Өткізгіштің электр кедергісі,өткізгіштің меншікті кедергісі,реостат. практикалық жұмыс№15
Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? . Жауабы: 3 А
Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең? . Жауабы: 50 м
Ұзындығы 150 м, көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2 темір сым арқылы 250 мА ток өтетін болса, сымының ұштарындағы кернеу неге тең болады? .