ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №2 (124), 2022 50
основанное на общей модели морфологического строения, может иметь определенную
словообразовательную систему в формировании названий животных.
Ключевые слова : тюркские языки, лексикология, этимология, этимологический
словарь, зооним.
Кіріспе Түркі халықтарын біртұтастыққа ұйыстырудың басты тетігі – тіл деп білсек, бір
негізден, яғни жалпытүркілік ортақ тілден тараған қазіргі түркі тілдері арасындағы
сабақтастықты анықтап, әр тілге тән заңдылықтардың қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу
түркітану саласында қашан да өзекті болмақ. Түркі тілдерінің лексикалық қорын зерделеу
барысында түркітанудың лексикология саласына, соның ішінде салыстырмалы-тарихи
лексикология, салыстырмалы-синхрондық лексикология, этимология, терминология,
лексикография және ономастика тәрізді салаларына үлкен міндет жүктеледі. Бүгінгі таңда
аталған зерттеулерге қажет теориялық методологиялық база қалыптасты деуге ғылыми негіз
бар. Себебі қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі, татар тіл білімі, түрік тіл білімі, қырғыз тіл
білімі т.б. тәрізді әр түркі тілінің тілтанымдық ғылыми негізінің толықтай қалыптасуы және
бүгінге дейінгі даму барысы көрсете алады. Әр түркі тілінің тілтаным ғылымының іргелі
саласы ретінде дамып отырған лексикологияның жекелеген және жалпы мәселелері туралы
тұжырымдамалық ғылыми пікірлерді бір арнаға тоғыстыру барысында түркі тілдерінің
лексикалық құрамына қатысты ортақ ғылыми тұжырымдама жасалады және түркі тілдері
дамуының қазіргі деңгейіндегі ортақтықтар мен айырмашылықтардың ара-жігі нақты
айқындалады. Бұл өз кезегінде екі, үш немесе онан да көп түркі тілдеріаралық, я болмаса
тілдік топтар мен тілдік топшалараралық толыққанды салыстырмалы-тарихи және
салыстырмалы-сипаттамалы зерттеулерге жетелейді.
Түркітанымдық зерттеудің өзекті тұстарының бірі туыстас тілдердің лексикалық
құрамын өзара бір-бірімен салыстыра зерттеу болып табылады. Мақаланың
мақсаты – түркі
тілдері жүйесінде зоонимдердің (арыстан, қабылан) тілдік сипатын этимологиялық сөздіктер
негізінде талдау болып табылады. Себебі түркі тілдері бойынша зоонимдер, соның ішінде
тақырыптық топтары толық қамтылып, жануарлар атауы түркі тілдерінің деректерімен
салыстыра отырып, құрылымдық негізі толықтай талданды деп айта алмаймыз. Түркі
тілдерінің этимологиялық сөздіктерінде сөздің тұлғасына қатысты ғалымдар тарапынан
біршама тұжырымдар жасалса да, пікір алуандылығының кездесуі, ортақ бір пікірдің
қалыптаспауы аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін
өзектілігін көрсетеді. Түркі
зоонимдерінің зерттелу жайының қарастырылуы, этимологиялық сөздіктер бойынша
жануарлар (арыстан, қабылан) атауына қатысты ғалымдардың тұжырымдарын ғылыми
талдау, өзіндік пайым-көзқарас тұрғысынан бағамдау жұмыстың
жалпы сипатын айқындайды.