Еркін микрофон. Бұл əдісті сыныптан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мəселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл оқушыларға даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт - əкімшіліктен оқытушылардың, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.
Миға шабуыл.Шығармашылық белсенділікті жəне жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың əдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну жəне оқушылардың іс-əрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Əдістің басты міндеті – танымдық іс-əрекетті белсендендіру жəне оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша əртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды жəне комментарий берілмейді.
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:
Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.
Идеяны нақтылау жəне дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.
Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
Ойлар нақты жəне қысқа болуы керек.
Ашық ойлар минутасы.Алдын ала проблема жарияланады. Оқушылар берліген мəселе бойынша өз дəйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.
Жобалау əдісіоны немесе проблмалар əдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия жəне білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру жəне ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау əдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық
мақсатқа жетудің тəсілі. Оның нəтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рəсімделген практикалық нəтиже. Жобалау əдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мəнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық жəне практикалық мəнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нəтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін студенттерді мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу жəне шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нəтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау əдісі əрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.
Жобалау əдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мəні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді əдістердің жиынтығы.
Жобалау əдісін қолдануға қойылатын талаптар:
Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мəнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша əр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..
Мүмкін болатын нəтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мəні (мысалы, газета, альмана шығару)
Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.
Жобаның мазмұндық бөлімін құру.
Зерттеу əдістерін қолдану.
Жобалау əдісінің нəтижесі материалдық рəсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад жəне т.б.)
Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері жəне ақпаратты өңдеу – нəтиже – презентация
Жобалауды құру:
Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.
Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу əдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.
Студенттердің өз бетімен жұмысы.
Əрдайым зерттеу нəтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.
Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.
Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар. Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:
проблеманың мəнділігі жəне өзектілігі;
қолданылатын зерттеу жəне мəліметтерді өңдеу əдістерінің дұрыстығы;
жобаға əрбір қатысушының белсенділігі;
қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;
жобаға қатысушылардың қарым-қатынас жəне өзара көмекке келу сипаты;
проблеманы зерттеудің тереңдігі жəне жан-жақтылығы;
оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы жəне дəйектілігі.
Жоба:
Пəн:
Топ:
Жобаның сипаты: Ғылымдар тараулары: Жобаның типі: Жобаның мақсаты: Жобаның міндеттері: Жоспарланған нəтиже: Оқу мақсаты: Материалдар:
Жұмыс уақыты:
Топ типі:
Рольдер:
Жобамен жұмыс:
Оқу-тəрбиелік міндеттер:
Өзара көмек:
Жеке жауапкершілік:
Жетістік көрсеткіші:
Күтілетін іс-əрекет:
Эвристикалықəңгіме Сократ заманынан келе жаткан əдіс.
Эвристика грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді. Бұл əдіс оқыту саласына ежелгі гректердің сократтық əңгіме үлгісінен енген. Эвристикалық əңгіменің психологиялық табигатына тоқталсақ, аталмыш əдіс мəселенің жауабын ұжымдық іздеу, талқыга кеп саяды. Сондықтан да бұл əдіс педагогикада проблемалық оқыту деп аталып жүр. Эвристикалық əңгіме тақырыптың 6ip элементін қазық етсе, проблемалық окыту əдісі тұтас 6ip проблемалық ситуацияларын жекелей арқау етеді. Бұл əрине айырықша айырмашылық емес. Психологиядағы эвристикалық əңгіме əдісі бойынша да ой өрбіту арқылы да тұтас 6ip ауқымды тақырып шегіне дейін баруға болады.
Дискуссия ішкі белсенділікті арттыру арқылы, оқыту əдістерінің 6ipi ретінде тек соңғы жылдары ғана қолданысқа енген еді
Дискуссия - əңгіме барысында туындаған əр алуан пікірлердің қаркынды таласын тудыратын тілдік əрекеттің диалогты сипаты. Дискуссия- пікірді жай баяндау емес, өз пікіріңді түрлі дəлелдермен, көрсеткіштермен дəлелдеу, қорғау. Л.С.Выготский көрсеткендей, дискуссия- пікірлер қақтығысы, 6ip мəселенің бірнеше дұрыс жауаптарын немесе керісінше, сұрыптайтын, саралайтын тиімді тəсіл.
Дөңгелек үстелəдісі педагогика ғылымында саяси жəне ғылыми саладан ауыскан. Дөңгелек үстел əр түрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз етуүшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел əдісі белгілі бір теориялық тақырыпты əр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында əр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен жүргізіледі.
Дөңгелек үстел əдісі өзге де сипатта қолданылады. Мысалы, студенттердің оку-ғылыми конференциясында студент-психолог, студент-педагог, студент- əлеуметтанушыларының кездесуі ретінде дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Бастысы психологиямен қатар өзге ғылыми салаларда кеңінен талдауға болатын негізгі тақырыпты белгілеу. Дөңгелек үстелде əркім өзінің алдын-ала оқып дайындағанын баяндап қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, қоғам қажеттілігін қамтуға керек, тандалған тақырыпты катысушылар өздерінің зерттеу тұрғысынан аса білулері қажет. Дөңгелек үстелде əркім өзін толғандырған тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер əр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, консенсус туындамайды. Яғни, тақырып мəні ашылып, пікірлер тоғыспайды. Дөңгелек үстелдің мақсаты сол жоғарыда айтқандай ақиқат топ болып іздеу. Егер дөңгелек үстел жанды пікір таластар арқылы бір көзқарасқа тоғыспаса, онда дөңгелек үстел мвқсатының жүзеге аспағаны. - Дөңгелек стол. Дəріс семинар сабағының материалына негізделген ашық əңгіме ұйымдастыру. Əңгімен барысында мəселені шешудің тиімді əдісін қарастыру.