МагистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы



Дата15.09.2017
өлшемі225,66 Kb.
#33950
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

6М090200 - Туризм мамандығы бойынша

Павлодар




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

___________ Өрсариев А.А.

20__ж. «___»____________




6М090200 - Туризм мамандығы бойынша


магистратураға қабылдау ЕМТИХАНының БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген

.

Құрастырушылар_______ п.ғ.к, қауым.профессор Есимова Д.Д.______



___________ г/м.ғ.к., қауым.профессор Ажаев Г.С._______
География және туризм кафедрасы
География және туризм кафедрасының отырысында ұсынылған 20__ж. «____» ________ Хаттама № ____

ГжТ кафедрасының меңгерушісі ______ Есимова Д.Д. 20__ж. «____» ______


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20__ж. «____» ________ Хаттама № ____.
ОӘК төрайымы ___________ Бүркітбаева Ұ.Д. 20__ж. «_____»___________


МАҚҰЛДАНДЫ:

ХТжЖ факультет деканы ____________ Ахметов К.К. «____» _________201__г.


1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.

Емтиханды қабылдау міндеттері:



  • мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.


2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.

Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.

Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.






Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау түрі

1

Зерттеу

Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік(Start Up - магистратура)

Аралас (компьютерлік тестілеу + питч)

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:



  • компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:

Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), туристік ғылым, туризмдегі гажтехнологиясы, аймақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биоалуантүрлілігі бойынша стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.



Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі география ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедрасы, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.

Комиссияның қызметтік саласына кіреді:



  • мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.

Емтиханды өткізу барысы:



  • үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;

  • ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;

  • үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;

Эссе үшін:

  • Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;

  • барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;

  • үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

  • емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.

3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Протоколда білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендылерінде емтихан тапсырған күні ілінеді.

Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды балдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.


Баллдық қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлік эквиваленті

(Ц)


Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Қалыпты жүйедегі баға (Қ)

Емтихан, диф. зачет

Зачет

95-100

4

А

Өте жақсы

Қабылданды

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Қабылданбады


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?

Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:

- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);

- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).

Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.

Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.



Питчты жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).

Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің туризм саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.

7 Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндердің тізімі.

- Туризмология негіздері;

- Халықаралық туризмнің географиясы;

- Қонақ үй шаруашылығы



8 Магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтарына кіретін негізгі тақырыптар
1.Туризмология негіздері

Кіріспе. Туризмнiң теориялық-әдiстемелiк негiздерi

Туризм географиясы- әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның жаңа саласы ретінде. Туризм географиясының зерттеу пәні мен объектісі. Туризм географиясының мақсаты және міндеттері. Туризм географиясының әдістемелік өзгешелігі. Үш тақырыптық мәселелердің тобы: туризмді дамыту үшін географиялық кеңістіктің жарамдылығы; туристік қозғалыс әлеуметтік-экономикалық кеңістіктік құбылыс ретінде; интегралдық критерийлер негізінде туристік құбылысты кеңістіктік жіктелуі. Туризм географиясының техникалық, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысының ерекшелігі.Қазақстан және ТМД-да туризм географиясын дамытудың деңгейі.



Туристiк қызмет және туристiк ресурстар

Рекреациялық қажеттілік түсінік ретінде. Рекреациялық қажеттіліктер- рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізі. Қоғамдық, топтық және дербес рекреациялық қажеттіліктердің өзара қатынасы. Рекреациялық қажеттілікті зерттеудің әдістері мен бағыттары. Мән, құрылым және классификация. Рекреациялық іс-әрекет психоэмоциялық құбылыс ретінде. Рекреациялық іс-әрекет территориялық рекреациялық жүйенің жүйелік-қалыптастырушы факторының негізгі ретінде. Еңбек режимі және демалыс режимі ұғымдарының қатынасы. Рекреациялық іс-әрекеттің негізгі қоғамдық топтық функцияларының сипаттамалары: 1) медико-биологиялық; 2) социо-мәдени; 3)экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық. Рекреациялық іс-әрекеттің даму тенденциялары. Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциясы. Рекреациялық цикл және жүйелілік. Рекреациялық іс-әрекет материалдық емес өндіріс сферасының саласы ретінде. Рекреациялық жүйе және территориялық рекреациялық жүйе туралы түсініктердің сала және кәсіпорын ұғымдарындағы ара қатынасы. Рекреациялық сала және туризм индустриясы. Рекреациялық саланың өзіндік ерекшеліктері.



Туризм туралы ғылым және туристiк бiлiм беру

Туризм географиясы - әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның жаңа саласы ретінде. Туризм географиясының зерттеу пәні мен объектісі. Туризм географиясының мақсаты және міндеттері. Туризм географиясының әдістемелік өзгешелігі. Үш тақырыптық мәселелердің тобы: туризмді дамыту үшін географиялық кеңістіктің жарамдылығы; туристік қозғалыс әлеуметтік-экономикалық кеңістіктік құбылыс ретінде; интегралдық критерийлер негізінде туристік құбылысты кеңістіктік жіктелуі. Туризм географиясының техникалық, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысының ерекшелігі.Қазақстан және ТМД-да туризм географиясын дамытудың деңгейі.



Рекреациялық географияның теоретикалық негіздері.

Рекреациялық мәселелердің «географиялық» зерттелінуі. Рекреациялық зерттеудің пәнаралық сипаты. Рекреациялық география- қоғамдық-географиялық ғылым ретінде. Зерттеу пәні мен объектісін анықтау. Территориялық рекреациялық жүйе және рекреация туралы түсініктер (В.С. Преображенский, Л.И. Мухина, Ю.А: Веденин, И.В. Зорин). Рекреациялық жүйенің антропоцентрлік мәні.

Демалу географиясы туралы түсінік. Рекреациялық география және туризм географиясын зерттеудегі объектілер мен пәндік ұқсастықтары және айырмашылықтары. Туризм географиясын қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер. Қазіргі кезеңдегі турист пен туризм туралы пайымдаулар және көзқарастар. «Туризм» және «Турист» терминдерінің пайда болуы. Туристік инфрақұрылым және туристік шаруашылық.

Туризм географиясының теориялық негiздерi.

Қазіргі туризмнің классификациясы, оның күрделілігі жалпыға бірдей көзқарастардың жоқтығы. Бұл классификациясының маңызы. Саяхат мақсатынан шығып отырған туризм классификациясы туралы сұрақтың талқыналуы.

Рекреациялық, іскерлік, діни, этникалық туризм. Жалпылық, элитарлық, коммерциялық, әлеуметтік, ұйымдасқан, өзіндік, белсенді және белсенді емес, көліктік және экологиялық туризм.

Туристiк аудандарының қалыптасуының негiзгi алғышарттары, олардың классификациясы мен бағалауы

Тиімді ғылыми-нақтыланған туристік территорияларды аудандастырудан халық шаруашылығының саласы ретінде туризмнің территориялық ұйымдастырылуы мен әсерлі дамуының тәуелділігі. Туристік аудандастыру мақсатында бұрынғы КСРО және Ресей үшін территорияны зерттеу дамуының тарихы.Демалыс пен туризм үшін Қазақстан территориясын аудандастыру талпыныстары.Түсініктер арақатынас: «рекреациялық аудан», «туристік аудан». Туристік аудандарға тән ерекешеліктер мен олардың қысқаша құрылу механизмі.Туристік аудандар таксономиясы.



Туризм халық шаруашылығының саласы ретінде

Туризм анықтамасының мәні. Туризм күрделә кеңістіктік әлеуметтік-экономикалық құбылыс пен күрделі қоғамдық шаруашылық жүйе ретінде. Туризм индустриясы туралы түсінік. Туристік-рекреациялық ресурстарды пайдалану мен игеру және туризмнің материалдық-техникалық базаларын құруды қамтамасыз ету. Туристік нарықты функциялау. Туристік шаруашылық.




  1. Халықаралық туризмнің географиясы

Халықаралық туризм географиясының зертеу облысы.

Әлем халықтарының арасындағы географиялық ортадағы байланыстар және олардың қарқынды дамуының кеңеюі. Халықаралық туристік байланыстар.



Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері, атау сөздері.

Туризм туралы түрлі адамдар ассооциациясының үсынысы. Туризмнің статистикалық сипаттамасы. Саяхаттаушылар мен уақытша келушілер туралы түсінік. Халықаралық туризмнің классификациясы. Кіру және шығу туризм-халықаралық туризмнің екі түрі. Ұлтық туризм және ел ішіндегі туризм туралы түсінік. Шетелдік туризм. Халықаралық туристік нарық тауар-ақша қатынас сферасы ретінде.



Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың турі ретінде.

Халықаралық туризмнің ерекшеліктері. Туристік формальдылықтар: паспорттық, визалық, валюталық, кедендік, медециналық бақылау. Халықаралық туризмнің арнайы ерекшеліктері. «Туристерді жеткізуші елдер» және «туристерді қабылдаушы елдер». Белсенді туризм және белсенді емес туризм. «Көрінбейтін экспорт» және «көрінбейтін импорт».



Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен шарттары.

Халықаралық туризмнің статистикалық және динамикалық (табиғи-географиялық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық, сяси) даму факторлары. Табиғи-географиялық, факторлардың ерекше ролі. Демографиялық факторлар және урбандалу үрдісі. Әлеуметтік-экономикалық факторлар (бос уақыт, қоғамның материалдық игілікті жағдайы, қоғамның әлеуметтік-кәсіптік құрылымы, қоғамдық және экономикалық байланыстың кеңеюі, мемлекеттік-саяси тұрақтылық, туристік нарықтағы бағалардың деңгейі). Материалдық-техникалық факторлар (орналасу орындарының, көліктің, қоғамдық тамақтану мекемелерінің, жеке саудаларының дамуы). Туризмнің дамуының саяси факторлары. Туристік нарықтың бөлінуі.



Туристік сұраныс және оның арнайы ерекшеліктері.

Туристік сүраныстың мәні. Рекреациялық қажеттіліктердің иерархиясы. Туризмдегі түтынушылық тандау. Туристік сүраныстың динамикасы қоғамдағы саяси және экономикалық процестермен бейнеленеді. Бүкіл әлемдік туристік сүраныстың мезгілділігі. Туристік сүранысқа қозғалыс туғызатын факторлар: климат және мотивациялық; экономикалық; әлеуметтік; сән факторлары. Туристік экономикаға мезгілдіктің тигізетін кері әсері.



Туристік ұсыныс. Туристік ұсыныстың географиясы.

Туристік үсыныс туралы түсінік. Туристік қүндылықтар және туристік қызметтер. Туристік үсыныстың негізгі элементтері мен икемділігі. Туристік үсыныстың мәні. Фирманың мақсаттары. Өндірістің технологиясы. Өндірістің шығыны және туристік өнімнің үсынылуы. Туристік саяхаттардың әр түрлі мақсаттары. Жаппай туристік ағымдардың сипаттамасы. Халықаралық туризмнің әлемдік нарығы. Еуропаның, Американың, Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағының, Таяу Шығыстың, Африканың, Оңтүстік Азияның халықаралық туризм нарығына талдау жасау.



Рекреациялық туризмнің географиясы.

Рекреациялық туризм географиясының ерекшеліктері. Рекреациялық туристерді «жеткізуші» елдер. Халықаралық рекреациялық туризмнің меридионалдық бағыты. Еуропадағы рекреациялық туризм. Америкадағы рекреациялық туризм. Азия-Тынық мұхиттық аймағындағы рекреациялық туризм. Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африкадағы рекреациялық туризм.



Іскерлік туризмнің географиясы.

Іскерлік туризмнің ағымдары. Іскерлік туристерді негізгі «жеткізуші» және «қабылдаушы» елдер. Бизнес сапарлардың географиясы. Конгресті-көрме туризмнің географиясы.



Діни туризмнің географиясы.

Қажылықтың тарихы. Иерусалим- әлемнің ең ірі діни орталығы. Христиан діннің қажылық орталықтары. Мұсылман дінінің қажылық орталықтары. Буддизм дінінің қажылық орталықтары. Дінтану мақсаттары бар ғылыми туризмнің географиясы. Туристік іс-әрекеттерді ұйымдастыру үшін діни туризм дамуының әсері.



Емдік туризмнің географиясы.

Емдік туризм географиясының ерекшеліктері. Курортардың негізгі түрлері. Еуропадағы емдік туризм. Америкадағы емдік туризм. Азия, Мұхит аралдары мен Африкадағы емдік туризм.



Халықаралық туризмнің статистикасы. Туризмдегі сан көрсеткіштері.

Халықаралық туризмнің статистикасы, оның даму тарихы. Туризм статистикасының негізгі екі бөлімі-туристік ағымдардың статистикасы және туристік табыс пен шығын статистикасы. Туристік ағым статистикасының негізгі көрсеткіштері (келушілер саны, болуының ұзақтығы).



Туризмдегі статистикалык есептің әдістері.

Халықаралық туризм статистикасының әр түрлі мәліметтерді жинау. Есептеу арқылы статистикалық бақылау. Туризмде арнайы бақылау жүргізу. Шекарадағы есеп, орналастыру орындарында келушілерді тіркеу, анкеталық сүрақтар, банк әдісі, тандап тексеру. Халықаралық туризм статистикасының дамуының негізгі бағыттары.



Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы.

Батыс Еуропаның мемлекеттерінің туристік сүранысында жаңа тенденциялар. Зейнетке шығу жастың төмендеуі, жұмыс аптасын қысқарту және бос уақытты көбейту үшін жұмсақ жұыс графиктерін еңгізу және туристік қызметтерді керек ететіндердің санын қөбейту. Қазіргі туристік сұраныстың басты тенденциясы-демалыс уақытының бөлшектелуі және қысқа мерзімдік сапардың көбеюі («үзілісті саяхат»), адамдардың туристік сұранысының кеңеюі, көңіл көтеру мен қозғалысқа қызығушылықтың жарылысы, демалыс және мейрам күндеріндегі маршрутқа сұраныстың өсуі, жергілкті колорит пен басқа халықтың ерекшеліктеріне қызығуды күшейту, үш S-ті (теңіз-күн-жағажай) үш L-ге (ұлттық дәстүр-пейзаж-бос уақыт) ауыстыру.



Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуында атқаратын ролі.

Халықаралық туристік ұйымдар халықаралық туризмнің территориялық ұйымдастыруының және оның даму мәселелерін шешуші қүралы ретінде. Көпжақты негізіндегі халықаралық туризмнің құқықтық реттеуі. Экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстардың қарқынды дамуына байланысты әртүрлі мемлекеттер арасындағы туристік және көліктік мекемелердің біріктірілген іс-әрекеттерін келістіру қажет. 1947ж Париждегі халықаралық ресми туристік ұйымдардың одағының (ХРТҰО) құрылуы. Үкметтік емес ХРТҰО ұйымының үкметаралық Дүниежүзілік Туристік Ұйымына (ДТҰ) қайта құрылуы.



Еуропанының,Американың Азия, Африканың, Австралия және Мұхит аралдарының негізгі туристік аймақтары.

Шетел Еуропаның негізгі туристік аудандары мен орталықтардың сипаттамасы. Солтүстік және Латын Америкасының туристік орталықтары мен аймақтарының негізгі сипаттамасы. Азия , Африка, Австралия және Мұхит аралдарының негізгі туристік аймақтары мен орталықтарының сипаттамасы.




  1. Қонақ үй шаруашылығы

Кіріспе

«Қонақ үй шаруашылығы» пәнінің орны мен рөлі. Оқытудың әдістері. «Қонақ үй шаруашылығы» пәнінің мақсаты мен міндеті. Қонақжай индустриясының тарихи тамыры. Отелдердің әлемдік желісі. Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің жағдайы. Орналастыру орындарының арналуы мен ерекшеліктері. Қонақжайлылық туралы түсінік.



Туристерді орналастыру орындарының стандарттық классификациясы

Туристік орналастырудың концепциясы мен кластары: қонақ үй және қонақ үйден тыс кешендері. Қонақ үйлерді классификациялау және регламенттау. Қонақ үйлерді ұйымдастыру жүйелері. Ең танымал қонақ үйлерді классификациялау жүйелері. Жұлдыз жүйесі, әріп жүйесі, корона жүйесі, разряд жүйесі және т.б. Мотелдерді классификациялау. Қонақ үйлерді аттетациялаудағы ұсынылатын талаптар.



Туристерді орналастыру орындарының стандарттық классификациясы.

1* қонақ үйінің негізгі сипаттамасы, 2* қонақ үйінің негізгі сипаттамасы, 3* қонақ үйінің стандарттары, 4* қонақ үйлерге қойылатын талаптар, 5* қонақ үйінің негізгі сипаттамасы.



ДТҰ ұсынған орналастыру орындарының классификациясы.

ДТҰ ұсынған орналастыру орындарының классификациясы. Типтік классификациясы. Орналастыру орындарының 4 тобы, олардың сипаттамасы. Қонақ үйлер және ұқсас мекемелер. Коммерциялық және әлеуметтік орналастыру мекемелері. Арнайы орналастыру орындары. Қонақ үйінің, туристік қонақ үйінің анықтамасы.



