Мадиева Жадыра Хамзаевна



Дата10.06.2020
өлшемі15,22 Kb.
#72957
Байланысты:
заманбек Айтмуратов 403а


Мінездеме
Айтмуратов Заманбек 29.01.1998 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.Қазіргі таңда жалпы медицина факультетінің 4курс студенті.Университетіміздің жанынан құрылған “Жас қалам” көркемсөз шеберлері және жас ақындар клубының студенттік жетекшісі, жастар ісі жөніндегі комитеттіміздің белсенді студенті.Алғашқы студенттік күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Заманбек қоғамдық жұмыстар барысында үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, белсенді студенттермен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Болашақта Айтмұратов Заманбек еліміздің медицина саласында дәл осындай қалыпта жұмыс атқара отырып, медицина саласының гүлденеуіне өз ықпалын тигізеді деген сенімдемін.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жастар ісі жөніндегі бөлім қызметкері, “Жас қалам” көркемсөз шеберлері және жас ақындар ұйымының меңгерушісі Қонақбаева Бақыт Көбекқызы

Мінездеме


Айтмуратов Заманбек 29.01.1998 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.Қазіргі таңда жалпы медицина факультетінің 4курс студенті.Университетіміздің белсенді студенті әрі аталмыш ұйымның студенттік жетекшісі.Өзімнің қызмет атқаратын университетіміздің жатақханасына 2 курсынан бастап орналасты.Студент Заманбек жатақханада атаулы шараларға,мереке қарсаңында жатақхананы безендіру жұмыстарына белсенді қатысады.Өзінің кіші курс студенттеріне білімді, өнерді әрқашан үйретіп жүреді.Жатақхана тәртіптерін бұзып көрмеген, қара тізімде жоқ.Жатақхана қызметкерлерімен жақсы қарым қатынаста.Заманбекке болашақта білімді де білікті дәрігер бол деп тілек білдіремін.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Аққағаз Досжанова атындағы студенттік жатақханасының коменданты

Мадиева Жадыра Хамзаевна

Өзім жайында...
Мен Айтмуратов Заманбек Сағидуллаұлы 1998 жылы Қантар айының 29 жұлдызында Қазақстан Республикасы, Маңғаз Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келдім.2004 жылы Жаңаөзен қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептің 1 сыныбына қадам баса отырып, 2015 жылы 11 сыныпты екпінді оқушы қатарынан табыла отырып аяқтадым. 2016 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қабырғасына жалпы медицина мамандығы бойынша мемлекеттік грант бөліміне оқуға түстім.Қазіргі таңда 4 курс студентімін.Университет қабырғасында жүріп көптеген қоғамдық жұмыстарға,ғылыми конференцияға қатыса отырып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім.
1.Марат Оспанов атындағы БҚММУ 60 жылдық мерей тойына орай “The Best Student of WKSMU”сайысына белсенді қатысқандығы үшін сертификат иегері 19/05/2017

2.Марат Оспанов атындағы БҚММУ 60 жылдық мерей тойына орай “Екі жұлдыз” жобасынан “Талантты жұп” номинациясының иегері 28/05/2017

3.Астана қаласының 20 жылдығына орай “Жыр жазамын жүрегімнен” атты жас ақындар мүшәйрасына белсене қатысқандығы үшін алғыс хат иегері 22/02/2018

4.СҒҚ 60 жылдық мерейтойына арналған LVIII ғылыми конференцияда III дәрежелі диплом иегері 25/04/2018

5.СҒҚ 60 жылдық мерейтойына арналған LVIII ғылыми конференцияда сертификат иегері 25/04/2018

6.Жазушы- драмтург Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған “Оралхан Бөкей - тіл шебері” атты көркемсөз оқу байқауына қатысқаны үшін алғыс хат иегері 2018жыл

7. “Top-medical Student’s 2019” БҚМУ қатысқаны үшін сертификат иегері 2019жыл

8.Академик М.Оспановтың 70жылдық мерейтойына орай “ҒЫЛЫМ:КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ” LIX халықаралық ғылыми конференциясында ұсынылған баяндамасы үшін сертификат иегері 22/04/2019



9. “Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Ж.Табылғанов атынан алғыс хат иегері 2019

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет