М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І



бет36/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қапасова, Б.Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014.- 224 б
2. Өмірбаева К.О. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі. Педагогика институты
студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, - 2016, 131 б.
3. Зейнулина, А.Ф. Сөз табиғаты: Оқулық / А.Ф. Зейнулина, Т.Қ. Қасенова.- Алматы: "Отан" баспасы, 2015.- 339 б.
Білімді бекіту, меңгерту сұрақтары:

  1. Мәтіннің өзара байланысты тұтасқан сөйлемдер тізбегінен тұратындығын дәлелдеңіз.

  2. Шығарманы мәнерлеп оқытудың партитурасы (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың біре жоғары, бірде бәсең болуы).

  3. Кідіріс түрлері туралы жалпы түсінік беріңіз.

  4. Көркем шығарманы оқу арқылы ондағы кідіріс түрлеріне тоқталыңыз.



Дәріс-9.Лексикологиялық және стилистикалық талдау

9.1.Сөз мағынасын түсіндірудің әдіс-тәсілдері.


9.2.Мәтіндегі сөздерді талдау.
9.3.Мәтіндегі негізгі ой.
9.4.Авторлық қолданыстағы сөздердің мәнін ашу.


Көркем мәтінді сөздік құрамды лексикологиялық талдау міндеттері:
1.Студенттің қазақ тіл білімі саласынан алынған білімдеріне сүйеніп, қазақ тілінің сөздік құрамымен дыбыс жүйесі, сөзге түскен екпін түрлерімен таныстыру. Сөйлеу интонациясы, сөз мағынасы жөніндегі біліммен қаруландыру, біліктілігін жетілдіру.
2.Шығарманың түрі, жанры, композициясы, тақырыбы тұрғысынан талданатын болғандықтан, лингвистикалық талдауды әдеби талдаумен ұштастыра меңгерту
3.Мәтінді дұрыс мазмұндауға үйрету
4.Мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету
5.Мәтіндегі абзацтың ролін түсіндіру
6.Көркемдік суреттеуге тілдік құралдарды пайдалану
7.Прозалық және поэзиялық шығарма алынған үзіндіні мазмұндау, мәтіндерге әдеби және тілдік талдау жасау.
Мәтіннің мүшеленуі - мәтінді ұйымдастыруда жалпы прагматикалық заңдылықтарға бағынатын, қоршаған әлемді тұтастай қабылдауға негіз болатын (бөлшектенуге) мәтін категорияларының бірі. Мәтіннің мүшелену категориясы шығарманың бүтін композициясының қызметі. Мәтіннің сөйлеу формаларына, мүшеленуіне әңгімелеу, суреттеу, ойталқы жатады.
Олар мәтінде бір-бірімен мағыналык, тұлғалық жағынан байланысып, өзара жымдасып, тығыз қарым-қатынаста болады. Оқырманның қарапайым көзіне байқала бермейтін мәтін құрылымының негіздік түрлері:
1. Әуезе. 2. Әліптеу.3. Пайымдау.
Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әртүрлі жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезеқылып сөйлейміз.
Адамның тұрпатын, кескінін, көркін айтып әліптеп сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, непайымдама болып шығады.
Ғалым А.Байтұрсынұлы әуезе (әңгімелеу), әліптеу (суреттеу), пайымдау не зейіндемені (ойталқы) мәтіннің сөйлеу формаларына жатқызады. Ол ойлаудың бір түрін жүзеге асырады, әрі сөйлеу әрекетінің қатысым түріне жатады – деген пікір айтады.
Б.Ш.Шалабай «Көркем әдебиет стилистикасы» деп аталатын еңбегінде көркем прозаның талдау түрлеріне - әңгімелеу, суреттеу, ойталқыға тоқталады.
Рема (грекше rhema - сөз, айту) – сөйлемде актуалды мүшелеудің компоненті. Сөйлемде алдын-ала берілген жай (тема) туралы хабарлауды немесе сұрауды мақсат етеді. Ол предикативтілікті жасап, ойдыаяқтап тұрады. Ремаға дауыс екпіні түседі, сөйлемнің соңғы шенінде орналасады.
Тема мен рема сөйлемнің семантикалык-синтаксистік құрылымын, мәтіннің қатысымдық құрылысын айқындап, сөйлемдерде байланысты жүзеге асыруға қатысады.
Тема (грек. thema – негіз) - ойдың бастаушысы, ал рема - оның қозғаушысы.
Суреттеу мәтіні болмыстағы, шындық өмірдегі әртүрлі жай-күйлерді (адамның биологиялык, психологиялық күйі, табиғат, қоршаған орта, адамның, заттың тұрған орны, т.б.) толықтай нақтылап сипаттап береді. Бұл - суреттеу мәтінінің қатысымдық міндеті. Мәтін суреттеуде әңгімелеуші суреттелген оқиғаға қатысты пайымдауын философиялық ой қорытындысы ретінде айтса, онда ол ойталқы болады.
Әңгімелеу, суреттеу, ойталқының бір-біріне өзара тәуелділігі, араласып, кезектесіп отыруы да кездеседі. Барлық мәтіндер ең алдымен лингвистикалық обьект болып табылады.
Мәтіндердің типологиясы лингвистикалық тұрғыдан алынады.
1.Мәтінде бірден көп сөйлемдер тобы болады.
2.Ол сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан байланыста болады.
3.Ол сөйлемдер тақырыбы бір болады.
4.Сөйлемнің орын тәртібі де мағыналық тұтастығын бірлігін сақтайды.
5.Мәтіннің құрамындағы сөйлемнің бірімен екіншісі ортақ ойды дамыта түсіп байланысып отырады.
6.Мәтін құрамы өзара тығыз байланысты болады.
7.Мәтін құрамындағы бірліктер тізбектеле немесе параллель түрде байланысады.

Әдеби тіл туралы әр түрлі пікірлер бар. Көптеген зерттеушілер әдеби тілді жазу арқылы белгілі жүйеге түскен деп түсіндіреді. Әдеби тіл өңделген, сұрыпталған жазу дәстүрі бар және әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, орналасқан нормалары бар, стильдік тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін халықтың бәріне ортақ, түсінікті болады. Әдеби тіл қоғамдық қызметі әр алуан жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған түрі. М.Балақаев «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», - деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ.Мұсабаев та айтады: «Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді, жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес» - дейді. Енді біреулері қазақтың әдеби тілін Ұлы Абай мен Ыбырайдан басталады деген пікір айтады. Әдеби тіл жайын сөз еткен М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін дау айтады. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма?


Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің өрнектері жоқ деуге бола ма?» дейді.
Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл.
Әдеби деген термин (орыс тіліндегі литературный деген терминнің тура баламасы ретінде) латынның litttratura деген сөзінен қалыптасқан. Ол гректің грамматика (grammatica) сөзінің баламасы ретінде жаза білу, оқи білу деген мағынада қолданылған.
Көне Римдіктер litttratura деп әріпті тани алатын, яғни кітап оқи алатын адамды атаса, кейін жазып, оқи алатын сауатты адам деген мағынаны білдіреді. Бұл термин кейін сұрыпталған, жүйеге түскен деген мағынаға ие болып жүр.
Мәтін теориясы және мәтін талдау әдістемесі қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту объектісі. Біріншіден тілден беретін материалда оқыту материалы әртүрлі болса, екіншіден көркем шығарма үзінді қысқа мәтін түрінде беріледі де, мәтінмен істелетін жұмыс сараланып, жүйелі жүргізіледі.
Әдеби талдау кезінде шығармадан алынған шағын мәтінді талдауда біз оның шағын деталін немесе құрамдас бөлігін ғана ала аламыз. Бұл тұтастық талдауға жатпайды. Тұтастық талдау дегеніміз – терең түсінік беретін талдаудың шарты мен тектік белгісі. Ол тұтастықты қамтиды, түсініксізді түсіндіреді, әдеби талдау нәтижелі болады.
Талдау арқылы автордың көркемдік ойларын сезінеміз. Оқушының мәтінді қызығып оқуы шығарма мазмұнына, жазушының стиліне, шеберлігіне байланысты. Көркем сөз арқылы адам жанының небір тылсым сырлары шертіледі, өмір құпиялары ақтарылады. Мәтін мазмұнында адам арманы, әртүрлі оқиғалар, ерлік дәстүрлері, табиғат көріністері суреттеледі. Оқырман тағдырларды түсініп, жазушымен бірге ойланып, дұрыс шешімге келеді. Оқушының өмірден өз орнын табуына оң әсер алады. Талдау жасау арқылы оқырман «саналы кеуде, құйма құлақ» бар жерде ғана болашақ жарқын екенін түсінеді.
Әдебиет пен өнер - адам рухының тап өзі сияқты көшірмесі. Қалай өмір сүрсек, әдебиет солай жазылады. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда көркі қашпай көркем күйінде берілуі талдау кезінде айқындалады.. Юсуп Баласағұни: «Айтылмаған сөздерің сап алтындай, тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай» - деп, көркем сөз көрікті ойдан туатындығын айтқан екен. Адамның рухани әлемін, оның адамгершілік бүкіл ішкі сезім қасиетін қалыптастырып байытуда әдебиеттің, ана тілі пәнінің атқарар қызметі ерекше. Көркем туындыны толық, терең әрі жан-жақты түсіну оны талдаудың түр – түрін жетік меңгеріп, оларды талдаудың жоғары мәдениетін ғылымдық сапада жүргізуді талап етеді. Олардың қай –қайсында да зерттеушінің алдына әдеби шығарманың шынайы көркем табиғатын ашу мақсаты тұрады.
Мәтін түрлері. Мәтін - қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту обьектісі. Мәтінге тіл бірліктері, яғни сөз, сөз тіркесі, сөйлем тегіс қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет