17
Мұңайтар болсаң сабыр тұт.
*
Сізге осы мақал ұнай ма? Адамдарға қуаныш сыйлау дегенді қалай
түсінесіз? Өзіңіздің әректіңізде қайсысы басым?
*
Жағдаятқа байланысты осы мақалды қолданыңыз.
54.
Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылады.
*
Дана халқымыз осы сөзбен нені білдіргісі келді екен?
*
«Адамның күні адаммен» деген мақалмен жоғарыдағы мақалдың
қандай байланысы бар.
55.
Қос қылыш қынға симас.
*
Шынында да қос қылышты бір қынға сайдыра алмайсыз ғой.
Мәтелдің мәні не? Нені меңзейді? Өз сөздеріңізбен түсіндіріп
айтыңыз.
*
Қанағатсыздық туралы жағдаяттық әңгіме диалог құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: