Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану
институты туралы мәлімет
Институт 1999 жылдың ақпан айында 1958 жылы ашылған Фи-
лософия және құқық институтының және 1991 жылғы Философия
институтының негізінде құрылды. Ол 2012 жылдың мамыр айында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Философия, саясатта-
ну және дінтану институты болып қайта аталды.
Институттың мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекеме ретіндегі негізгі
міндеттері қазіргі қазақстандық қоғамның зияткерлік және рухани-
адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-дүние-
танымдық, философиялық-әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық
және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бүгінде Философия, саясаттану және дінтану институты жоғары
кәсіби ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Институт оның
құрылымын айқындайтын үш басты бағыт бойынша жұмыс істейді:
философия, саясаттану және дінтану. Онда ҚР ҰҒА 1 академигі, 2 кор-
респондент мүшесі, 19 ғылым докторы және 6 ғылым кандидаты, 5 PhD
докторы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Институт қабырғасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе
отырып «Ғылым Ордасы» негізінде ғылыми-зерттеу институттардың
ғылыми кадрларды даярлау бойынша ғылым мен білімнің бірігуі жоба-
сы аясында 9 PhD докторант пен 8 магистрант білім алуда.
Институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде «Еліміздің
зияткерлік әлеуеті» басымдылығы аясындағы 24 ғылыми-зерттеу жо-
балары бойынша (2012–2014 жж.) жұмысын бітірді. Қазіргі уақытта
аталған басымдық бойынша 5 ғылыми-зерттеу жобасы орындалуда
(2015–2017 жж.). Сондай-ақ «Халық тарих толқынында» бағдарламасы
ауқымында Институт келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуде:
«Қазақтардың рухани өмірі: әл-Фарабиден Абайға дейін» жобасы (2014–
2016 жж.); «Қазақстанның тарихи және рухани-мәдени дамуындағы
діннің рөлі: дәстүрлер мен қазіргі заман» ғылыми бағдарламасы (2014–
2016 жж.); «Қазіргі Қазақстан аймағындағы діндер тарихы» және «Қазіргі
Қазақстанның аумағындағы ислам мәдениетінің тарихы» оқулықтарын
дайындау (2014–2015 жж.). Институт «Қазақстан-2050» Стратегия-
сын» ғылыми сүйемелдеу жөніндегі ҚР Президенті Әкімшілігінің
455
зерттеулердің Тақырыптық жоспарын жүзеге асыру бойынша «Тәуелсіз
Қазақстанның құндылықтары және идеалдары» атты бағдарламасына
жетекшілік етті.
Институт қызметкерлері саясат, ғылым, білім беру, мәдениет, дін,
қазақ және әлемдік философия мәселелері бойынша монография-
лар мен ғылыми мақалалар жариялайды. Институт қызметкерлерінің
ғылыми жарияланымдары таяу және алыс шетелдердің ғылыми
рейтингтік басылымдарында сұранысқа ие.
«Мәдени мұра» бағдарламасының бойынша Институт «Шығыс
Аристотелі» – әл-Фарабидің шығармалар жинағын (10 том), «Әлемдік
философиялық мұрасын» (20 том), «Қазақ халқының философиялық
мұрасын» (20 том) басып шығарды.
«Ғылыми қазына» пәнаралық ғылыми бағдарламасы аясында (2012–
2014 жж.) «Қазіргі Қазақстандағы идеологиялық концептілерді конструк-
циялау» бағыты бойынша 18 монография жарық көрді. 2013 жылы Ин-
ститут жаңа саяси терминологияның қазіргі сөздігі – «Қазақстан-2050»
Стратегиясы» Терминологиялық анықтамалығын дайындауға белсенді
қатысты.
Институт ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ұсынған екі журнал шығарады: «Адам әлемі» (1999 жылдан бері) және
«Әл-Фараби» (2003 жылдан бері). Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі
Институттың өз сайты бар (www.iph.kz).
Институт үнемі халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек
үстелдер, семинарлар, пікірталас алаңдарын өткізіп тұрады. Бұл іс-
шараларға қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Инсти-
тут Ресейдің, Беларустің, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Қытайдың,
Германияның, АҚШ-ң, Түркияның, Иранның, Өзбекстанның, Тәжікстан-
ның және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз
ынтымақтастық орнатқан.
Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және т. б. жетекші қа-
зақстандық жоғары оқу орындарының магистранттары мен PhD доктор-
анттары тағылымдама мен зерттеу тәжірибесін өткізеді.
Институтта қызметкерлердің кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі
үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Философия, саясаттану және дінтану институты туралы анағұрлым
кең ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады:
Қазақстан Республикасы, 050010,
Алматы, Құрманғазы көшесі, 29 (3 қабат)
Тел.: +7 (727) 272-59-10
Факс: +7 (727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz
456
Достарыңызбен бөлісу: |