Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш



Дата15.09.2017
өлшемі93,6 Kb.
#33759

http://Kumarov.jimdo.com/

Ключевой орта мектебі


Бүгін менің туған күнім.....”


Мұқағали Мақатаевқа арналған

әдеби кеш


Орындаған: Құмаров Манарбек

2011 жыл

Іс- шараның тақырыбы: «Менің бүгін туған күнім...» атты Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-жыр кеші

Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір және шығармашылығымен таныстыру,өмірін көрініс арқылы көз алдарына елестету,қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқуға,мағынасын аша білуге,көрерменге жеткізе білуге тәрбиелеу,махаббатты дәріптеу

1 Көрініс: Мұқағали сахнада құлап жерде жатады. Адамдар қасынан бір-бір қарап өтіп жатады.Екі жас келе жатып жігіті менсінбей аяғымен: Алқаш,сонша ішіп жатысын қарашы,-деп өте береді.Бір кезде жас қыз бала Мұқағаңның құлап жатқанын көріп,танып қасына жетіп барып:-Мынау Мұқағали аға ғой,құтқарыңдар!-деп,жүгіріп шығып кетеді. Бір кезде 2 дәрігерді қасына ертіп әкеледі.Екеуі Мұқағаңды алып кетеді.

2 Көрініс: Мұқағали аурухана халатын киіп дәлізде ойланып жүр.Бір кезде сахнаға жақындап «Өзімнің есебімше» атты өз өлеңін оқиды.

Өзімнің есебімде,

Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.

Кім біледі...

Қалған өмір,

Неше жылға жетерін,

Неше күнге

Ұмыт болып есебің де,өсегің де,

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,

Қырықтың бесеуінде.


Адал едім,

Артынан «арам» болдым,

Адам едім «надан» болдым,

Жиылып бұл жалғанның жамандығы,

Ақыры маған қонды.

Жаман болды...


Айтыңдар,

Қайсысың бар ардақтаған?

Таразыға тең қойып, салмақтаған.

Басылған маңдайыма қарғыс таңба,

Қарауға жан батпаған.

Жапалақ емеспін мен жалбақтаған,

Қыранмын екі көзін қан қаптаған!
Оқып болған соң ойлана басып шығып кетеді.

Мұқағалиды құтқарған оқушы қыз сахнаға шығып:

«Кім ұрлап кетті,кім ұрлап кетті ауамды?»

...Бардым да жұмдым ашылып қалған жанарды.

Мен де айтып тұрмын ол беріп кеткен сауалды,

Кім алып кетті,жаңағы тірі Адамды?



Жүргізуші: Осыдан соң-ақ қазақтың ақ теректей жайқалған ақиық ақыны қырық бес жасында дүниеден озды. Қазір ақынды 1 минут үнсіздікпен еске алсақ.

Артына мол мұра қалдырған Мұқағали рухы тірі,ол өлмейді.



Ән: «Есіңе мені алғайсың...»

Орындайтын: ән-күй пәнінің мұғалімі: Ерік Ұқашұлы

Жүргізуші: Ақын ең бастысы, өз Отанын сүйе білді, туған жердің әрбір тасын,құсын,жәндігін жырға қосты.

Ақынның «Отан туралы» өлеңдерін мәнерлеп оқу

Орындайтын: 1-6-7 сынып оқушылары

Өлеңдер: «Қазақстан» , «Отан туралы», «Үш бақытым», «Әліппе»



Жүргізуші: Ақын Мұқағали өз өмірінде талай қиындыққа душар болса да,қаламын жанынан тастамады.Қарымды қаламгердің қаламының ұшы мұқалмады.

«Менің анкетам» өлеңі 7-сынып оқушылардың орындауында диалог


«Менің анкетам»

Тергеуші: -Туған жерің?

Жас Мұқағали:-Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Тергеуші:-Туған жылың?

Жас Мұқағали:-1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Тергеуші:-Жынысың кім?

Жас Мұқағали: -Еркекпін ғой,еркекпін!

Және-дағы тәуірмін...



Тергеуші:-Партияда барсың ба?

Жас Мұқағали:-Жоқпын.

Тергеуші: -Шыққан тегің?

Жас Мұқағали:-Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.



Тергеуші: -Білімің ше?

Жас Мұқағали:-Орташа ғой.

Алайда оны жоғарыға балаймын.



Тергеуші: -Ана тілің?

Жас Мұқағали:-Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.



Тергеуші: -Қайда істедің?

Жас Мұқағали:-Мынау « Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған,дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

Тергеуші: -Міндеттісің бе әскерге?

Жас Мұқағали: -Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.



Тергеуші:-Сөгіс алып көрдің бе?

Жас Мұқағали:-Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де.....



Тергеуші: -Шетелдерде болдың ба?

Жас Мұқағали: -Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды,өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда-ақ.



Тергеуші:-Мекен-жәйің?

Жас Мұқағали: -Мекен-жәйім-жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам,қағаз,уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!



Жүргізуші: Махаббат,сұлулық,аққу-осы үш сөзді бірдей теңестіріп,теңдестіре білген кім десек,ол-Мұқағали Мақатаев.Сұлулықты аққудай,аққуды махаббатың символындай суреттей білген жаны нәзік, кеудесі тылсымға толы Мұқағалидың қарымды қаламы бұл тақырыпты өте кең қамтыды.

Өлең-диалог: «Махаббат диалогы»

Орындайтын: 10-сынып оқушылары
Лера: -Құс болып ұшып жоғалсам, не етер едің?

Асхат: -Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Лера:-Отқа түсіп өртенсем,не етер едім?

Асхат: -Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Лера:-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

Асхат:-Жел боп қуып,ақыры жетер едім.

Лера:-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Асхат: -Қойшы,сәулем,бәрін де көтеремін.

Жүргізуші: «Ғашықпын,шын ғашықпын сол адамға»

Орындайтын: 10-сынып оқушылары

Ольга: Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?

О,тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе,әлде қоладан ба?

Ғашықпын.

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.



Ярослав: Шарықтап,қолым жетпес көкте Күнге,

Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?

Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт,бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.



Жүргізуші: «Сен мені әлі тірі ме едің?»

Орындайтын: 10-сынып оқушылары

Антон: О,Махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің,

Гүлім едің...

Елтіген түнім едің?

Әлия: Мен сені ұмытқамын.

Жылытқаның есте жоқ суытқаның.

Суып қаным.

Жинағам құрып халім,

Жығылған отауымның уықтарын.

Содан бері мен сені ұмытқамын.



Андрей: О,Махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?!

Тірі ме едің...

Мен енді тірілемін!

Ақ періште алдыңа жүгінемін,

...Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені?!



Жүргізуші: Бүгін менің туған күнім.

Ой,бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

...Тойланбаса тойланбасын

Не етейін

Той көрмей-ақ,сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған,бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін....



Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бұлақбаева Айнұр Маратқызы:

Бүгін сенің туған күнің ой,бәле-ай!

Бұл күнді өту мүмкін емес тойламай.

Бүгін қазақ даласында мереке,

Бүгін қазақ қалай жатады сайрамай?...
Бүгін сенің туған күнің ой,бәле-ай!

Тойлап жатыр бізбен бірге Күн мен Ай.

Тойлап жатыр «Жетімкөлдің аққуы»,

Көлде жүзіп қанаттарын сабалай.


Бүгін сенің туған күнің ой,бәле-ай!

Тойлап жатыр аспан,нөсер,құс торғай.

Тойлап жатыр қазақ түгіл өзге ұлт,

Тойламасқа,аға,оған бола ма-ай?!


Жалғастырар ізіңді де бар мұнда!

Тыңдай білер тыңдарман да бар мұнда!

Тойлай сенің туған күніңді,

Ұмытпайтын ұлы халық бар мұнда!

Мәңгі тірі,өлеңі өшпес азамат

Қазаққа тән,Мұқағали- Нар тұлға!!!

Би: «Саржайлау»

Орындайтын 9 «В» сынып оқушылары



Жүргізуші: 7 «Б» сынып оқушысы Рашиданың орындауында Қасым Аманжоловтың өлеңі «Туған жер»

Жүргізуші: Түрік биі

Жүргізуші: Қазақтың даласы ән-күйсіз тербетілмеген,сондықтан қазір алдарыңызда домбыра үйірмесінің бір топ оқушыларының орындауында күй. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Біз ақынды ұмытпаймыз,оның өлеңдері мәңгі жадымызда сақталады.

Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам,оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер,Мұқағали Мақатаев,



Өлтіре алмас,алайда өлеңді ешкім!-деп ақынның өз сөзімен Мұқағалиға арналған жыр-кешімізді осымен жабық деп жариялаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет