Қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы «21» мамырдағы
№ 109 қаулысымен бекітілген
«Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 71 ғимарат.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление государственной инспекции труда Мангистауской области».
10. Осы Ереже «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Маңғыстау облысының бюджетінен жүзеге асырылады.
12. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |