«Жасыл желек» үйірме бағдарламасының тақырыптық мазмұны Жасыл желек бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру, экологияның ластануының алдын алу шаралары, өсімдіктер мен жануарларды күтіп, баптау. Сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау. Қызыл кітаптың рөлі.
Жер-Ананы апаттан сақтар, ең мықты бекініс көгалдандыру жұмысының жандануы туралы түсінік қалыптастыру.
I. Теориялық бөлім - (18 cағат)
Жасыл желек бағдарламасы, қоршаған ортаның ластануының алдын алу шаралары, өсімдіктер мен жануарларды қорғау, күту туралы түсінік қарастырылады
II. Практикалық бөлім - (16 сағат)
Өсімдіктердегі кездесетін пигменттерді көрсетіп, анықтау. Өсімдіктерден гербарий жасалу жолы. Қалдық заттардан гүл шоғын жасау.
Пәнаралық байланыс:
1. Биология, экология
2. Бейнелеу өнері
3. Жаратылыстану