Магистратура


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет7/33
Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72132
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтанулық зерттеулерде демонстрациялық тұтыну көмегімен топтағы адамның әлеуметтік мәртебесі сақталатын (қалыптасатын) жеке тұлғаның ерекше тұтынушылық мінез-құлқы ретінде анықталады.

Экономикалық теорияда демонстративті тұтыну классикалық (А.Смит, К. Маркс) және неоклассикалық бағыт (А. Маршалл, К. Менгер, Ф. Визер) шеңберінде, кейнсиандық (Дж. М. Кейнс) және посткейнсиандық (П. Сраффы, Н. Калдор, Дж. Робинсон) бағытта және де ерте және жаңа институционализмде (Т. Веблен, Р. Коуз, П. Бурдье, Т. Эгтерсон) зерттелді.

Шетелдік әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде көрсетілетін тұтыну тақырыбы адамның әлеуметтік идентификациясын зерттеу тұрғысынан, атап айтқанда:


  • демонстрациялық тұтыну байлық пен әлеуметтік мәртебесін көрсетудің әдісі ретінде (Н. Айленд, Л. Багвелл, Д. Бернхейм, К. Басу, А. Глезер, О. Джинн, Дж. Корнео, Р. Франк және т.б.) көрінеді;

  • демонстрациялық тұтыну этникалық сәйкестікте сипатталады (Дж. Висман, Х. Колл, Э. Хорст және т.б.);

  • демонстрациялық тұтыну гендерлік сәйкестікпен байланысты (В. Грискевикус, Дж.Санди, Р.Чалдини және т.б.);

  • демонстрациялық тұтыну кәсіби сәйкестікке байланысты сипатталады (Х. Вудроффи, Х. Вудроф-Бертон, С. Гронмо, Э. Пуринтон, А. Фонц және т.б.).

Ресейде демонстрациялық тұтыну құбылысы көбінесе келесі әлеуметтанушылардың жұмысында ұсынылған: Е.Н. Воронова, Д.С. Дронов, Н.А. Аранович, О.В. Понукалина, Ю.А. Циммерман, А.В. Логунов және т.б.

Қазақстанда бұл салаға арналған арнайы толымды зерттеулер, еңбектер жоқтың қасы. Дегенмен де жекелеген мақалаларда, зерттеулерде жастардың құндылығы мен тұтыну мәселесі туралы айтылып жатады. Г.С. Абдирайымованың, Р.С. Салықжановтың, А.Б. Алтынбековтың, М.С. Садырованың қазіргі Қазақстан жастарының құндылықтық жүйелері туралы зерттеулері жастардың жалпы тұтынушылық мінез-құлпын қалыптастырудағы құндылықтардың ерекшеліктері айталған.

Отандық зерттеушілердің еңбектерінің ішінде жастардың құндылықтық және тұтынушылық мәселелері Г.С. Әбдірайымова, М.С. Садырова, Р.С. Салықжанов іспетті зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет