Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет109/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бұған басқа қыздар мырс етіп, күліп жіберді. 

– Сен маған баға жетпес ғажап  дүние сыйладың-ау, Ербол,- деді Әуенов  екі 

көзі  жасаурап,  тебірене  үн  қатып.  –  Өзім  майданға  бармасам  да,  бұл  кітап 

менің бір перзентім болып, соғысқа қатысыпты. Сол перзентті сен аман-есен 

ертіп  әкеліп  қолыма  тапсырдың-ау  менің.  Соғыс  деген  өрт  болса,  өртке 

жанбай  шыққан  бұл  кітаптың  жаңа  бір  бағасын  және  таныттың  сен.  Рахмет, 

қарағым. Аудитория сілтідей тынып қалған еді. Профессор бойын тез жиып, 

кезекті лекциясын бастады. Әуенов лекциясының екінші сағатының соңында 

бағанадан  бері  толассыз  буырқанған  теңіз  үні  тоқтап,  аудитория  ішінде 

әлдебір әлсіз бұлақтың болымсыз сылдыры естілгендей болды. Естелігімнің 

заголовогы мен оның он пұшпағындағы арнауды дауысым дірілдеп, сүрініп-

қабынып,  әрең  айтып  шықтым  да,  тамағымды  кенеп,  сәл  тыныс  алғаннан 

кейін тексті оқуға кірістім. 

«1942  жылдың  ортасында  Алатау  бауырынан  эшелон-эшелон  әскер 

майданға  шеру  тартты.  Бұл  Алматыда  құрастырылған  атқыштар  бригадасы 

еді.  Жарты  жылдай  астана  айналасына  лагерь-лагерь  болып,  әскери  өнерге 

жаттыққан  жауынгер  бөлім  тұтас  көтеріліп,  «Отанға  тиген  жау  қайдасың?» 

деп,  батысқа  қарай  бет  түзеген  болатын.  Соңғы  эшелондардың  бірінде 

артиллеристер дивизионы кетіп бара жатты. 

Соғыс  кезінің  паровозы  жаңғырығы  жер  жарып,  қатты  жүйткиді,  жолда 

кездескен  станциялардың,  разъездердің  тұсында  ащы  бір  айғайлайды  да, 

гүрс-гүрс етіп, тарта береді. 

Су  алу,  көмір  тиеу  қажет  болмаса,  басқа  жерге  көп  тоқтамайды.  Толассыз 

жүйткіп, зарлап ағады. 

Казал  вагондардың  екі  жақ  есіктерін  бірдей,  шалқайта  кең  ашып  тастап, 

көлденең-керме  тақтайға  асыла  иін  тіресіп,  майданға  кетіп  бара  жатқан 



114 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет