Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет11/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

алдындағы  өзімнің  осы  ұялшақтығымның  қандай  күйде  екенін  білмейтін 

едім.  Оны  енді  сезе  бастадым.  Жаңа,  қыздар  толы  аудиторияға  кіріп 

келгенде,  бірінші  рет  ұқтым.  Сол  бұрынғы,  бала  күнгі  қалпымда  екенімді 

білдім.  Бірақ,  бала  күнімде  менің  қыздардың  сыртынан  сұқтана  қарауға  да 

батылым  бармайтын  еді.  Төрт  жыл  соғыста  болып,  жаман,  жақсыны  көп 

көргендіктен бе, кім білсін, енді қыздардың желкесіне қызыға қарауға жарап 

қалған  сияқтымын.  Ішімнен  бұл  күйіме  де  шүкіршілік  еткендеймін.  «Тіпті 

қыздардың  бетіне  де,  сыртына  да  қарамасам  қарамай-ақ  қояйын,  –  деп 

ойладым көзімді төмен салып тұрып. 

Жұртпен  бірге  жауды  жеңіп,  аман-есен  елге  келіп,  осы  қыздардың  қасында 

тұрғанымның өзі қаншама бақыт!» 

Оқытушының:  «Отырыңдар!»  дегенге  ұқсас  үні  естілді.  Шырқап  биікке 

көтерілген  көп  көгершін,  құйыла  төмендеп  келіп,  жаңағы  ұшқан  жеріне  дүр 

етіп қайтадан қонды. 

Көгершін  тобына  тақау  келіп  колбаң  етіп  қонған  жалғыз  қарға  тәрізденіп, 

қыздардан кейін орныма жалп етіп мен жайғастым. 

Содан  соң  жайлап,  алдағы  қыздардың  бастарының  ара-арасымен, 

оқытушыға  көз  жібердім.  Бірінші  көрген  оқытушым  болған  соң  ба,  әлде 

жүзінде  есте  қалар  ерекше  белгілері  бар  ма,  білмеймін,  көмірдей  қара, 

қозыдай бұйра шашы мен бірден бүркіттің тұмсығын көзге елестететін үлкен 

имек мұрны бар, қоңырқай өнді келген отыз үш-отыз төрттер шамасындағы 

сабырлы  кісі  өмір  бойы  ойымда  сақталып  қалды.  Оқытушының 

қоңырқайлығынан басқа бетінде қазаққа ұқсайтын еш белгі жоқ сияқты еді. 

Сондықтан  мен  оны  соғыстың  соңғы  жылында  бастығым  болған  аз  ұлттан 

шыққан  командиріме  ұқсаттым  да,  бұл  кісі  қай  сабақтан  лекция  оқыр  екен 




13 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет