Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өз-өздерін танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінде көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстарды, «Мәңгілік ел» құнлыдықтарымен ұштастыра отырып жұмыстану;
НЗМ үлгісінде «Шаңырақ» қауымдастығын құру;
«Шаңырақ» қауымдастығы аясында волонтерлік топтар құрып, жұмысын жандандыру;
«Өркендеу» жобасы аясында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» жұмыстарын дамыту. Адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгерту;
Мектептегі қоғамдық негіздерді үйірме жұмыстарын дамыта отырып, оқушыларға әртүрлі көркемөнер әрекеттері түрімен тікелей таныстыру арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейту;
Аудандық құқық қорғау органдарымен, аудандық аурухана қызметкерлерімен, СӨС насихаттау басқармасының қызметкерлерімен,Ж мекемелерімен және мемелкеттік емес мекемелермен байланыс орната отырып, денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етету;
НЗМ жобалары үлгісімен енгізілген мектепішілік жобалардың жұмысын жоспарға сай жалғастыру.
2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың 2021-2022 оқу жылының
Достарыңызбен бөлісу: |