Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері
Қоршаған ортаның сапасын балансталған басқарумен қамтамасыз ететін және табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкін болатын шектерді анықтайтын ғылыми негізделген шектеулердің кешенін, тұрмыстық және басқа да қызметті жүргізудің ережесін, нормативтерін ендіру арқылы мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуде экожүйелік бағытты қолдану;
Экологиялық қауіпсіздіктің аймақтық және локальді мақсаттарының экологиялық қауіп –қатердің алдын алудың глобальді және ұлттық мақсаттарға бағынуы;
Адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу міндеті;
Дамудың экологиялық – экономикалық баланстылығы;
Шаруашылық және басқа да қызмет түрлерінің табиғи ортаға әсерін экологиялық және санитарлы –эпидемиологиялық экспертиза арқылы бағалау міндеттілігі;
Халықтың экологиялық ақпараттандырылуы және оның экологиялық мәселелерді шешуге қатысуы;
Халықаралық ынтымақтастағы серіктестік және халықаралық құқықтың нормаларын сақтау.
|
Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі – қоғамның экологиялық мәдениетінің төмен болуы. Тек экологиялық білімді мемлекет қайраткері, басшысы өзіне берілген саланы экологиялық сауатты басқара алады, тек экологиялық білімді заңгер елдің құқық саласын экологиялық сауатты реттейді, тек экологиялық сауатты ата –аналар экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелей алады, тек экологиялық сауатты адам келешек ұрпақтың болашағы үшін кез–келген масштабтағы экологиялық апатқа жол бермейді.Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы қоғамның қайта жандануының негізі болып табылады.
Әлемдік экологиялық апаттың қауіптілігі білім жүйесін халықаралық, мемлекеттік, аймақтық деңгейде экологияландыруды қажет етеді. Экологиялық ойлаудың, көзқарастың, мінез – құлықтың, жауапкершіліктің қалыптасу мәселелері шешілмейінше экологиялық мәселелерді шешу мүмкін емес. Бұл өз кезегінде, оқушыларды, студенттерді, халықтардың барлық таптары мен категорияларын экологиялық қауіпсіз өмірге дайындай алатын білімді экологияландыруға байланысты, білімді экологияландыру қазіргі заманның талабы.
Қазақстандағы қоршаған орта саласындағы білімді дамытудың негізі болып, халықаралық және мемлекеттік деңгейде қабылданған бірнеше құжаттар табылады (6 –кесте )[39,321].
6 –кесте
Достарыңызбен бөлісу: |