Қонақ үй құрылысының жалпы сипаттамасы

Қонақ үй бизнесі және оның даму динамикасы. Орындалған жұмыстарының көлемі бойынша қонақ үй құрылысының классификациясы: қысқа орналасу үшін, ұзақ орналасу үшін, маусымдық орналасу үшін. Ораластыру жағдайы бойынша қонақ үй құрылысының сипаттамасы: туристерге арналған отельдер, белсенді көңіл көтеруге арналған отельдер, отбасы туризмінің отельдері, қызмет көрсету жағынан төмен және орта деңгейдегі отельдері, жас туристерге арналған отельдер.

Қонақ үй ғимараттарының классификациясы. Архитектуралық шешім. Қонақ үй құрылысындағы қолданылатын негізгі қағидалар. Ерекшеліктеріне қарай қонақ үйлердің бөлінуі. Қазіргі замандағы қонақ үй шаруашылығындағы мәселелер: кіріс, өзін-өзі ақтау, табыс, сервис (қызмет көрсету), клиенттерді тарту.

Шетел қонақ үйлерінің типологиясы. Қонақ үй түрлері: отель-люкс, орта класты қонақ үй, гостиница-аппартамкент, мотель, экономикалық кластағы қонақ үй, жеке қонақ үйі, курорттық қонақ үй, гостиница-кондоминимум (таймшеринг), үй иелік ету, мекемедегі қонақ үй. Олардың сипаттамасы, көлемі, орналасқан жері, қызмет көрсетуі, бағасы, тұтынушылары, жағдайы, басқаруы.



Қонақ үйдегі қызмет көрсету технологиясы

Қонақ үйдегі қызмет көрсетудің қарапайым технологиялық үлгісі. Келуі, қарсы алу және орналастыру, онда тұру, тамақтану, қосымша қызметтер, кетуі. Қонақ үй мекемелеріндегі қызмет көрсету технологияларының қағидалары.



Туристік қонақ үй кешенінің құрылымы.

Басқару құрылымы, ұйымдастыру үлгісі, қонақ үй циклі (Уокер бойынша). АҚШ-тағы ұйымдастыру құрылымының үлгісі блып табылатын жоғарғы дәрежедегі басқару тізбегі. Негізгі қызметтер. Қазақстан Республикасындағы кейбір отельдерді басқару құрылымы.

Қонақ үй бөлмелерінің құрамы. Қонақ үйдің қоғамдық бөлімінде қонақтарға қызмет көрсету. Қонақ үй бөлмелерін атау, оларды топтарға бөлу: вестибюль, тұратын бөлімі, тамақтандыру пункті, сауда-тұрмыстық бөмелер, қызметтік, тұрмыстық, техникалық бөлмелер және т.б., олардың функциялары. Негізгі бөлмелер топтарының үлгі бойынша байланысы. Орналастыру қызметі, оның функциялары.

Қонақ үй кешенінің тұрғын бөлімі және ондағы қызмет көрсету. Қонақ үйдің тұрғын бөлімінің құрамы: нөмірлер, коммуникациялар, қонақтарға арналған бөлімдер, лифт және сатылық холдар, кезекші қызметкерлердің бөлмелері. Нөмірлердің классификациясы. Бөлмелердің түрлеріне қарай қонақ үйінің тұрғын бөлімінде қызмет көрсету.



Қонақ үй өмірін қамтамасыз ету жүйесі.

Инженерлік құрылыстарға қойылатын талаптар. Сумен қамтамасыз етудің түрлері, оның атқаратын қызметі, шығын нормасы. Қонақ үйдегі жылу жүйесі. Жылуды пайдаланудың негізгі құрамы. Желдету және ауаны тазалау жүйесі. Тоқпен қамтамасыз ету, оның жабдықтары және негізгі сипаттамасы. Әлсіз тоқ шаруашылығы, оның қонақ үйдегі өмір сүру әрекетіндегі маңызы. Жергілікті есептеу желісі, оның құрылымы және функциясы



Қонақ үй қызметтері

Қызметкерлерді басқару. Қызметтердің классификациясы және олардың функциялары. Нөмір қорын басқару. Әкімшілік қызмет. Қоғамдық тамақтандыру қызметі. Коммерциялық қызмет. Жоғары сатыдағы менеджерлер. Менеджер жұмысындағы функциялар мен базалық операциялар. Орта және төменгі сатыдағы менеджерлер, олардың мақсаттары мен міндеттері.



Қонақ үйде тамақтануды ұйымдастыру

Мейрамханалық қызмет көрсетудің жалпы жағдайы.

Шетелдік тамақтандыру мекемелерінің сипаттамасы. Мейрамхана түрлері: клубтар, кейтеринг, кафе-шоп, кафетерий, швед үстелі, банкет үстелі және т.б. Олардың көлемі, орналасуы, қызмет көрсету түрі, бағасы, мәзірі, басқаруы, тұтынушылары бойынша классификациясы. Мейрамхана бизнесінің негізгі түсінігі. Мейрамхана жұмыскерлерінің негізгі категорияларының функциясы. Мейрамхана сервисі. Тамақтану индустриясы. Тамақтану бөлімдерінің классификациясы. Тамақтану меекмелері. Тамақтану меекмелерінің өнімдері. Мәзір және оның түрлері мен функциялары. Қонақтарға қызмет көрсету, операция реттері: қарсы алу, амандасу, орналастыру, тапсырыстарды қабылдау және т.б. Тамақтану мекемелерінің менеджменті. Қызмет көрсету және басқарушылық қызметкерлерінің функциялары.

Қонақжайлылық индустриясында корпотивтік мәдениет Қызметшілерге қойылатын негізгі квалификациялық талаптар. Қонақ жайлық статистикасы: қонақ үйдің орташа бағасы, пайда коэффициеті,комплекстік қызмет ету. Қонақ үйдегі туристерге қызмет көрсету формасы мен жаңа түрлері.

Әдебиеттер
1. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері – А.: «Қазақ университеті», 2004

2. Ердәулетов С.Р. Туризм географиясы: туризмология негіздері пәні бойынша оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2011

3. Сұрағанова С.Қ. Туризмдегі туристік қызметтің негіздері. - Астана: Елорда, 2007

4. Ердәулетов С. Р. Туризм географиясы: туризмология негіздері пәні бойынша оқу құралы. – Алматы : Қазақ университеті, 2011

5. Сұрағанов С. Қ. Туризмдегі туристік қызметтің негіздері. – Астана: Елорда, 2007.

6. Қожахмет М. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы. Оқу құралы. Қарағанды : ҚарМУ баспасы, 2006. – 480 б.

7. Косолапов, А.Б. Практикум по организации и менеджменту туризма и гостиничного хозяйства М.:Кнорус,2007.-199 с.

8. Ляпина, И. Ю. Материально-техническая база и оформление гостиниц и туркомплексов М.Академия,2008.-250 с

9. Сенин, В. С. Гостиничный бизнес: классификация гостиниц и других средств размещение М.:Финансы и статистика,2008.-139 с

10. Сорокина, А. В. Организация обслуживания в гостиницах и туристских комплексах М.:АЛЬФА-М; ИНФРА-М,2007.-303 с.

11. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. М.: Финансы и статистика, 1999. - 312 с.

12. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра. – М., 1985.

13. Страны мира. Энциклопедический справочник. – Минск: Миринда. Родиола плюс, 1999. - 624 с.

14. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. Алматы: Атамура,2000- 336с.

15. Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма: Учеб. Псобие. Алма-Ата: КазГУ, 1991.

16. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. А: Наука, 1992.

17. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. – Алматы, 2002. – 94с.


А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырмалар (максималды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің болашақ ғылыми-зерттеулік әрекетінің бағытын қалай көре аласыз?


  1. Аты-жөні, тегі / Аты-жөні, тегінің кодтамасы

  2. Базалық білімі (мамандығы)

  3. Іс-әрекет бағыты бойынша ұсынылған тақырып

  4. Зерттеудің таңдалған тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Өңделген деңгейі

  7. Жұмыстың ұсынылған жаңалығы

  8. Теориялық және практикалық мәнділігі

Б Қосымшасы

(Питча құрылымы)
Тапсырма:

Таңдаған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:



  • Аты жөні (компанияның атауы мен логотипі);

  • Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

  • Оның шешілуіне қандай сұраныс бар;

  • Нарық/бәсекелес

  • Сіздің шешіміңіз: негізгі технология (қысқаша);

  • Сіздің шешіміңіз: бәсекелестер алдындағы оң жақтарыңыз;

  • Бизнес-модель: ақшаны қалай табасыз;

  • Маркетинг және сатылым: нарыққа қалай шығасыз;

  • Негізгі көрсеткіштер: гиптезалар, болжамдар, жетістік метрикасы;

  • Команда: неліктен сіздер ғана бұл бизнесты әске асырасыз;

  • Ағымдағы статус (не істелді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарланады)

  • Капитал бөлудегі қажеттіліктер (қанша және неге ақша керек ) / инвесторге ұсыныс (олар үшін қандай ұсыныс жасай аласыз)

  • Байланыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет