Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет65/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

көрсетіп,  қаланың  өзге  тұстарын  бір  қабат  жатаған  ағаш  үйлер  кернейтін. 

Әсіресе,  Ұйғыр  көшесі  сияқты  сырт  аймақтарда  ұзын-ұзын  барақ  жеке-жеке 

жай ағаш үйлер тіпті көп болатын. Солардың ара-арасымен өтіп келе жатқан 

маған жатаған сол бір жаман үйлер алтын сарайдан кем көрінбей, сол сәтте 

өзімнің ғажайып бір бөтен патшалықтың ішін аралап, кезіп жүргендей жайым 

барын  бұлдыр  сезінемін.  Аяқ  астымдағы  ақ  қардың  шетін  кейде  әлдебір 

қызыл нұр бүркеп, қымтап жауып қалған жай елестейді. «Ә, бұл Меңтайдың 

аппақ  қардай  денесін  бүркеп  жасырып  жатқан  жаңағы  қызыл  көрпе  елесі 

болар» деп ойлаймын да, өз-өзімнен тамсана жымиямын. Ендігі ойым алпыс 

екінші  бөлмеге  ауысып,  жанағы  картина  тұтастай  көз  алдыма  оралады. 

«Әттен,  шіркін-ай,  Меңтайдың  ақ  денесін  қаусыра  құшып  жатқан  жаңағы 

қызыл көрпе қандай ғажап! - деп ойлаймын ішімнен. – Мен сол қызыл көрпе 

болар ма едім. Әй, ол менің қолыма тимейтін кесек бақыт қой. Одан да сол 

көрпенің  астары  болсам  да  жарар  еді-ау.  Жоқ  ол  да  менің  маңдайыма 

сыймас, ең жоқ дегенде сол көрпе астарының бір сабақ жібі болсам да жетер 

еді...» 

Осындай  қиялмен  келе  жатқан  менің  ойыма  әлдеқайдан  келіп:  «Ақ  етіңе 

қызыл көрпе басылып» деген сөздер орала кетті. Алғашында оған онша мән 

бермедім де, орамы жеңілдеу сияқты көрінген бұл сөздерді іштей ыңылдап, 

тағы бір қайталап айтып шықтым. 

Сонда ғана оның ойнақы өлең жолына ұқсас  бірдеңе екенін білдім. Көшеде 

арлы-берлі осылай ыңылдаумен жүріп, өзімнің шорқақ тіл, олақ ұйқасыммен 

Меңтайға арнап алғаш рет өлең шығарғанымды аңғардым. Әр жерге тоқтай 

қалып,  түрегеп  тұрып  қойын  дәптеріме  тізген  үзік-үзік  жолдардан  «Қызыл 

көрпе» деген атпен мынадай төрт-бес ауыз өлең құрастырыппын. 

Тәтті ұйқының құшағына беріліп, 



70 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет