Мағжанның табиғат лирикасы


Деп маңдайдан ақырын. Жұмсақ жылы сәулемен



бет4/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#35193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Деп маңдайдан ақырын.

Жұмсақ жылы сәулемен.


Сипап жерді Күн күлер.
Аяқтарын көсіліп,
Еркеленіп, есінеп.
Жер нәресте жас бала.
Жаңа оянып жатқанда
Жұмсақ, ыстық бетінен
Тәтті ғана сүйсем деп,
Күбірлеп жылы жер жүрер.
Дамыл алмай жылар қар,
Ақ шымылдық ашылар.
Сылқ-сылқ күліп сылдырлап,
Бірдеңе деп былдырлап,
Көрінгеннен сүйінші
Сұрайтын жас баладай,
Асығып сулар жүгірер.
Керіліп ерке жер тұрар,
Мөлдір сумен жуынар,
Үлде менен бүлдеге,
Түрлі түсті гүлдерге,
Ши жібекке оранып,
Қарағанда көз тоймас,
Бүлдіршіндей киінер.
Көріп сұлу баласын,
Көз ішінде қарасын,
Қуанып, тасып жүрегі.
Қысып ыстық сүйеді.
Ұзын күнде ару жоқ,
Періштем деп айналып,
Алтын ана Күн жүрер.
Мұны көріп бұлттар,
Күңіреніп етер зар:
«Біздерде алтын ана жоқ,
Тұрақ та жоқ белгілі» –
Деп тұнжырап күрсініп,
Әлсін-әлсін жас төгер.

Ақын мұнда ана мен бала арасындағы махаббатты тұтас табиғатқа ауыстырған. Негізі Жер-Ана деген ұғым ақын-жазушыларда көп қолданылады. Ш. Айтматовтың «Ана Жер-Ана» повесін мысалға келтіруге болады. Мағжан болса, нақты тақырыбына қарай, көктемнің шығуы Күнге байланысты болғандықтан, өмірде де анасыз бала тумайдындықтан Жерді – бала, Күнді ана етіп алған. Атаулары Күн, Жер болғанымен, әрекеттері кәдімгі ана мейірімін, бала еркелігін сипаттап отырған секілді. Күн Ана әуелі ұйықтап жатқан жер нәрестесін «қозым», «жұлдызым» деп еркелетіп, жылы сәулесімен сипап оятып алады. Жер – бала аяқтарын көсіліп, есінеп, еркелеп жатқанда жел де оны сүйгісі келеді.


Бұларға қарама-қарсы қар жылайды, ериді деп алмаған, себебі бастан-аяқ бәрі адам кейпінде болу керек.Сулардың аққанын сүйінші сұрап жүгірген жас баладай деп, ұлттық өрнек береді. Төртінші шумақта жер керіледі. Ақын адамның ұйқыдан тұрғаннан кейінгі қимылдарының реттілігін сақтаған. Шынында, адам әуелі көсіліп, есінеп, кейін керіледі. Содан соң жуынып, киінеді. Мұндағы жердің жуынуы – қардың еруі, киінуі – түрлі гүлдерге оралуы. Ең соңында осыларға қызығып, бізде ана да, тұрақты жер де жоқ деп бұлттар жылап алады. Бұлттың жас төгуі жаңбырдың жаууы. Ақын өлең шартына қарай әрқайсысын бір-бір рөлге салып, әрі көктемдегі заңды құбылысты сақтаған: күн жылынады, қар ериді, жер көгеріп, гүлдейді, жаңбыр жауады. Өлең құрылысы жинақы, ықшам.
«Жаз келеді» өлеңінде шыншылдық пен кейіптеу аралас келтірілген. Үзінді келтірелік:

Төл үйдегі үйшікті


Таста бала белді бу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет