Macromedia Flash бағдарлама



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата13.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#125348
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме


 

Macromedia Flash бағдарлама



 

 

Алғы сөз 

Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі 

қазіргі  уақытта  индустриалдықтан  ақпараттық    қоғамға  болып  отыр. 

Жаппай  компьютерлендіру  жаңа  ақпараттық  технологияларды  оқыту 

саласында  бизнесте,  өндірісте,  ғылыми  зерттеуде  және  әлеуметтік 

өмірде  кеңінен  қолданудың,  дамудың  жаңа  деңгейін  жасайды.  70 

жылдардың  басында  компьютерлік  бөлшектер  шығару  саласында 

үлкен  техникалық  жаңалық  ашылды,  үлкен  интегралдық  үлгілер 

пайда  болды.  80  жылдардың  ортасында  жергілікті  және  ауқымды 

желілер дами бастады.  

Бүгінгі  таңда  технологияның  қарқынды  дамуына  байланысты 

компьютерлердің  графикалық  мүмкіндіктері  күннен-күнге  үлкеюде. 

Қазіргі  компьютерлердің  мүмкіндігіне  байланысты  бағдарламалар  да 

аз  жасалып  жатқан  жоқ.  Соның  ішінде,  анимация  жасауда  көп 

қолданысқа  ие  Macromedia  Flash  бағдарламасы.  Бұл  бағдарламаны 

көбінесе  Web-сайттарды  құруда    көп  қолданады.  Соңғы  кезде 

электронды 

оқыту 


өнімдері 

нарығында, 

Macromedia 

Flash 


технологиясы  негізінде  жасалған  және  тәжірибесі  жоқ  компьютер 

қолданушысына  бағдарламалық  өнімдер  жасау  мүмкіндігін  беретін 

оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. 

Қазір  Macromedia  Flash-технологиясы  ең  жаңа  және  кең  қолданылып 

жатқан  технология  болып  табылады.  Macromedia  Flash  технологиясы 

анимация  жасаушылар  үшін  өте  қолайлы  бағдарлама,  өйткені  ол  

төмендегі сапаларға ие: 

-  жинақтылық  (компьютерде  тез  жүктеледі)  –  векторлық  графиканы 

пайдалану есебінде; 

-    интерактивтілік  –  пайдаланушы  Flash-фильмдегі  іс  әрекеттерді 

тікелей басқара алады; 

-  қолайлылық  –  Macromedia  Flash  технологиясының  негізі, 

компьютермен  жұмыс  істеу  дағдысы  бар  кез-келген  адамға  түсінікті. 



 

Сондай-ақ  компьютер  жадында  өте  аз  орын  алуы  мен  тез 



жүктелетіндігі  Macromedia  Flash  пайдаланушылары  үшін  үлкен 

мүмкіндіктер туғызады. 

Flash  техналогиясының  негізгі  векторлық  графикалық 

форматынан  Shockwave  Flash  (SWF)  құрылды.  SWF  қосымшасының 

артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі 

аппараттық  –  бағдарламалық  платформада  қолданылады.  Тағы  бір 

SWF – тың ерекшелігі, құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып 

ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер 

мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады. 

SWF  форматының  танымал  болуының  себебі,    Macromedia 

фирмасы  бұл  форматтың  жеңіл  және  оңай  құрал  –  саймандармен 

қолданылуы. 

 

Мультимедиялық  презинтациялар  құру  үшін  –  Macromedia 



Director  Shockwave  Studio,  ал  графикалық  бейнелерді  салу  үшін  - 

Macromedia Freehand,  Macromedia Fireworks,  интербелсенді  оқытушы 

курстарын  құру  үшін  –  Macromedia  Authorwave,  Macromedia  Course 

Builder. Сондықтан да Web-публикациясының ішінде ең танымал, әрі 

жеңіл  қолдануына ыңғайлы болып келетін  -  Macromedia Flash болып 

табылады.  Macromedia  Flash  Web  –  парақтарын  толық  құруға  және 

әрбір  сайттың  анимациясымен  безендірілуіне  мүмкіндік  береді.  SWF 

форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті. 

Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді: 

-

 



векторлық графика; 

-

 



анимацияларды қолдау; 

-

 



интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі; 

-

 



әртүрлі графикалық форматтарды қолдау

-

 



Flash фильмдерді HTML форматына қосу

-

 



Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі; 

-

 



әртүрлі визуальді саймандардың болуы.  

 

 



 


 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет