Маңғыстау жер асты
мешіттері мен қасиетті
жерлері
Орындаған:Мендибаевв Д
ПМНО 20 1
Бекет Ата жерасты мешіті – Оңтүстік
Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген
тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды
шоқысына қашалған тарихи-сəулет ескерткіші.
Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш
бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750
жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес,
физика, математика, астрономия
заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде
аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған
соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт
салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының
арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады.
Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет
атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі
бөлмелердің бірінің іргесіне қашап
орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы
күні-түні əулие басына зиярат етушілерден
бір арылмайды.
Бекет атаға тəу етушілер əуелі ХІІІ ғасырда
салынған Күйеу-Там мазарына тоқтап, дұға
оқиды, садақа тастайды.
Аңыз бойынша Ақтау қаласынан 200 шақырымнан астам
жерде Сенек кенті аумағында орналасқан бұл мешіт Қожа
Ахмет Иасауи əулиенің шəкірті сопы Шопан-ата салған.
Аңызда Шопан-ата мұнда тəлімгерлерінің асатаяғын тауып
алып, сол жерде он бір жер асты камералардан тұратын
мешіт тұрғызу шешіміне келді.
Аңызда одан əрі баяндалады: жерге шаншылған асатаяқтан
ағаш өсіп, ол осы күнге дейін өсіп келеді, оның жасағанына
800 жыл болды. Аңыз-əңгімеге нансақ, ағашты үш рет
айналсаң, барлық аурулардан құтыласың екен.
Қараман ата жер асты мешіті — ХІІ-ХВІІ ғасырларға жататын
діни сəулеттің бірі. Жер асты мешіті үш бөлмеден тұрады:
кіреберіс бөлме, оған жалғасқан намаз оқитын зал жəне
Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Оның аумағы 4,02
га жерді қамтиды. Мешіттің ерекшелігі — жердің астында
орналасуы.
Қараман ата қорымы Маңғыстау ауданы Шетпе кентінен 35
км қашықтықта, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы
Қандыбас қырқасына таяу, Қандыбас қыстағының
батысынан 5 км жерде орналасқан
Мешіт тау шатқалының төменгі қабатынан табиғи үңгірлерді
пайдалана отырып, ойып жасалған. Мешіт құрылысы үш
бөлмеден тұрады: кіреберісінде бір бөлме, оған жалғас
намаз оқитын зал, үлкен бөлменің төбесі тастан құралған
бағандармен бекітіліп шегенделген. Екі бөлменің төбесінен
жарық түсетін дөңгелек терезелер ойылған. Қорым мен жер
асты мешіті Маңғыстаудағы киелі орындардың бірінен
саналады
Отпан – тау биігі: Маңғыстаудағы Батыс Қаратаудың ең биік нүктесі (биіктігі – 532 м). Ақтау – Таушық –
Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды ауылы менен Тұщыбек санаторийінің орта жерінде, жолдан 5-6
км сол жақ қапталында орналасқан.
Отпан таудың басынан жан-жағыңа көз салсаң, Бес шоқы – биік тауларды, сай-сала жазық даланы,
ағарған биік төбелер мен жотаны, ағып жатқан бұлақты, көгеріп жатқан теңізді, ала бұлт шалған көгіңді,
кең байтақ шексіз жеріңді, кей кездері тұман басқан даланы, ақ шаңқан Ақтау қаланы, көгерген бақша көз
тартқан елді мекен ауылды, тау бөктеріне жайылған төрт мүлік малды көре аласың. Көктем кездерінде
түрлі-түсті гүлдерді, ерте кезде ақсақал ағалар, ем үшін іздеп келетін 15 түрлі өсімдік киелі шипа
шөптерді көресің.
Бұл таудың бөктерінен жер бетінде сирек кездесетін көптеген сырқаттарға ем үшін пайдалануға
таптырмайтын бал тəрізді қара қоңыр мумияны да кездестіре аласың. Тау бөктерінен қырағы көзге киелі
аң арқар да, түлкі мен көкбөрі көкжал қасқыр да қараң етіп көрініп кетуі мүмкін. Көк аспанда қалқып
ұшып жүрген тау бүркіті мен сұңқар, ителгі, қаршыға мен күйкентай, Қашаған ақынның жырында айтқан
(«Отпан таудың басында, «Дегелек» деген бір құс бар, аспанда жүріп ысқырса, мың орда жылан
басылған...) киелі қыран құсты да көре аласың. Батыста алыстан ап-анық Каспий теңізінің құрлыққа еніп
жатқан жері – Үш ауыз тауы көрінеді. Бұл таудың арасында Адайлардың көтерілісін басам деп теңіз
арқылы келген патша əскерімен Иса-Досан сарбаздарының соғысып, шапқыншы орыс əскерлерін қырып
тастаған, ұрпағымызды ерлікке, бірлікке, елдікке жетелейтін тарихи орын айналасы қоршалып, ауқымды
жерді алып жатқан мола-төбе жатыр.
Түнде басына шықсаң оңтүстік батыстан Ақтау қаласының, оңтүстік шығыстан мұнайлы Жетібай кентінің,
терістіктен Қаражанбас кенішінің самсаған оттарын көресің. Бейне бір көкжиекке шашып тастаған отты
моншақтар сияқты. Бұлар Отпан таудың басынан 150, 100, 80 шақырым қашықтықта орналасқан.
«Адай ата-Отпан тау» рухани тарихи-мəдени кешені
құрамы:
«Ана келбеті» ескерткіші. Адай Атаның жұбайы барлық
аналардың образы. Жүзінде айдың, жүрегінде күннің
суреті өрнектелген. Бұл ананың жүзі айдай жарқын, жүрегі
күндей ыстық деген мағынаны білдіреді. Көкірегінің
тұсында ұшып бара жатқан екі қыран құстың суреті
бейнеленген. Бұл ананың құрсағынан шыққан екі баласы
Құдайке мен Келімберді. Аналар үйдің иесі. Сол себепті
«Ана келбеті» ескерткіші Адай атамыздың Ақордасы –
Ақсарайдың жанына орналасқан. Биіктігі 15 метр.
362 баспалдақ. Киелі Маңғыстауда мекен еткен 362
əулиенің рухына арналған 362 баспалдақ Аксарай мен
Адай ата кесенесін жалғастырады.
Адай ата елінің Ел таңбасы. Қалқанның фонында
айқастырылып салынған. Найза мен қылыш, ортасында
бүкіл ел білетін атауы «Жебе» делінетін Адай таңба. Бұл
таңба ұштары біріккен үш сызықшалардан тұрады жəне ол
садақ оғының ұшын бейнелейді. Бұл Ерліктің, Елдіктің,
Бірліктің белгісі.
.
Көкбөрі. «Түгел түркі түбі бір, түпатасы – Көкбөрі» деген
ұғымға сай,түркі халықтарының символы.
Ұран оты. Маңғыстаудың ең биік шоқысы, Балтық теңізі
деңгейінен 532 метр биік Отпан тау ел бірлігінің
символы болып келді. Бұл жерде ерте кезде ел
басына күн туғанда Адайлардың бас қосатын жері
болған. Ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау
басына от жағып белгі берген. Оны көрген батырлар
келісімді жерге жиылып, бас біріктіріп, жауға соққы
берген. Қазір бұл жерде жыл сайын Маңғыстау халқы
14 наурыз - Амал мерекесін тойлайды, наурыздың 13-
нен 14-іне қараған түні бірліктің, достықтың, тірлігіміз
бен намысымыздың, ұлттық тəуелсіздігіміз жолындағы
мəңгілік оты жағылады. От жағу рəсіміне өлкеде еңбек
етіп өмір сүріп жатқан он екі ата Байұлының (Кіші жүз)
өкілдері, Ұлы Жүз бен Орта Жүздің де өлкемізге белгілі
зиялы ақсақалдары қатысады. Солардың қолынан
өткен факел ең соңында Адай Атаның сегіз немересінің
ұрпақтарының қолымен жағылады.
Бір кездері Ұлы Жібек жолында елмен елді елдестіріп, татулық пен бірлікке, экономикалық өрлеуге
бастау болған 362 əулиенің мекені саналған ұлы дала Маңғыстау жері қаншама тарихи кезеңдер мен
оқиғалардың куəсі бола білген қастерлі өңір. Сондықтанда Маңғыстау жері– Қазақстан
Республикасының ішкі туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Бабалардың батасы,
аналардың аманатын арқалаған қасиетті мекенге табан тіреудегі мақсат сол тарихи кезеңдерден
қалған рухани орындарды аралап, ой елегінен өткізіп рухани дүниемізді байытып, байтақ елдің жер
асты мешіттерін тамашалау болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |