Мұқағали Мақатаев
1931-1946 жж.
Батар күн,
Келер күн,
Атар таң.
Шығар күн,
Бәріңе, бәріңе,
Бәріңе құмармын!
Осы мен,
Осылай мәңгілік тұрармын
Өлмеймін,
Сірә, өлмейтінде шығармын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Өмірбаяны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ақынның азан қойып шақырған аты — Мұхаметқали. Бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен. Мұқағалиден кейін бір қыз, үш ұл дүниеге келеді. Осылардың ішінде бір ұл мен қыз сәби күнінде Мұқағалидің әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа адамы болып жүріп, кейін отандастарымен бірге майданға аттанады. Ал анасы Нағиманға ақын аса жақын болмаған. Оны жеңге есебінде көрген. Бұл отбасындағы тұңғыш ұлдың ата-әже қолында өсуімен байланысты болса керек. Өзінен кейінгі інілері Тоқтарбай мен Көрпешке ерекше қамқор болып, ерте есейеді.Мұқағали жастайынан әдеби шығармаларды сүйіп оқып, 14-15 жасынан өлең жаза бастайды. Қазақ классиктерінен бөлек, Есенин, Пушкин, Блок, Гейне, Гете, Дюма, Драйзер, Байрон, Бальзак, Шекспир және Лондонды сүйіп оқиды. Нарынқолдағы орта мектеп интернатта білім алып, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, шет тілдер институтында, кейін ҚазМУ-дың заң факультетінде оқиды. 1973 жылы Мәскеу қаласындағы Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанады. Бірақ бұл оқуын да соңына дейін тәмамдамай, бір жылдан кейін елге оралады. Өзінің айтуынша, бұған балаларына деген сағынышы мен оқу бағдарламасына көңілінің толмауы себеп болған.шетінейді.Университет қабырғасында білім алмауды жөн көрген ақын ауылдық кеңес хатшысы, туған ауылында орыс тілі пәнінің мұғалімі, аудандық газет тілшісі қызметін атқарады. Өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1950 жылдан бастап жарық көре бастайды. Кейін өзінің шығармашылық қарым-қабілетіне үлкен сенім артып, 1962 жылы Алматы қаласына қоныс аударады. Алып шаһарға келген соң “Қазақ” радиосында диктор, “Социалистік Қазақстан” газетінде тілші, “Жұлдыз”, “Мәдениет және тұрмыс” журналында мәдени қызметкер болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, жазушылар одағының поэзия бөлімінде кеңесші қызметін атқарады. Алматыда қаржылай қиындықтарға тап болғанына қарамастан, осылайша ақын әрдайым қара өлеңге деген махаббат отын тұтатып отырды.
Ақынның туған жері
Ақынның достарымен түскен фотосы
Отбасысымен фотосы
Әйелімен жастық шағындағы суреті
1948 – 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 – оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 – “Советтік шекара” газеті ақынның “Қырман басында”, “Қойшы бала – Әкітай” деген өлеңдірін жариялады;
1950 – Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 – Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі “Әдебиет және искусство” журналында жарияланды;
1957 – Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 – “Советтік шекара” газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 – “Мәдениет және тұрмыс” журналында жұмыс істейді;
Хронология:
Шығармашылығы
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. Жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты
Кітаптары:
Достарыңызбен бөлісу: |