ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
,
№2 (124), 2022
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
55
түркі qap «қап» (КТС, 420) немесе «қау, қауғадай» мағынасымен байланысты пайда болуы
мүмкін. -ыл сындық мән, -ан заттық мән білдіруші форманттар екенін айтады [12, 209-б.].
Kaplan
сөзінің шығу тегі мен құрылымы этимологиялық сөздіктерде толық
көрсетілмегенімен, ғалым А.М. Щербактың пікірінің ғылыми мәні жоғары
: «kaplan/gaplang
сөзінің kaplı (kapıl) түріне an қосылуымен пайда болу ықтималдығы жоғары. Алайда, kaplı
сөзінің мағынасын анықтау үшін жүргізілген зерттеулер нәтижесіз аяқталды. Оның ескі
формасы kapığlı болуы мүмкін»
[5, 138-б.].
Осы мәліметке сүйене отырып, түркі тілдеріне ортақ
kaplan
сөзінің этимологиясы
келесідей болады:
kap-(ı)glı+aŋ.
Сөз тұлғасын талдар болсақ:
•
Қазақ тілінде: Қабу қап етістігінің қимыл атауы, иттің шабаланып үруі, адамға
ұмтылып, тістеп алуы [13, 681-б.]. Түрік тілінде: kapmak, -ar (-i) 1. Birdenbire yakalayarak,
çekerek almak; 2. Isırıp parçalamak; 3. koparmak, kıstırmak [14, 1072-б.].
•
-ыл сындық мән білдіруші формант (мұндай пікір қазақ тіл білімінде, түрік тіл
білімінде де бар). (I)glI eki, Eski Türkçede fiillerden sıfat ve isim yapan ektir. Türkiye
Türkc
̧ esinde kullanılan –An sıfat-fiil ekini karşılar [15, 56-б.].
•
аң сөзі тарихи және қазіргі түркі тілдерінде «жабайы аң, жыртқыш жануар»
мағынасындағы есім сөз.
Жоғарыда берілген тұжырымдарға сүйене отырып,
-lan
құрылымының шығу тегін де
қайта қарауға болады. Құрылымның шығу тегіне жету үшін
aŋ
сөзінің мағынасын білу
жеткілікті. Бұл құрылымды қамтитын сөздер келесі формалардан тұрады:
arslan< arsıl+ aŋ
kap-(ı)glı+aŋ
sırtlanЖоғарыда талданған мысалдар бойынша түркі тілдеріндегі зоонимдердің белгілі бір
үлгіде жасалуы, яғни морфологиялық құрылымының ортақ модельге негізделуі жануарлар
атауының қалыптасуында белгілі бір сөзжасам жүйесі болу мүмкіндігін көрсетеді деген
ғалымдар пікіріне қосыламыз [1, 48-б.]. Мәселен, қазақ тілінде
арыстан, қабылан, құлан,
қабан, аққұтан, бұлан, сілеусін т.б.
зоонимдер құрамынан
-ан (-ен, -ін, -н)
қосымшасын
ажыратуға болады. Түркі тіл білімінде -
ан
жұрнағын дербес мағыналы аң лексемасымен
сабақтастырушы көзқарастар белгілі. Сонымен қатар
сауысқан, тышқан
сөздері құрамынан -
қан (-кен, -ген, -қан);
жәндіктерге қатысты
шегіртке, құмырсқа, бүрге
сөздерінен -қа (-ке, -
ге) қосымшалары ажырайды. Мұндай ұқсас мысалдарды басқа да туыс тілдерден кездестіре
аламыз. Демек, түркі тілдеріндегі зоонимдердің құрылымының алуан түрлі болып келуі де
олардың күрделі табиғатын көрсетеді. Түркі зоонимдерінің құрамында алтайлық, түркілік
тек тілге тән сөздер де, кейін пайда болған жаңа атаулар (
мысалы, қазақ тілінде
мүйізтұмсық, қарақұйрық, егеуқұйрық
) да болуы мүмкін. Қорыта келгенде, жан-жануарлар
атауларының түркі тілдерінің сөздік қорында өзіндік орны мен үлес салмағы бар. Түркі
тілдеріндегі зоонимдердің жасалуы белгілі бір заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады. Бұл
заңдылықтар осы атауларды ғылыми түрде тарихи-салыстырмалы тұрғыдан зерделеу және
олардың шығу тегін анықтау арқылы айқындалады. Сондықтан түркі зоонимдеріне қатысты
тілдік пайымдауларды морфологиялық, сөзжасамдық тұрғыдан қайта қарастыруды,
сәйкесінше этимологиялық талдауларды да тілдік деректермен нақтылауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |