Мағжан –
ата-бабасы түрікті, алашын жан тәнімен сүйген, азаттықты аңсаған,отаршылдыққа
қарсы өлең
жолдарын жазған
халқының ұлтжанды
ұлдарының бірі.
М.Әуезов
“Мағжан қазақ өлеңі өлшемдеріне
жаңалық енгізді,
өлең техникасын жетілдірді,
жаңа өлшеулер шығарды,
тілді ұзартты.”
Ж.Аймауытов
“Мағжан – поэмалар жазудың желісін қаққан адамның біреуі болды”
С. Мұқанов
“Ақындық жағына келгенде, Мағжан, әрине,
қазақтың күшті
ақындарынан саналады.
Қазатың тілін байыту ретінде, әдебиетіне түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.”
С.Мұқанов
«Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуен қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Суретті, кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады, Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға болады».
Ж.Аймауытов
«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»
(С.Мұқанов)
«Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді, қалтқысыз жан еді… Білімді, алғыр, ойшыл, орысшаға, шығыс тілдеріне ерекше жетік-ті» С.Мұқанов
“Мағжан –
қобыз үнді ақын.
Оның жаңашылдығы
қазақ поэзиясында
анық көрінеді.
Табиғат жырлары
өте көркем”
Достарыңызбен бөлісу: |