М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет31/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы
1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
29 
қарастырамыз. Олар жалпы адамзаттық құндылықтардың қалып-
тасуы мен барлық адамзаттың прогресі үшін қызмет етуі тиіс. 
Зерттеудегі бұл бағдар кез келген этностың, соның ішінде қазақтар-
дың да рухани әлемін өлшеуші эталон бола алады. 
Болашақты объективті болжау үшін зерттеушілер өткен тарих-
тың барлық егжей-тегжейін, халықтың рухани және материал-
дық мәдениетінің эволюциясын жете ұғынулары керек. Белгілі бір 
қоғамдастықтың әлемге дәстүрлі қатынастар түрін жаңғырту мүмкін 
бе және жаңа тарихи жағдайда руханилықтың ескі түрлеріне сұра-
ныс бар ма? Уақыт өте келе кейбір зияткерлік-мәдени құбылыстар 
жаңа тарихи кезеңдерде жандану сапасына ие болатын қасиеттері 
бар. Бұл жағдай қоғамда құндылықтардың өзгерістерге ұшырау 
мүмкіндіктерімен, дағдарыстарымен және құндылықтарды асыра 
бағалаулармен байланысты. Мәдени-тарихи құбылыс адамдардың 
әлеуметтік өмірінің жоғары қабаттарына екі себепке байланысты 
өзектенеді: біріншіден, ол құндылықтар аласапыраны кезінде бел-
гілі бір адамдар тобына өзінше бір құтқарушы «тал шыбықтай» бо-
луы мүмкін, екіншіден, қоғамды біріктіру үдерісінде этно-мәдени 
құрылымның эволюциясында рухани сабақтастық арқылы белгілі 
бір сындарлы рөл атқаруы мүмкін.
Қоғамның рухани өміріндегі құндылықтардың рөлі туралы ай-
тар болсақ, онда кеңістік пен уақыт аясында халықтық мәдениеттің 
архитектоникалық құрылымы болып табылатын белгілі бір тарихи 
«архетип» пайда болады. Оған өмір салты мен адамның ментальдық 
қалпы, этностық-мәдени басымдықтары негізделеді. Бұндай кеңістік 
пен уақыт аралығында әлемді субъективті-психологиялық, тарихи, 
көркем қабылдаулардың мәні артады. Уақыт пен кеңістікте бол-
мыс жайлы этно-мәдени түсініктер көпқырлы және олар ежелгі 
дәуірлерден қазіргі кезеңге дейінгі генезисі мен эволюциясының
үдерісінде көрініс береді. Өткен дәуірлер мен құндылықтар тура-
лы естеліктер қазіргі кезге мықтап бекітілгені белгілі болғандай, ол 
қоғам дамуының болашағына да әсер ете отырып, оның құндылықтық 
әлемін қалыптастыра алады.
Қазақ халқы үшін этикалық нормалар мен дәстүрлер рухани 
құндылық ретінде болды, сонымен қатар музыкалық-поэтикалық 
және әдеби шығармашылық ұлттық мәдениеттің жүйесін құрушы 
элементі болды. Қазақ халқы бізге «көркем сөздің ең құнды мұрасын 
қалдырды. Халық әншісі, халық ақыны ежелден бері өзіне тән 
ақындық қасиеттері арқылы түрлі әндермен рухтарын жеткізіп 
отырды» [1, 25 б.].
Тарихи субъект болып табылатын этнос негізгі әлеуметтік және 
мәдени құндылықтарға сүйенеді, ал оның болмысы белгілі бір


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет