Мақала Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері мен мәселелері



Дата25.09.2022
өлшемі16,74 Kb.
#150659
Байланысты:
мақала латын


Мақала
Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері мен мәселелері

Қазіргі саяси-экономикалық жағдай халқымыздың әлеуметтік дамуына ерекше әсер етіп отыр. Соған байланысты тұрмыс-тіршіліктің барлық салаларында небір өзгерістер болып жатыр. Кез келген халықтың мәдениетінің, өркениетінің деңгейін анықтайтын басты белгелердің бірі – оның жазуы.


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» атты мақаласында қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу қажеттілігі жөнінде алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынып, соның алғашқысы латын әліпбиіне қатысты қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек». Бұл мәселеге дайындықпен келгенімізді айтып: «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отыры, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс», - деген міндерттерді жүктеді.
Латын әліпбиіне көшу мәселесі алғаш сөз бола бастағанда, қызу талқыланып, бірсыпыра ұсыныс-пікірлер айтылғанымен, қазір жұрттың құлағы үйренді. Әлбетте, солай болудың да реті бар шығар. Себебі, әуел бастан латын жазуына көшудегі түпкі мақсаты әуел бастан анықталып, халыққа жан-жақты түсіндірілген жоқтұғын. Біреулер «Латыншаға көшсек, компьютер тілін оңай игеріп, интернетке шығуымызға кең жол ашылады» десе, енді біреулер «Латын әріптері арқылы күллі түркі жұртына ортақ жазу қалыптастырамыз. Бір-біріміздің жазба әдебиетімізді тәржімәсіз немесе делдал (орыс) тілсіз түпнұсқадан оқи береміз» дегенді айтты.
Ал тіліміздің қамын әріден ойлаған Ә.Жүнісбеков, Б.Қалиев сияқты т.б. тілші-лингвист ғалымдар "Латыншаға көшу тіліміздің өзіндік болмысын сақтап қалу үшін қажет, латын жазуына негізделген өзіміздің төл әліпбиімізді құрып алған соң, тіліміздің табиғатында жоқ, орыс тілінен және халықаралық термин деген желеумен орысшаланып енген бөтен сөздерден арыламыз. Сөйтіп, қазақша баламасы табылмай жүрген бүкіл кірме сөздерді өз тіліміздің дыбыстарымен жазып-айтамыз» деген ұстанымды (позиция) басшылыққа алған еді.
Осы пікірлердің қай-қайсысының да өзіндік маңызы бар екеніне дау жоқ, дегенмен үшінші пікірдің салмағы басымырақ. Мысалы, бірінші пікірге келсек, компьютерде жұмыс істеу, ең алдымен, өзіміз үшін керек, жазуымыздың, яғни тіліміздің әуелі өзімізге қызмет етуін қамтамасыз етіп алмай тұрып, әлемге танылуды, әлемдік Интернетке шығуды көздеу орынсыз деп ойлаймын. Екінші пікірге бір жағынан құлақ қоюға болады. Қазір біз кез келген түркі халықтарының өкілімен аызша сөйлессек, бір-бірімізбен оп-оңай түсінісіп, пікірлесе аламыз. Ал жазуымыздың әрқилылығына байланысты бүкіл жазба дүниелерімізді орысшаға аудармай, демек делдал тілсіз оқи алмаймыз. Осы мәселені көздеп, бәрімізге ортақ жазуды қалыптастыруды ойласақ, латынға көшуді әбден қолдауға болатындай-ақ.
Ғылым тілінсіз қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл бола алмайтыны баршаға аян және ғылыми тіл мектеп оқулығынан басталатынын ескерсек, түрлі ғылым мен олардың салаларының қазақша дамуы күмән туғыза түседі. Дәл бүгінгі уақытта әбден тозығы жеткен, көнерген, бүгінгі ұлттану саясатына кереғар, заман талабына сай емес, кезіндегі орыстандыру саясаты негізінде жасалған біздің қазіргі қолданыстағы «қазақша-орысша» әліпбиіміз бен орыс сөздері мен орысшаланған шетел сөздерін орысша қалай болса қазақша да солай жазуға, тіпті айтуға мәжбүрлейтін емле (орфография) ережелерімізді реттеу әріп ауыстырудан бұрын істелетін өте өзекті іс болып тұр.
Латыншаға көшудің тағы бір тиімді жағын ескеру қажет. Мәселен, сан мыңдаған шетелдік сөздер тасқыны тілімізге күн санап толассыз еніп жатқан мына зымыран заманда бірен-сараң сөздерге әрең дегенде қазақша балама тауып, бірақ оның өзін сан-саққа жүгіртіп, дауласып жүргенімізде тіліміздің тек дыбыстық жүйесі мен сөздік құрамы ғана өзгеріп қоймай, құрылымы да өзгере бастайтыны даусыз.
Сондықтан Арал балықшылары үшін теңіздің бір бөлігін құтқарып қалғанымыздай (КішіАрал), тіліміздің таза қазақы қалпын сақтап сөйлеп-жазып жүрген ұлтымыздың бір бөлігі үшін, бөтен дыбыстардан және оларды таңбалап келген әріптерден арылған нағыз қазақ әліпбиін латыншаға көшу арқылы жасауға қазір толық мүмкіндік туып отырған сияқты.
Латын графикасына көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің дамуына зор үлесін қосары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет