XVIII ғ. Батыс Европа музейлері
Германия және австралия
Әдебиет:№4 133-139 бет
СОЖ № 25
Тақырыбы:Экспозициялық материялар
Әдебиет: №4 427-438 бет
Кредит сағат-26
Семинар-13
Тақырыбы: Америка, Австралия, Азия, және Африка музейлерінің даму және пайда болу ерекшеліктері.
Африка және Австралия музейлері.
Әдебиет: №4 238-248 беттер.
ОЖСӨЖ №26
Тақырыбы. XVIII ғ. Батыс Европа елдері.
Италия музейлері.
Әдебиет:№4 139-149 бет.
СӨЖ №26
Тақырыбы: Экспозицияларды проекті жасау.
Әдебиет:№4 444-463 бет
Апта-14
Кредит сағат-27
Дәріс№ 14
Тақырыбы: Музей-ғылыми зерттеу меке месі.
1. Музей ғылыми-зерттеу мекемесі.
2.Музейде ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Әдебиет:№4 329-364 бет
ОЖСӨЖ №27
Тақырыбы:Франция музейлері.
Әдебиет:№4 142-149бет
СӨЖ №22
Тақырыбы: Музейлердің мәдени-білім беру қызметі
Әдебиет: №4 469-471 бет
Кредит сағат-28
Семинар-14
Тақырыбы: Африка музейлері.
Әдебиет:№4 249-252 бет
ОЖСӨЖ №28
Тақырыбы: Ресейде музейлердің пайда болуы.
Петербург Кунстнамерасы
Әдебиет №4 149-152 бет.
СӨЖ №28
Тақырыбы: Мәдени білім беру қызметінің негізгі формалары.
Әдебиет:№4 471-479 бет.
Апта-15
Кредит сағат-29
Дәріс №15
Тақырыбы: Музей ғылыми зерттеу мекемесі.
Музейлердің мідени білім бағытындағы міндеті және негізгі формасы.
Әдебиет:№4 469-471 бет.
ОЖСӨЖ №29
Тақырыбы: Эрмитаж Эмпираторлық музейі.
Әдебиет:№4 162-169 бет
СӨЖ №29
Тақырыбы: Музей аудиториясы және оны оқу.
Әдебиет: №4 489-495 беттер.
Кредит сағат-30
Семинар-15
Тақырыбы: Азия елдерінің музейлері
Әдебиет:№4 252-273 беттер
ОЖСӨЖ № 30
Тақырыбы: Иркутск музейлері.
Әдебиет:№4 170-173 беттер.
СӨЖ №30
Тақырыбы: Музей ісінің менеджменті мен мәдениеті.
Әдебиет:№ 495-508 беттер
Семинар -1
СССР-де экскурсия ісінің даму тарихы
Россияда экскурсияға деген қоғамдық құштарлық есімі бұл күндерде география ғылымының мақтанышы болып оытрған Афанасий,Никитиннің,Миклухо-Маклайдың,Берингтің,Пржевальскийдің және басқа көптеген адамдардың саяхат жасауына байланысты елеулі арта түсті.
ХVІІІ ғасырдың өзінде – ақ мектептерде мағлұмат беретін экскурсиялар өткізіле бастады.
Россияда мектеп экскурсиялары алғашқы туризм мекемелерінің бастамасы болды.1877 жылы алғашқы туристік ұйымның негізі қаланды.Ол Тифлистегі Кавказдық жаратылыстану қоғамының Альпі клубы еді .1890 жылы Одессада Россиядағы екінші туристік ұйым- Қырым тау клубы пайда болды.Алғашқы жылдардың ішінде ақ ол Ялта мен Севастопольде,содан кейін Екатеринославта бөлімшелерін ашты.
1895 жылы Россияның туристік қоғамы (РОТ) құрылды,ол Қазбектің етегіндегі биік тауда алғашқы «Ермолов» үйін және Владикавказда,Пятигорскіде және Сочиде туристік бөлімшелерін ашты. 1908 жылы теңіз экскурсияларының комитеті ұйымдастырылды.Россияның туристік қоғамы және тау клубтары революцияға дейін негізгі туристік туристік ұйымдар болып келді.Алайда солардың ішіндегі ең ірісі РОТ- ң мүшелер саны тәуір деген жылдарда 5 мыңнан аспайтын.
Россияның туристік қоғамы туризмнің барлық түрлерін таратуды,туризмге қатысы бар дене шынықтыру жаттығуларының қолданылуына жәрдемдесуді, сондай – ақ география,тарих,этнография мен жаратылыстану саласындағы ғылыми- зерттеу міндеттерін шешуді өз алдына мақсат етіп қойды.Кейініректе қоғам білім беру мақсатындағы саяхатты дамыту жұмысын күшейте түсті.
1907 жылы РОТ-ң жанында «Россия бойынша экскурсия» деген ұйым құрылды,оның міндеті оқушылар арасында экскурсия өткізу болды.Қоғамның Москвадағы техникалық білімдерді 1910 жылдан бастап «Білімдік экскурсияларды ұйымдастыру комиссиясы» жұмыс істеді,ол орыс мұғалімдерінің шетелге баруын реттеп отырды.
Семинар сұрақтары:
1.Россияда алғашқы туристік ұйымның негізі қай жылы қаланды?
2.1902 жылы Россияда орта білім беретін оқу орындарында қандай экскурсияларды енгізді?
3.Совет үкіметінің алғашқы шығарған заң актілерінің бірі «8сағаттық жұмысс күні және жұмыс уақытын пайдалану тіртібі туралы» қаулысы қашан қабылданды?
Семинар – 2
Тарихи-революциялық тақырыптағы экскурсиялар
Оқушы жастарда коммунистік көзқарас қалыптастыру жолында тарихи-революциялық тақырыптағы экскурсиялар ерекше орын алады.
Бұл экскурсиялар КПСС- ң және Совет мемлекетінің ерлік тарихын ашып көрсетеді.В.И,Лениннің және оның серіктерінің өмірі мен қызметін үлгі етіп, коммунизм ісіне шексіз берілгендікке үйретеді,аға ұрпақтардың революциялық ісінің мәнін жете түсінуге, халық бұқарасының тарихтың шын мәнінде жасаушылары ретіндегі ролін саналы турде терең меңгеріп алуға көмектеседі.Бұл экскурсиялар жастарда советтік патриотизм сезімін,біздің халқымыздың қол жеткен табыстарын мақтан тұту сезімің тәрбиелейді.
Осы экскурсияларда халықтар достығы және социалистік интернационализм сезімі қалыптасады.Олар коммунистік идеяны,советтік өмір салтын пәрменді насихаттауға көмектеседі.
Біздің еліміздің әр түкпірі,әр жері халық көтерілістерімең революциялық қозғалыспен,Совет Одағы Коммунистік партиясының және комсомолдың тарихымен,жұмысшы және шаруа мемлекеттің орнауымен байланысты.Тарихи орындар мен ескерткіштер тарихи-революциялық экскурсиялардың көрсету негізің кұрайды.
Тарихи-революциялық тақырыптағы экскурсиялар объектілерінің төмендеідей турлері болады.
Музейлерге айналған ескерткіштер және естелік орындар (В.И.Ленин шығып сойлеген броневик,бұрынғы құпия пәтерлер мен жасырын типографиялар, Петропавл бекінісінің азаматтары;<Аврора>крейсері Октябрь революциясының ерекше бір ескерткіші бола алады)
Мемориалды комплекстер(Лениннің Ульяновскідегі меморналы,Баку қаласындағы бакулік 26 комиссарға арналған ескерткіш мемориалдық ансамблі)
Обелискілер мен мүсін ескерткіштер(Ригадагы қызыл латыш атқыштарына арналған ескерткіш,Кремльдің Александр бағындағы обелиск,Одессадағы потемкиндік матростарға аралған ескерткіш және т.б)
Туысқандар қабірі,батырлар жерлеген орын (Ленинградтағы Марсова алаңы,Москвадағы Кремль қабырғасы,Севастопольдегі революцияшыл матростар атылған жер және басқалар)
Қоғамдық және тұрғын үйлер-тарихи және революциялық оқиғалар болған,көрнекті қайраткерлердің және революция батырларының өмірі мен қызметіне байланысты орындар.
Семинар сұрақтары:
1.Тарихи рволюциялық тақырыптағы экскурсияның білімдік-тәрбиелік мақсаты мен міндеттері қандай?
2.Тарихи революциялық тақырыптардағы экскурсияларды оқиғаларды жергілікті орынға байланыстыру тәсілі қалай аталады?
3.Экскурсиялық объектілердің түрлері?
4.В.И.Лениннің экскурсияны өткізуге тигізген әсері?
Семинар – 3
Тарихи тақырыптағы экскурсия
Қоғамды зерттеу нақты тарихи принципті қолдану керектігін тұжырымдай келіп, В.И.Ленин мұның ең маңыздысы- «негізі тарихи байланысты ұмытпау,әрбір мәселеге: тарихта сол белгілі бір құбылыс қалай пайда болды,бұл құбылыс өзінің дамуында қандай басты кезеңдерден өтті деген тұрғыдан қарау,сөйтіп оның осы дамуы жағынан қарағанда қазір оның не нәрсеге айналғанын байқау» деп көрсеткен болатын.
Бұл қағида советтік ғылымның басшылыққа алатын принципіне айналды.Ол тарихи тақырыптағы экскурсияларды өткізу методикасын белгілейді.Ол – ол ма,бұл принципті қандай болсын экскурсияны әзірлегенде және өткізгенде басшылыққа алу керек,өйткені ол қаралып отырған құбылыстың өткендегісіне,қазіргісіне және болашағына,оның басқа құбылыстармен,оқиғалармен байланысына міндетті түрде қатысты болады.
Тарихи тақырыптағы экскурсиялардың негізгі білімдік тәрбиелік мақсаты- біздің Отанымыздың өткендегі ерлік жолын,оның қазіргімен байланысын экскурсия санасында жаңғырту және осы арқылы азаматтық асыл қасиеттерді тәрбиелеу,экскурсанттардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Өз халқының тарихын білу патриоттық және интернационалистік сезімді тәрбиелейді, совет адамдарының коммунистік құрылыста қазіргі қол жеткен табыстарын жаңаша бағалауға көмектеседі.Ол өткендегінің жақсы дәстүрлері мен мәдени мұрасын неғұрлым терең меңгеруге себін тигізеді,сөйтіп совет халқының жаңа дәстүрлерінің,коммунистік қоғамның жаңа мәдениеті дамуына жәрдемдеседі.
Тарихи тақырыптағы экскурсия басқаларға қарағанда маңызды оқиғаларға және көрнекті адамдарға қатысты тарихи ескерткіштерді көрсетуге байланысты болады.Мұндай обьектілердің қатарына қоғамдық және тұрғын үйлер,байырғы бекіністер,белгілі бір оқиғаға арналған монументтер,ескі қалашықтар қазбалары.
Тарихи тақырыптағы көптеген экскурсияға тарихи немесе өлкетану музейне бару енгізіледі.Тарихи тақырыптағы экскурсияның әрдайым маңызды идеологиялық міндетті шешетіндігін есте ұстау керек.
Тарихи тақырыптағы экскурсия материалын баяндаудың негізгі тәсілі бұдан бұрын айтылғандай тарихи оқиғалармен дәуірді әңгіме арқылы еске түсіру.Уақыт жағынан алғанда өте ертедегі құбылыс әңгіме болған немесе тарихи ескерткіш нашар сақталған.
Семинар сұрақтары:
1.Тарихи және өлкетану музейнде қандай көрнекі құралдар пайдаланылды?
2.Экскурсиялар мазмұнының көп салалығының сипаты қандай?
3.Тарихи тақырыптағы көптеген экскурсияның құрамдас бөлігі
4.Тарихи тақырыптағы экскурсиялардың білімдік тәрбиелік мақсаттары
мен міндеттері
Семинар-4
Әскери- тарихи тақырыптағы экскурсиялар
«Социалистік Отанды қорғау – СССР-ң әрбір азаматының қасиетті борышы » делінген СССР Конституциясының 62-статьясында.
Совет адамдарын Отанға шексіз берілгендік, оны қорғауға әрдайым әзір болу рухында тәрбиелеу-біздің бүкіл қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі.
Әскери-тарихи тақырыптағы экскурсияларда В.И.Лениннің және Коммунистік партияның Совет Қарулы Күштерін құру,қалыптастыру және нығайту жолындағы ролін көрсету керек.
Әскери – тарихи тақырыптағы экскурсиялардың маршруттары шайқастар және әскери,партизан отрядтарының жорығы болған жерлерде өтеді;оларда тарихи және өлкетану музейлері, жауынгерлік даңқ музейлері,қорғаныс музейлері,мемориалдар,туысқандар қабірі, көрнекті қолбасшылар мен халқымыздың ұлттық батырларына қойылған ескерткіштер көрсетіледі.
Әскери-тарихи тақырыптағы экскурсиялар ішінде совет халқының және оның Қарулы Күштерінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігіне арналған экскурсиялар жетекші орын алады.
Бұл экскурсиялардың тақырыбы сан қилы.Олардың кейбіреуін ғана атап өтейік: «Брест бекінісін қорғау», «Заполярьде неміс басқыншыларын талқандау», «Халықтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек ерлігі», «Ладога Өмір жолы ».
Совет халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңістерінің дем берушісі жіне ұйымдастырушысы ретіндегі КПСС-ң ролін нақты мысалдар арқылы көрсету қажет.
Экскурсиялардың мазмұны Ұлы Отан соғысы тарихының ғылыми жағынан белгіленген кезеңдері мен мәселелерді түсіндіру ыңғайына сәйкес келуі шарт.
Әскери-тарихи тақырыптағы экскурсиялардың көпшілігі хронологиялық тақырыптық принцип бойынша құрылады.
Экскурсияның маршрутын белгіленген кезде қайсыбір жерлерде көрсетілетін объектілердің бір-біріне едәуір қашық екенін, ал маршрут бойынша жүріп отырудың туғызатынын ескерген жөн.
Әскери-тарихи ескерткіштерді көрсетудің кейбір ерекшеліктері болады.Мәселен,байырғы бекіністерді көрсеткенде экскурсия жетекшісі жергілікті жер бедеріне ,табиғи және қолдан жасалған кедергілердің бар жоқтығына экскурсанттардың назарын аударады,бекіністің стратегиялық қызметі жөнінде әңгімелеп береді.Ол экскурсанттар көңілін фортификациялық ғимараттарға,мұналарға,қабырғалардың қалыңдығы мен биіктігіне аударады.
Семинар сұрақтары:
1.Әскери -тарихи тақырыптағы экскурсиялардың маршруттары
2. Әскери -тарихи тақырыптағы экскурсиялардың көпшілігі қандай принцип бойынша құрылады?
Cеминар-5
Өнертану тақырыбындағы экскурсиялар
Коммунистік партия еңбекшілерді өнер құралдары арқылы тәрбиелеуге ерекше мән береді. «Өнерді өмір мағлұматтарымен молықтыру, ал екінші жағынан, сан миллион еңбекшілер бұқарасын мәдениет қазнасына онан әрі жақындастыру бағытында өміршең процесс жүріп жатыр».
Экскурсиятанудың теориясы мен практикасында негізіне өнер түрлері (кино,театр,музыка) алынған экскурсиялар былай сараланып жүр: бірінші топ – театр мен музыка экскурсиялары,екінші топ- бейнелеу өнеріне байланысты болатын экскурсиялар.
Театр немесе музыка қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне арналған театр музыкалық экскурсиялардың басты міндетінің бірі сол кезде өмір сүрген адамдарды толғандырған идеялардың шебердің өмірі мен қызметіне,қөзқарасының қалыптасуына және жетілуіне, идеялық саяси позициясына тигізген ықпалын көрсету болып табылады.
Экскурсияның негізгі мақсаты- сурет өнері туындыларын жан-жақты талдау.Бұл талдау өнертанудың жоғары талабына сәйкес, яғни әрбір экскурсант туындының идеялық мазмұнын, қоғамдық өмірдегі маңызын , сондай ақ автордың өз туындысы тақырыбын қандай құралдар арқылы шешкенін терең түсінуіне жеткендей дәрежеде өткізілуі тиіс.
Сәндік – қолданбалы өнер туындылары көрсетілетін экскурсиялардың объектілері аса көп болады:сәндік сурет салу,ағаш ою,металл өрнектеу,жабыстыру және т.б.Экскурсияның бұл түріне соңғы кезде кең қанат жайып және танымал болып отырған, ашық алаңда ұйымдастырылып жүрген этнографиялық музейлерге бару экскурсиялары да жатады.
Осы экскурсиялардың негізгі мақсаты халық творчествосында бейнеленген қоғамдық даму процесінің заңдылықтарын насихаттау,қолданбалы халық өнерінің өткен кездегі бірте дамуын көрсету.
Экскурсия жетекшісінің жалпы өнердің әлеуметтік ролі,оның белгілі бір дәуір кезіндегі қоғамдық өмірдегі идеологиялық күрестегі маңызы жөніндегі қорытындысы айтылғанның заңды түрдегі жалғасы болады.Талдау кезінде экскурсия жетекшісі тағы бір маңызды міндетті шешеді.Өне туындысының шебердің замандастарына ғана емес,оның алыс ұрпағына,әр тілде сөйлейтін түрлі халықтың адамдарына етене де түсінікті болу қасиетіне шеберлікпен назар аудара отырып,оны оқушыларға жеткізеді.
Өнертану жөніндегі барлық экскурсиялардың негізгі мотиві- өнердің халықтығы және партиялығы жөніндегі лениндік принцип,оны үнемі түсінікті де айқын ашып көрсетіп отыру керек СССР халықтарының мәдениетін дамыту жөніндегі қамқорлығын оқушыларға нанымды түрде көрсеткен жөн.
Семинар сұрақтары:
1.Көркемсурет өз елдеріндегі және сурет галереяларындағы экскурсияның негізгі мазмұны
2.Сәндік қолданбалы өнер туындылары көрсетілген экскурсиялардың объектілері
Семинар-6
Архитектура - қала салу тақырыптарындағы экскурсиялар
Архитектура мен қала салу жөніндегі ескерткіштер өздеріне көптеген маңызды оқиғалар байланысты болатынына қарай түрлі экскурсиялардың: шолу экскурсияның,тарихи,тарихи-революциялық,әскери,әдебиет және басқа тақырыптардағы экскурсиялардың көрсету объектісі бола алады.Түрлі дәуірдің,түрлі стильдің және атқаратын қызметі әр түрлі архитектуралық ғимараттары көбіне белгілі бір қаланың назар аударарлық орны бола алады.Барлық дерлік экскурсияның басшылары архитектураның,қала салудың,құрылыстың жеке мәселелеріне қайткен күнде де кездесіп қалып отырады.
Архитектуралық ескерткіштер қатарына тарихи қалалар,архитектуралық ансамбльдер мен комплекстер, қаладағы және селодағы тұрғын үйлер, сарайлар,жеке үйлер,әкімшілік және қоғамдық үйлер және басқалар жатады.
Архитектура- қала салу тақырыптарындағы экскурсияларды өткізу методикасының өзіндік ерекшелігі бар.Ол адамның кеңестік формаларын қабылдауына байланысты болады.Мәселен, біздің көру қабілетіміздің бір ерекшелігі кеңестік шамаларын кішірейтіп жіберетініміз және бұл арада горизонталды жазық бойындағы қателік вертикаль жазықтағыдан гөрі көбірек болады.Бұл ғимараттың шын мәніндегі пропорциясын бұзады.
Ғимараттың тұйық немесе ашық кейпінде қабылдануы көру бұрышына байланысты болады;үйдің қандай қашықтықтан қаралатыны, яғни алыс және жақын пландардың белгілі бір тәртіппен алмасып отыруының маңызы зор.
Архитектуралық объектіні көзбен көріп, одан әсер алғаннан кейінгі саты оны талдау,басқаша айтқанда,ескерткішке кең мағыналы және жан жақты сипаттама беру;оның қала салу ісіндегі маңызы көрсетіледі,архитектуралық стилі,сыртқы архитектуралық пішінінің үйдің ішкі көрінісімен байланысы, декор мен құрылыс материалының ролі,үйдің атқаратын міндетіне лайық болуы анықталады,ең соңында,сәулетшінің және құрылысшының жаңашылдығы мен кәсіби шеберлігіне айөын түсініктеме береді.
Архитектура- қала салу тақырыбындағы экскурсиялардың маңызды методикалық тәсілдерінің бірі-жүріп отыру,жүріп отырғанда ғана архитектуралық объектілерді,олардың қызметіне,конструкциясын және эстетикалық жағын дұрыс көруге,біртұтас қабылдауға болады,әрине ,мұның өзі ғимараттарды алдын ала белгіленген нүктелерден көрудің маңызын жоққа шығара алмайды.Шын мәніне келшгенде,экскурсанттың санасында архитектуралық ескерткіштің көп планды бейнесінің қалыптасуына қарап шығу кезінде ракустардың өзгеріп отыруы себін тигізеді.
Семинар сұрақтары:
1.Архитектура қала салу тақырыбындағы экскурсиялардың түрлері?
2.Ежелгі қалаларды және қала қорықтарды көрсету ерекшеліктері
3.Экскурсияның объектілері
Семинар-7
Cурет өнері туындылары көрсетілетін экскурсиялар
Бейнелеу өнерінің жоғары сапалы кқркем туындыларының мол идеялық күші болады,оған нағыз халықтық талап,өмірлік құбылыстарды тереңінен ашып көрсету,шыншылдық,көрерменге игі әсер ету, оның бойында әдемілікті сезіну қабілетін тәрбиелеу санасында ескінің қалдықтарын жою сияқты қасиеттер тін болады.
Осының бәрі сурет өнері туындылары көрсетілетін экскурсияларға білімдік тәрбиелік жағынан үлкен мән береді.
Картиналар,эстампылар,суреттер,фрескалар,мозаикалық паннолар,икондар,витраждар тағы басқалар сияқты сәндік қолданбалы заттар,халық шеберлерінің бұйымдары экскурсияның объектілері бола алады.
Бейнелеу өнері туындылары көрсетілетін экскурсияның басты компоненті – бұл суретші творчествосын талдау,сурет өнері туындысының түпкі ойын,сюжеті мен кқркемдік образын,композициясын,бояуын,суретін т.б. талдап ашып көрсетеді.
Сәндік-қолданбалы өнер шығармаларын талдаудың бір ерекшелігі-оның құрамды сипатын көрсету.Шынында да, әр шығарма үш жақты бірлікте:атқаратын қызметі,конструкциялық техникалық ерекшеліктері және эстетикалық,көркемдік қасиеттері арқылы көрінеді.Халық творчествосының асқақ туындыларында өнердің осы үш жағы ажыратылмас бірлікте және өзара байлланыста болады.
Сәндік-қолданбалы өнер заттарының орасан зор білімдік маңызы бар: көптеген жағдайда біздің ата-бабаларымыздың:қарапйым шаруалардың,қолөнершілердің,жауынгерлердің қалай өмір сүргені,қалай жұмыс істеп,қалай киінгені жөнінде тек солар арқылы ғана білеміз.
Көптеген экскурсияларда халық өнері музейлері мен халыө көркемөнер кәсіпшіліктері шеберханасы көрсетіледі.Соңғысы экскурсанттардың сәндік-қолданбалы өнер заттарының қалай жасалатынын,халық көркемөнер творчествосының ұрпақтан- ұрпаққа ауысып,сабақтасып отыратынын сезінуге жағдай туғызады.
Осындай экскурсияларда көрнекі құралдар, «экскурсия жетекшісі портфеліндегі» қосымша,иллюстрациялық материалдар кеңінен қолданылады. «Порфельде» әр түрлі кезеңнің және түрлі халықтар творчествосының үздік үлгілері,қолөнершілердің байырғы шеберханасын бейнелейтін суреттер,байырғы гравюралардың және ағаш қабығынан жасалған заттардың репродукциялары.
Семинар сұрақтары:
1.Бейнелеу өнері туындылары көрсетілетін экскурсияның басты компоненті
2.Қосымша иллюстрациялық материалды пайдалану ерекшеліктері
3.
4.
Cеминар-8
Театр экскурсиялары
Театр өнерінің өзіне тән ерекшеліктеріне орай халықты тәрбиелеу ісіндегі ролі айта қаларлықтай зор болады.Сахнада өмірді бейнелеу-театрдың басты міндеті .Театр –қызмет атқарып тұрған өнер,жанды өнер,көрермен оның геройлары арқылы жиі өз бейнесін ,замандасы бейнесін көреді.Көрермен актер арасында әп- дегенннен- ақ,эмоциялық байланыс орнап,ол көрерменге болып жатқан оқиғаларға қуану қатысты сезіну арқылы әсер етеді.
Теарт өнерінің ерекшеліктері театр экскурсиялары алдына өзіндік талаптар қояды, ол адам мен театр арасындағы байланыстырушы буынға айналады.Мұндай экскурсия көрерменнің театр жөніндегі білімін молықтырып,кеңейте түседі,театр мәдениетін,оның геройларының рухани-эстетикалық мұраттарын белгілі бір тұрғыдан қабылдауға әзір етеді.Жан-жақта дамыған жеке басты тәрбиелеу процесінде жоғары мәдениет сезімін қалыптастыру проблемасы елеулі маңыз алады.Эстетикалық және рухани құндылықтар жақсыны бағалау жолында коммунистік критрийлерді белгілеуге себін тигізеді.
Театр экскурсиялары щолу және нақты тақырыптық,қалалық,қала сыртындағы,музейлік экскурсиялар болып бөлінеді.
Театр музейлерінде түрлі тақырыптық немесе шолу экскурсиялары өткізіледі.Шолу экскурсияларында келушілер орыс,совет театрының немесе ұлт республикасы театрының тұтастай творчестволық тарихымен танысады.Тақырыптық экскурсиялар драматургтардың,режиссерлердің,театр суретшілерінің,балетмейстердің,композиторлардың творчествосымен таныстырады.
Театр музейлері үш топқа бөлінеді:
1. кең ауқымды музейлер.Олар театр процесін оның бүкіл ауқымы бойынша зерттейді және жазып алады.Мұндай музейлер еліміз республикаларының көбінде бар;
2. театр жанындағы музей- музейлердің ең көп тараған тобы.Олардың тұрақты экспозициясы болады,бір театр коллективінің даму процесін сипаттайтын материалды жинақтайды;
3. өнердің көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен творчествосына арналған музейлер.Мысалы,К.С.Станиславскийдің музей үйі, В.Н.Немирович –Данченконың музей пәтері.
Семинар сұрақтары:
1. Театр өнерінің өзіне тән ерекшеліктері
2. Театр музейлері неше топқа бөлінеді?
3. Тақырыптық экскурсиялар
Семинар-9
Әдебиет тақырыбындағы экскурсиялар
Әдебиет тақырыбындағы экскурсиялардың халықтың түрлі топтары арасында кеңінен белгілі болуы әдебиеттің қазіргі кезде біздің рухани өмірімізде атқарып отырған ролін бейнелейді.Шын мәнінде,Пушкин қорығына,Ясная Полянаға ,Константновоға,А.П.Чеховтың Ялтадағы музей үйіне және басқа көптеген мемориалдық музейлерге еліміздің түрлі қалаларына келушілер легі еш уақытта толастамайды.
Әдеби экскурсиялар көрнекті жазушылардың,ақындар мен драматургтардың творчествосын насихаттаудың тиімді формасы болып табылады.Кез келген жастағы және білімі әр түрлі дәрежедегі адамдарға түсінікті болатындықтан,білімдік құндылығы аса жоғары болады,олар барлық тыңдаушыларға терең эмоциялық әсер ете алады.Эстетикалық ләззат бере отырып,бұл экскурсиялар адамды рухани жағынан байытады:
1.Әдеби-өмірбаяндық экскурсиялар,олар көрнекті жазушылар,ақындар,драматургтар өмір сүрген және творчествосымен айналысқан жерлерде өткізіледі. «А.С.Пушкин Петербургта», «А.Н.Островский Москвада», «Л.Н.Толстой Ясная Полянада», «А.П.Чехов Қырымда».
2.Тарихи-көркем экскурсиялар оларда белгілі нақты өлкеде әдебиет дамуының белгілі бір кезеңдері ашылып көрсетіледі. «Әдеби Одесса», «Әдеби Тула», «Пензаның әдеби орындары» және басқалары.
3.Әдеби-көркем экскурсиялар,олар белгілі бір жазушының шығармасында бейнеленген орындарда ұйымдастырылады: «Н.С.Лесковтың шығармаларындағы Орел», «М.А.Шолохов геройларының ізімен» және т.б.
Әдеби экскурсиялар үшін іріктеліп алынатын материалдар жалпы және жергілікті материалдар деп бөлініп жүр.Мәселен, «М.Е.Салтыков – Шедрин Вяткада» деген экскурсияда жазушының сол кезеңдегі өмірбаяны мен творчествосына қатыстының бәрі жалпы материал болады да,ал оның Вяткада болған кезіне қатыстының бәрі жергілікті материал болады.
Жергілікті,әсіресе беймәлім материал,көп пайдаланылса,экскурсия қызғылықты өтеді,оның білімдік құндылығы арта түседі.Совет халқы көп оқитын халық екнін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр.Бұл арада көпшілікке қолайлы болатын,кең тараған және тәрбиелік әсері орасан зор әдеби тақырыптағы экскурсиялар үлкен роль атқарып келді және атқарып отыр десек,сірә,артық айтқандық болмас.
Семинар сұрақтары:
1. Әдеби-өмірбаяндық экскурсиялар қандай бағытта өткізіледі?
2. Әдеби экскурсиялар үшін іріктеліп алынатын материалдар қалай бөлінеді?
3.Әдеби экскурсиялардың насихаттаудың тиімді формасы
Семинар-10
Табиғаттану экскурсиялары
Бұл экскурсиялар ең алдымен оқушыларда материалистік көзқарастың қалыптасу, туған өлкесіне және кең байтақ біздің Отанымыздың басқа аудандарына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге себін тигізеді, табиғат құбылыстары , жануарлар мен өсімдіктер дүниесі жөніндегі білімін молайтады,табиғатқа ұқыптылықпен қарауға үйретеді.Сонымен бірге олар активті демалыстың жақсы формасы болып табылады.
Экскурсия барысында мектеп оқушылары Жердің дамуы мен ондағы адам өмірін материалистік тұрғыдан түсінетін болады,мұның өзі атеистік көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.Бұл экскурсиялар оқушылар бойында әсемдікті қабылдай білу қабілетін,байқағыштығын және білімге деген ынтасын жетілдіре түседі,жаратылыстану жөніндегі ғылыми білімі ауқымын кеңейтеді.
Табиғаттану экскурсияларының маңызды міндеттерінің бірі-табиғатты қорғау,табиғи байлықтарға ұқыптылықпен қарау мәселесін барынша насихаттау.
Экскурсияның өткізілетін орнына қарай экскурсанттарды орман мен су бассейндерін,қазба байлықтарды,балықты,аң мен құсты қорғау жөнінде қолданылып отырған заң актілерімен ,аң аулау ,құс ату және қорықтарға өол сұғуға болмайтындығы жөніндегі заңдармен және тағы басқалармен әр түрлі дәрежеде таныстыруға болады.
Табиғаттану экскурсиялары тақырыптық және шолу экскурсиялары болып бөлінеді.Тақырыптық экскурсиялар бұлао ботаникалық геологиялық, ландшафтылық, экономикалық-географиялық, астрономиялық , топырақ туралы, зоологиялық-географиялық гидрологиялық,геоморфологиялық экскурсиялар.
Табиғаттану экскурсияларының объектілері- ормандар , тоғйлар, далалар,көлдер, тоғандар,парктер,таулар,вулкандар,гейзерлер,тау шыңдары, сирек кездесетін ағаштар, сарқырамалар және басқа табиғат объектілері мен құбылыстары.Көрсетілетін объект тақырыпқа байланысты іріктеледі.
Табиғаттану экскурсияларында оған қатысушылар белсенділігінің жоғары дәрежеде болуы кқзделеді.Сондықтан оған әзірлік істеген және ұйымдастырған кезде оқушылардың жабдығына және практикалық жұмыстар үшін қажет болатын құрал-жабдық саймандарға: блокноттар, сызғыштар, гербарийге арналған қағаз,қарындаштар т.б.
Табиғаттану экскурсиясының қорытынды бөлігінде,енді мектеп оқушыларының тікелей алған әсері мен білімі негізінде,табиғатты пәрменді түрде түлету және оны қорғау ісіндегі адамның ролін тағы айталап көрсету керек.
Семинар сұрақтары:
1. Табиғаттану экскурсияларының объектілері
2. Табиғаттану экскурсиялары қандай топқа бөлінеді?
3. Тақырыпиық экскурсияларға қандай экскурсиялар жатады?
Семинар-11
Өндірістік экскурсиялар
Өндірістік техникалық білімдерді насихаттаудың формасы ретінде өндірістік экскурсиялар ХХ ғ.50-60 жылдарында пайда болды.
Өндірістік экскурсиялар жұмысшылар мен шаруалардың білім алуына және алғашқы бесжылдықтағы индустриаландыру және ауыл шаруашылығын коллективтендіру кезеңдерінде озық тәжірибені үйренуге көмектеседі.
Өндірістік экскурсиялар мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелейді;жеткіншек ұрпаққа кәсіби бағдар,политехникалық білім беру және оларды еңбекке тәрбиелеу формаларының бірі болып табылады.
Өндірістік экскурсиялар заводтарда, фабрикаларда, комбинаттарда, құрылыстарда,электр станцияларында,жобалау институттарында, темір жол деполарында және тағы басқаларда өткізіледі. Өндірістік экскурсияларда мектеп оқушыларының ғалымдармен, өнертапқыштармен, өндіріс жанашылдармен, өнертапқыштармен,экономистермен және басқа мамандармен кездескені жөн.
Экскурсия ұйымдастыруға болатын кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі қаланың немесе облыстық партия, совет және кәсіподақ органдарымен келісе отырып жасалады.Экскурсияның өткізілетін күні мен сағатына олардың маршрутын, көрсету объектілеріне экскурсияның ұзақтығынағ экспонаттар саны мен континенттігіне т.б. байланысты мәселелер кәсіпорынның әкімшілігімен пікірлесу арқылы шешіледі.Өндірістік экскурсияға қатысатын адам саны кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай белгіленеді, бірақ қайткен күнде де – 25 адамнан аспауы керек, ал қайсыбір кезде қауіпсіздік техникасының талабына сәйкес бір топта 10 адамнан аспауы тиіс.
Өндірістік экскурсияларда,мысалы,белгілі бір объектінің сапа көрсеткіштерін немесе бірнеше объектіні өзара салыстыру немесе салғастыру методы үлкен әсер қалдырады.Ұқсастық белгілеріне қарай ғана емес, сонымен бірге айырмашылық белгілеріне қарай да салыстыруға болады. Осы кәсіпорынның революцияға дейін шығарған өнімінің көлемін қазіргі күнде шығарып отырған өнімі көлемімен,біздің елімізде және шетелдерде шығарылатын өнімдерді т.б. салыстыруға болады.Тек техникалық көрсеткіштерді емес, экономикалық көрсеткіштерді де, атап айтқанда, еңбек өнімділігі, бұйымдардың өзіндік құны,кәсіпорынның жылдық табысы және т.б. салыстыруға болады.
Өндірістік экскурсияларда әдетте цифрлар аталады.Оларды тиянақты іріктеу керек,шын мәнінде,қажет болатын цифрлы мәліметтерді ғана алған жөн.
Семинар сұрақтары:
1. Өндірістік экскурсиялар қай жылдан бастап насихатталды?
2. Өндірістік экскурсиялар қандай бағытта өткізіледі?
Семинар-12
Көп салалы қалалық экскурсия
Ескі тарихы бар қаланың қайсысының болса да бай дәстүрі бар,
бұларда көз тартарлық қоғамдық және тұрғын үйлер, алаңдар, парктер, архитектуралық ғимараттар,оқиғаларға арналған ескерткіштер,көрнекті қайраткерлердің мүсіндері, әйгілі өнеркәсіп орындары мен жаңа құрылыс аудандары , ғылыми мекемелер,музейлер болады.Қай қалада болсын шолу экскурсиясын өткізу үшін тарихи материал да табылады.
Шолу экскурсия қысқа мерзімде қаланың архитектуралық бейнесі жөнінде жалпы және біртұтас түсінік алуына, оның тарихымен, ескерткіштерімен және басқа да көрікті орындарымен, өнеркәсібімен, ғылымымен және мәдениетімен танысуына жағдай жасайды.
Көп салала қалалық экскурсиялардың бәрі құрамына қарай бірыңғай болады: олардың әрқайсысы міндетті түрде бірнеше тақырыпшадан құралады.Әрине, әр қалада бұл тақырыпшылардың атқаратын ролі әр түрлі болады.Севастопольдегі экскурсияда өткендегі әскери тақырыпқа басты мән беріледі, Магнитогорскідегі экскурсияда елімізді индустриаландыру тақырыбы басты орын алмақ, ал Қазанда өткізілген экскурсияда бұлар қосымша тақырып болады.
Қалалық экскурсияның ерекшелігі- оның әрдайым жаңартылып отыратындығы.Қала өмірі жалғасып жатады,онда маңызды оқиғалар болып отырады, жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары, мәдениет орталықтары, тұрғын кварталдар салынып, оның бейнесі өзгереді.Міне,осының бәрі шолу экскурсиясының мазмұнына енуі керек.Және бұл тек қана қаланың қазіргісіне емес,оның бұрынғысына да қатысты болады: ескі үйлерді құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде өткен дәуір мұраларының іздері табылып,жаңалық ашылуы мүмкін.
Маршрут белгіленген кезде бір объектіден екіншісіне ауысудың ыңғайлы болуына тиісті көңіл аудару керек.Маршруттың бастапқы және ақырғы пункттерінің экскурсияның мақсаты мен сипатына сәйкес келу жағын қарастыру маңызды болады.Бұл сәйкестік экскурсия жетекшісіне экскурсияның кіріспе сөзден қорытынды сөзге дейінгі біртұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шолу экскурсиясының көп салалы сипаты экскурсия жетекшісі «портфелінің» іріктеп жинақталуынан да байқалады.Оған изоматериалдар,кітаптар,газеттер,әдебиеттер бір тақырыпша бойынша емес, бірнеше тақырыпша бойынша магнитофонға жатады.
Семинар сұрақтары:
1. Қалалық экскурсияның ерекшелігі
2. Маршрут қандай бағытта жүреді?
Достарыңызбен бөлісу: |