2016 жылы 23 желтоқсанда Абай атындағы Нововладимир орта мектебінде аттестатциядан өтіп жатқан мұғалімдерің шығармашылық күніне семинар өтті. Семинарға Аршалы ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мамбетов Талғат Жаңабергенұлы аудандық математика-жаратылыстану циклінің әдіскері Жумагулова Алма Кабиденовна, аудандық Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндерінің әдіскері Молдабай Амандық, №3 Аршалы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалі Жапарова Әсем Молдабаевна қатысты. Семинар барысында жоғары санатқа өтініш білдірген педагог-психолог маман Мөшке Аршагул 5-сыныпта үштұғырлы тіл саясаты мен ақпараттық-коммуникативтік технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін жүзеге асыру мақсатында “Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде кіріктіріліп өткізілді. Ең әуелі сыныппен психологиялық ахуал орнатып, оқушылармен “ Жүйріктен-жүйрікке ” психологиялық тренинг өткізілді. “ Саяхатқа шығу ” әдісі бойынша оқушылар топқа бөлініп, топ көшбасшылары тағайындалды. 1-топ “ Мәңгілік Ел ” 2-топ “EXPO-2017” кемесіне мініп, білімдерін шыңдады. Үш тілде үйге берілген “ Отан – отбасынан басталады ” тақырыбында жазылған эсселері оқылады.
Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабаққа көшті. Полиглот термин сөздермен жұмыс жасалып орысша, қазақша, ағылшынша үш тілдегі аударманы дәптерлеріне түртіп жазды. Мағынаны тану кезеңінде жаңа ақпаратты меңгеру мақсатында топтарға мәтін берілді. Мәтінде топта оқып, талқылап, мәтіннің негізгі мазмұнын топ ішінде топ құрып бір тобы постерге түсірсе, бір тобы Point бағдарламасы бойынша сурет салды.
Мағынаны ажырату кезеңінде помстер мен point бағдарламасында салған суреттерінің мазмұнына талдау жасап қорғады.
Ой-толғау кезеңінде “Галереяны шарлау” әдісі бойынша мәтіннің негізінде берілген сұрақтарға жауап беріп, үш тілде Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқыды.
Кері байланыс кезеңінде оқушылар сабақтан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін стикерге жазып, “Тілек ағашына” жапсырылады.
Семинарға сабақ берген I санатты растайтын АӘД және дене шынықтыру пәні мұғалімі Калемшарив С. 11-сыныпта “ Қорғаныс құралдары ”, жоғары санатын иеленетін бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Саруар Шубаевна “И й әрпі және дыбысы” тақырыбында ашық сабақтар берді. Семинар соңында мектебіміздегі дарынды оқушыларға кезек беріліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Семинарды қорытындылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілген іс-шараға сараптамалық талдау жасалып, әр мұғалімнің жұмысына пікірлер айтылып, қорытынды жасалды. Қорытынды барысында Мошке Аршагул, Калемшарив Салдатхан, Рахметова Саруар Шубаевна сынды мұғалімдердің ашық сабақтары жоғары деңгейде өткізілді – деп бағаланды.
Мошке Аршагул
Абай атындағы Нововладимир
орта мектебі директоры
Достарыңызбен бөлісу: |