Маған ұнайтын көшбасшы



Дата11.03.2023
өлшемі7,24 Kb.
#171867
Байланысты:
Сериков Алибек Эссе


Эссе
Маған ұнайтын көшбасшы
Мен ең алдымен көшбасшы сөзінің мәнін түсініуім керек. Көшбасшы дегеніміз ол өзінің қасиеттері арқылы ғана көшбасшы бола алады. Көшбасшының ең басты қасиеттері көшті бастап соның қараушысы, бақылаушысы және алдыға итремелеуші адам. Көшбасшы болу әр адамның қолынан келе бермейді.
Маған ұнайтын көшбасшы деген сұраққа ойланбастан өзімнің Атамды айтушы едім. Себебі менің Атамның Әкесі Би болған, ал атам 30 жылдай халық басқарып, әкім болып жұмыс істеді. Әр сайлау сайын атамды халық қуана қуана сайлайтын. Атамның халыққа істеген жақсылығын барлық ел тұрғындары айтып жүреді, сол сөздерден кейін менде атам сияқты болғым келетін. Қазіргі таңда “Caspian University” інде “Мемлекеттік қызмет және басқару” мамандығында 2 курста оқып жатырмын.
Осы мамандыққа түсуіме себеп болған атам. Атам менің бойымнан өзінің бойындағы қасиеттердің бар екенін көріп осы мамандыққа түсуді ақыл ретінде айтты, Мен атам сияқты көшбасшы болып халықты басқарғым келді сол себепті түстім. Осы мамандыққа түскенеіме қуанамын. Өмірде жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеу керек, соның ішінде мамандық таңдаудан қателеспегеніме сенемін. Осы мамандығымды бітіріп яғни бакалаврды бітіріп, “Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына” түсіп білімімді жоғарылатқым келеді. Оны бітіргеннен кейін Парламентке жұмысқа кіруді мақсат қылып отырмын. Мемлекетке, халқыма адал қызмет етіп, елімнің дамуына үлесімді қосар едім. Дәл атам сияқты адал қызмет жасап, халқымның менің істеген ісіме қарап дәл атам сияқты меніңде бауыр, қарындастарыма үлгі болатындай болсам арманым жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет